Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата06.03.2017
өлшемі6,13 Mb.
#8098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Құрметті отандастар!
Бүгінде  біздің  азаматтарымыз  үшін  барлық 
есіктер,  барлық  мүмкіндіктер,  барлық  жолдар 
ашық.
Біз  көппіз  және  біз  бәріміз  –  бір  елміз,  бір 
халықпыз.  Сондықтан  бүкіл  саяси  күштер, 
бү кіл  қазақстандықтар  басты  мақсаттарға 
жету  жолында  топтасуы  тиіс.  Ол  –  бірлік  пен 
тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатының артуы, 
дені сау және білімді ұлт.
Өз  еліңе  пайдалы  болу,  өз  Отаныңның 
тағдыры  үшін  жауапты  болу  –  әрбір  отандық 
саясаткердің,  әрбір  қазақстандықтың  борышы 
мен ар-ожданы.
Алдымызда Қазақстан халқының бірлігі күні 
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

12
жақындап  келеді.  Мен  баршаңызды  осынау 
біздің ортақ мерекемізбен құттықтаймын!
 
Құрметті қауым!
Қазір  біздің  бірлігі  жарасқан  еңселі  ел,  за-
йырлы мемлекет екендігіміз баршаға аян.
Татулық пен тұрақтылықты қалыптастыруға 
Ассамблея айрықша үлес қосты.
Бірліктің  берекелі  бесігіне  айналған  бұл 
құрылымның  алдағы  уақытта  да  көп  жұмыс 
атқаратынына сенемін.
Ұлтты ұйыстырып, ұлысты ұғыстыра білген 
еліміз өркендей түссін!
Түрлі  халықтың  тағдырын  тоғыстырып, 
тұтас тығын сақтаған Қазақстан жасай берсін!
Тұғырымыз  –  тыныштық,  тірегіміз  –  тұрақ-
тылық, тілегіміз – татулық болсын!
Баршаңызға табыс тілеймін!
Мемлекет  басшысының  қазақстандықтарды 
тұрақтылық  пен  бірлікке  үндеген  баяндама-
сы  ерекше  ықыласпен  және  зор  қошеметпен 
тыңдалғаннан  кейін,  сессия  делегаттары 
ретіне  қарай  сөз  алып,  еліміздегі  этносаралық, 
конфессияаралық 
ынтымақтың 
барынша 
жарасым  тауып  отырғандығын  атап  өтті. 
Алғашқылардың бірі болып мінберге көтерілген 
Астана  қаласындағы  болгар  этномәдени 
бірлестігінің  жетекшісі  Ольга  Андриевская 
Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық 
татулықты нығайтудағы рөліне тоқталды.
«Қазақ жері – біздің барлығымыз үшін туған 
жеріміз.  Осында  менің  ата-бабаларымның  төрт 
ұрпағы тұрып келеді. Қазақстан біз үшін – ата-
мекен,  –  деп  бастады  сөзін  ол.  –  Сондықтан 
да  болгарлар  Ассамблеяның  негізі  қаланған 
алғашқы  күннен  бастап  оның  жұмысына 
белсенді қатысуда. Бейбітшілік пен келісім ин-
ституты біздің көз алдымызда дамыды. Ассам-
блея  аса  зор  эволюциялық  жолдан  өтті.  Осы 
жылдар  ішінде  оның  қағидаттары  ешқашан 
өзгерген емес. Бұл Қазақстан халқының бірлігін 
нығайтуға іргетас болып қаланды. Біз «бір ел – бір 
тағдыр» қағидаты бойынша өмір сүріп келеміз. 
Болашақты болжау мүмкін емес, оны құру қажет, 
– деп айтады. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, Ассам-
блеяны  құра  отырып,  Қазақстанның  болашақ 
моделін қалыптастырдыңыз».
Сөзін  осылайша  ерекше  толғаныспен 
бастаған  ол  өзінің  тарихи  отаны  –  Балкандағы 
жағдайларға  тоқталды.  Оның  айтуынша,  Бал-
канда  социализм  құлатылған  20  жылдан  бергі 
уақытта бұл өңір соңы беймәлім этностық жан-
жалдардан  көз  ашпай  келеді.  Гүлденген  өлке 
бүгінде  гуманитарлық  апат  аймағына  айналды. 
Ал  Қазақстан  тәуелсіздік  алған  20  жыл  ішінде 
ең серпінді дамыған мемлекеттердің қатарынан 
орын алды. Қазақстан ХХІ ғасырға этносаралық, 
достық пен келісім қатынастары мығым бекіген 
ел  ретінде  қадам  басты.  Бүгінде  бұл  қоғамдық 
институт  стратегиялық  міндеттерді  шешуге 
қатысатын лайықты институт ретінде танылды.
«Қазіргі  кезде  Ассамблея  қазақстандық 
этностардың  ынтымағын  жарастырушы  көпір 
болып табылады, – деп жалғастырды сөзін Оль-
га  Андриевская.  –  Ассамблея  жастар  арасында 
толеранттылық  қағидаттарын  орнықтырушы 
күшке айналды. Ассамблея активінде «Самұрық-
Қазына»  қорымен,  Қазақстан  Даму  банкімен, 
Альянс  банкпен,  басқа  да  қаржы  институтта-
рымен бірлесіп жүзеге асыратын 200-ден астам 
әлеуметтік  жоба  бар.  Нұрсұлтан  Әбішұлы, 
мен  есептеп  көрдім,  Ассамблеяның  соңғы  үш 
сессиясында  Сіз  63  тапсырма  берген  екенсіз. 
Бұл  тапсырмалардың  барлығы  –  этносаралық 
келісімге  қатысты  мәселелер.  Ассамблеяның 
астаналық мүшесі ретінде Сізге осындай қысқа 
мерзім  ішінде  озық  үлгідегі  Астана  салып 
бергеніңіз  үшін  зор  рақмет  айтпақпын.  Бұл 
–  астаналықтарға  ғана  емес,  бүкіл  Қазақстан 
жұртшылығына рухани дем берді. Біздер Аста-
на қаласының түркі әлемінің мәдени орталығы 
болғанын мақтан тұтамыз. Сол себепті де түркі 
әлемі Қазақ жерін ата жұртымыз деп атайды».
Қарағанды  облыстық  еврей  этномәдени 
орталығының  төрағасы  Вилен  Молотов-Лу-
чанский сөзіне негізінен әлемдегі этносаралық 
жанжалдардың  қарапайым  халыққа  тигізген 
зардаптарын  арқау  етті.  «Егер  рұқсат  етсеңіз, 
өз  отбасымның  тағдыры  туралы  қысқаша  ай-
тып  өтейін,  –  деді  ол  осы  жайында.  –  Менің 
атам 1938 жылы атылыпты. Ал әжем 1938-1946 
жылдар аралығында Долинка түрмесінде болды. 
Түрмеден  босағаннан  кейін  оны  Балқашқа  жер 
аударған. Әжем содан 1956 жылы ғана ақталған 
екен. Оны және анамды сол жылдары тек қана 
қазақ халқы сақтап қалғанын өте жақсы білемін. 
Ондаған  миллион  осындай  қиын  тағдырды 
Сіз  өз  жүрегіңіз  арқылы  өткіздіңіз.  Нұрсұлтан 
Әбішұлы, Сізге халық қайғысын зердеде сақтау 
тұрғысындағы ізгілікті істеріңіз үшін бүкіл әлем 
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

13
алғыс айтады. Бұл – болашақ атынан ескерткіш 
болып табылады».
Бұдан кейін Вилен Борисович өзінің Ассам-
блея  жанындағы  ғылыми  сараптама  тобының 
біріне  жетекшілік  ететінін  алға  тарта  келіп, 
әлемдегі  көптеген  елдердегі  проблемаларға 
тоқталды.  Шешеннің  атап  өтуінше,  соңғы 
жетпіс  жыл  ішінде  планетаның  әртүрлі 
нүктелерінде 150-ден астам ірі қарулы қақтығыс 
орын  алған.  Олардың  127-сі  –  ұлтаралық 
қақтығыстар.  Этнологтардың  мәліметтері  бой-
ынша,  әлемде  5  мың  этностық  топтар  қатерлі 
жанжалдар  аймағында  тұрып  жатыр.  Ал  3 
мыңға тарта жасөспірім-әскер жыл сайын соғыс 
қимылдарына  қатысады.  Күн  сайын  әлемде  1 
миллиардқа жуық адам аштықтың зардабын тар-
туда.
«Сіздің  дана  саясатыңыздың  арқасында 
біздің елімізде өтпелі кезеңнің қиын жылдарын-
да мұндай жағдайларға жол берілмеді, – деді әрі 
қарай ол. – Қазақстан ХХІ ғасырда бітімгершіл 
мемлекетке  айналды.  Тек  2011  жылдың  өзінде 
Ассамблеяның  жұмыстарымен  танысуға  16 
мемлекеттің  өкілдері  келгені  бұған  нақты  мы-
сал  болып  табылады.  Сіздің  тапсырмаңыз 
бойын ша  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігі 
жанынан  этносаралық  және  конфессияаралық 
қатынастарды  талдау  жөніндегі  орталық 
құрылды.  Онда  Сіздің  саясатыңызды  тәжірибе 
жүзінде жүзеге асыратын адамдар оқиды».
Бұдан  кейін  шешен  «Қазақстан  Магнит-
касы»  атанған  Қарағанды  өңіріне  тоқталып, 
ондағы  этносаралық  ынтымақтастықтың  жара-
сым  тауып  жатқанын  атады.  Оның  айтуынша, 
2011  жылғы  22  қарашада  Теміртау  қаласында 
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы 
ашылған.  Қазірдің  өзінде  оған  5  мыңға  жуық 
адам келіпті. «Мен оны өмір мұражайы деп атар 
едім,  –  деді  сөзінің  соңында.  –  Мұндағы  әрбір 
экспонат – халық тарихы, ұлт рухы».
Келесі  кезекте  сөз  алған  Халықаралық 
«Lade»  білім  беруді  дамыту  қауымдастығының 
президенті  (штаб-пәтері  Прагада,  Чехия)  Лара 
Шейко  алдымен  өзінің  бүгін  Еуропаның 
жүрегі  –  Прага  қаласынан  келгенін,  осы  биік 
мінберден сөз сөйлеу өзіне үлкен мәртебе екенін 
қуанышпен  хабарлай  келіп,  Астана  қаласының 
бүгінгі келбетіне тоқталды. Оның атап өтуінше, 
Қазақстанның  жаңа  елордасы  –  Астана  өзінің 
ерекше көрінісімен таң қалдырған. 
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл – Сіздің 
еңбегіңіз,  Сіздің  керемет  халқыңыздың  еңбегі, 
–  деді  ол.  –  Мен  Прагадан  бірер  сағат  бұрын 
ұшып  келдім.  Қазіргі  кезде  Чехия  астанасында 
мыңдаған адам қатысқан митинг болып жатыр. 
Бұл  –  жақсы  көрініс  емес.  Бүгінде  Еуропаның 
барлық 
елдері 
жаһандық 
дағдарыстың 
қиындығын көріп отыр. Тұрақсыздық жалғасуда, 
оның  ішінде  этносаралық  жанжалдар  да  бар. 
Бұған  Балкан  елдері  нақты  мысал  болады. 
Онда  ғасырлар  бойы  бір-бірімен  жақын  тұрып 
келе  жатқан  бес  халықтың  өзі  бейбітшілік  пен 
келісімді  сақтай  алмады.  Нәтижесінде  ондаған 
мың  адам  құрбан  болды.  Тек  соңғы  жылдың 
өзінде 350 мың адам босқындыққа ұшырады».
Осылай  деп  ой  қорытқан  Лара  Шейко  ха-
ным Қазақстанда 130-дан астам этностың өзара 
келісім мен достықта өмір сүріп жатқандығына 
ризашылық білдірді. Балканда ғана емес, Фран-
ция,  Ұлыбритания,  Ирландия,  Түркия,  Кипр, 
сондай-ақ Африка елдері мен Оңтүстік-Шығыс 
Азия елдері де ішкі этносаралық проблемалар-
ды  шешудің  жолын  таба  алмай  отырғандығын 
келтірді. «Қазақстанның 20 жылдық тәжірибесі 
бірегей,  –  деді  шешен  әрі  қарай.  –  Бүкіл 
әлем  Сіздің  мемлекетіңіздің  алға  ұмтылуын 
асқан  қызығушылықпен  бақылап  отыр.  Мен 
халықаралық  білімді  дамыту  қауымдастығын 
басқарамын.  Білім  толеранттылықпен  тікелей 
байланысты.  Жаңа  қазақстандық  білімге  озық 
үлгідегі инновациялық Назарбаев Университеті 
нақты  символ  болып  табылады.  Қазіргі  күннің 
өзінде  Қазақстанды  бүкіл  әлем  біледі,  оның 
ішінде  Еуропа  да  бар.  Жақын  болашақта 
Чехияның,  Францияның,  Германияның,  тағы 
басқа  мемлекеттердің  студенттері  осындай  та-
маша жоғары оқу орнында оқитынына сенемін».
Бұдан  кейін  шешен  өзі  басқаратын  қауым-
дастық  Қазақстан  халқы  Ассамблеясымен  бел-
сенді  әрі  жемісті  жұмыс  істеп  келе  жатқанын 
атады.  Бұған  мысал  ретінде  ол  жақында 
Ынтымақ тастық  туралы  меморандумға  қол 
қойылғанын, сондай-ақ Чехияның, Словакияның, 
Швейцарияның және Германияның университет-
терімен  ынтымақтастық  жөнінде  келісім  бар 
екенін атап өтті.
«Бүгін  осы  залда  менің  әріптестерім  – 
Чехияның  жетекші  жоғары  оқу  орындарының 
профессорлары  отыр,  –  деді  Лара  Шейко  сөзін 
қорытындылай келіп. – Біз Сіздің тәжірибеңізді 
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

14
Еуропаға жеткізуші жолсерік болу үшін келдік. 
Мен  осында  өз  үйімде  отырғандай  сезінемін. 
Мұндай сөзді өзге елдер де айтатын болады».
«Жуырда  Сіз  «Назарбаев  университетінде» 
сөйлеген  сөзіңізде  халық  көптен  күткен  ата-
лы  сөзді  айттыңыз.  1932  жылы  жарты  ұлтты 
жалмаған ашаршылық тақырыбын қозғадыңыз. 
Биыл  осы  ұлттық  қасіреттің  80  жылдығын 
лайықты  атап  өтуге  пәрмен  бердіңіз.  Соны 
естігенде иығымыздан бір ауыр жүк түскендей 
болды, – деп бастады сөзін жазушы, Т.Жүргенов 
атындағы  Қазақ  өнер  академиясының  про-
фессоры  Смағұл  Елубай.  Өткен  ғасырдың 
20-30-жылдары  большевиктер  ұйымдастырған 
ашаршылықта  жарты  халық  опат  болды.  Сіз: 
«Егер сол апат болмағанда Қазақстан халқының 
саны  бүгінде  45-50  миллион  болар  еді»,  – 
дедіңіз. Ел тарихының азалы да ащы шындығын 
айттыңыз. Сіздің тапсырмаңызбен сұраусыз кет-
кен сол миллиондарға арналып Астанада қаралы 
ескерткіш қойылғалы жатыр. Бұл ескерткіш Сіз 
бастаған бүгінгі ұрпақтың миллиондаған аруаққа 
тағзымы  болары  сөзсіз.  Сізді  және  елімізді 
әрқашан сол жоқтаусыз кеткен миллиондардың 
аруағы қолдағай!».
Смағұл Елубайдың атап өткеніндей, Елбасын 
Қазақстан халқының аздығы әрқашан алаңдатып 
келеді. Зұлмат жылдардың зобалаңынан үріккен 
миллиондаған 
қандастарымыздың 
ұрпағы 
бүгінде  жат  жұртта  жүр.  Жазушы  да  –  сон-
дай  үріккен  ауылдың  ұрпағы.  Балалық  шағы 
Түркіменстанда  өтті.  Ата-аналары  «Қазақстан 
қайда?»  –  деп  сұрайды  екен.  Сонда  олар  со-
нау  таң  алдында  қарауытқан  Памирді  нұсқап: 
«Қазақстан  соның  арғы  жағында»,  –  дейді. 
Сонда  олар  ешқашан  көрмеген  Қазақстанды 
жұмақтың  бағындай  елестетіп,  сағынғанда  көз 
жастарына ерік берген.
«Міне, оралмандардың отаншылдығы осын-
дай!  Олар  Атажұртқа  деген  сезімін  кірлет-
пей,  үнемі  көз  жасымен  жуып  жүреді.  Ше-
тел  қазағы  үшін  Атажұрт  –  арман.  Олар  қазір 
Қазақстанмен  мақтанады,  –  деді  шешен  әрі 
қарай.  –  Әлемді  мойындатқан  Елбасынан  – 
Сізден  әкелік  қамқорлық  күтеді.  Соңғы  кезде 
«Нұрлы  көш»  кейбір  заңнамалық  кедергілерге 
ұшырап, саябырсып қалды. Бұл саябырсу шетел 
қазақтарының оралуға деген ынтасын азайтып, 
қандас жастарымыздың сол елдердегі жергілікті 
халықпен ассимиляциялануын жеделдетпесе не 
қылсын! Ұлы көш жолында осындай кедергілер 
бар».
«Құрметті Президент мырза! – деді С.Елубай 
сөзін  аяқтай  келіп.  –  Бүгін  біз  Астана  төрінде 
отырмыз.  Сіздің  Ұлы  тарихи  жобаңыз  Астана 
–  қазақ  пассионарлығына  қойылған  ескерткіш 
болды!  Географиялық  тұрғыдан  түркі  әлемінің 
төрінде тұрған Астана рухани тұрғыдан да енді 
ол түркі әлемінің төріне айналғай! Астана соған 
лайық!  Сіздей  Елбасы  бар  Қазақстан  соған 
лайық!»
Келесі сөз Жамбыл облысы ІІД жол полиция-
сы батальонының инспекторы Татьяна Буюки-
диге берілді.
–  Грек  халқының  өкілдері  қазақ  жеріне 
тағдырдың  басқа  салған  зобалаңымен  40-жыл-
дары  қоныстанды,  –  деп  бастады  ол  өзінің 
сөзін. – Біздің ақсақалдарымыз сол қиын уақыт-
тарды  және  қазақтардың  өздеріне  жасаған 
жақсылықтарын  әлі  күнге  ұмытпай  айтып 
отырады.  Менің  атам  күн  күйдіріп  тұрған  шөл 
далаға  әке-шешесін  әлсіз,  жас  балаларымен 
бірге әкеліп қотарғанда, бір қазақ әйелінің басын 
қатерге тігіп, күзетшілерден жасырынып келіп, 
өздеріне  нан  әкеліп  бергенін    аузынан  таста-
майтын. Содан бері қазақстандық гректер үшін, 
соның ішінде біздің отбасымыз үшін қазақ наны 
жай  ғана  нан  емес,  бізді  ажалдан  алып  қалған 
қасиетті  нан  болып  есептеледі.    Міне,  осылай 
бір-біріне  қарасып,  көмектесіп  жүріп  біздің 
халқымыздың өзара достығы қалыптасты.
90-жылдардың  қиын-қыстау  уақытында 
көптеген  гректер  өздерінің  тарихи  отандарына 
оралды.  Соның  ішінде  біздің  туыстарымыз  да 
бар еді. Олар қазір экономикалық дағдарыстың 
кесірінен Қазақстанға жете алмай отыр. Бүгінгі 
күні  әлемдегі  ең  көне  мемлекеттердің  бірі  – 
Грекия  дефолттың  алдында  тұр.  Элладаны 
әлеуметтік  кикілжіңдер  басып  кеткен.  Болып 
жатқан  жаппай  тәртіпсіздіктердің  кесірінен 
елдің  дамуы  ондаған  жылдарға  артқа  ысырыл-
ды. Салық көлемі ұлғайтылып, зейнет демалы-
сына шығу жасы ұзартылды, түрлі төлемақылар 
мен  өтемақылар  берілмей  қалды.  Қазір  Афина 
көшелерінде тек ереуілге шыққан халықты ғана 
көруге  болады.  Біздің  отбасымыз  бір  кезде  Ре-
сейге қоныс аударған еді, бірақ біз онда 2 жыл 
ғана шыдай алдық. Содан барлық достарымыз, 
көзге ыстық ауламыз, мектебіміз қалған және ең 
бастысы – бейбітшілік пен келісім орнаған туған 
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

15
Қазақстанымызға  қайта  оралдық.  Мен  бала 
кезімде  «Жерұйық»  деген  сөздің  мағынасын 
білмейтін едім, енді сол жер Қазақстан екеніне 
көзім  жетті.  Бүгін  осынау  биік  мінберден  мен: 
«Мен Қазақстанда тұратыныма мақтанамын. Ол 
менің Отаным және мен үшін жерұйық осы», – 
деп бар дауысыммен айта аламын.
Одан  әрі  Татьяна  Буюкиди  өзінің  көптеген 
адамдарды ажалдан алып қалу жолында ерлікпен 
қаза  тапқан  Халық  Қаһарманы,  полиция  капи-
таны    Ғазиз  Байтасовпен  бірге  қызмет  еткенін 
мақтан тұтатынын жеткізді. «Оның ерлігі бізге 
«бейбітшілік»,  «келісім»  және  «тұрақтылық» 
деген  сөздердің  мағынасын  тереңірек  түсінуге 
ықпал  етті,  –  деді  ол.  Сөзінің  соңында 
Т.Буюкиди  Ассамблеяның  бүгінгі  сессиясына 
Ішкі істер министрлігі  «Сұңқар» бөлімшесінің 
жауынгері,  аса  қауіпті  лаңкесшіні  тұзақтау 
кезінде жарақат алған «Айбын» орденінің иегері 
Бағдат  Дүйсенов  қатысып  отырғанын  айтып, 
оны мінберге шақыруды өтінді.
Жас  офицер  Бағдат  Дүйсенов  өзінің  сөзін 
ата-бабамыздың  «Ер  жігіт  ел  үшін  туады»  де-
ген  даналығын  еске  алудан  бастады.  «Бабала-
рымыз батырлығымен, рухының асқақтығымен 
бізге  осынау  қазыналы  кең  дала,  байтақ  жерді 
қалдырды.  Біздің  міндетіміз  –  сол  жерді, 
еліміздегі  тыныштықты,  тұрақтылықты  қорғау. 
Біз  қажет  болса  Отан  үшін  отқа  түсуге  дайын-
быз», – деп жалғастырды ол өзінің сөзін. Одан 
әрі  экстремизм  мен  терроризмнің  бүгінгі  күні 
ғаламдық  проблема  болып  отырғанын  айтты. 
Қазір әлемде жыл сайын 600 лаңкестік акт жаса-
лып, соның кесірінен 50 мыңдай адам қаза таба-
ды. Былтыр экстремистер біздің де беріктігіміз 
бен бірлігімізді сынады. Бірақ олар залалсыздан-
дырылып,  қылмыскерлер  заң  алдында  жауапқа 
тартылды. Мен де сондай арнаулы операцияның 
біріне  қатыстым.  Біздің  арамыздағы  бірде-бір 
жігіт  қауіптен  бұғып  қалмады.  Алдымызға 
қойылған әскери міндет абыроймен орындалды. 
Ал госпитальда жатқанымда барлық дәрігерлер, 
медбикелер, өзімнің ішкі істер органдарындағы 
әріптестерім құрақ ұшып, қолдан келген барлық 
көмектерін  жасауға  тырысты.  Алматының 
қан  құю  орталығында  бізге  қан  беру  үшін 
адамдар  кезекке  тұрды.  Осының  бәрі  біздің 
халқымыздың  бейбітшілікті  сақтау  жолында 
қан төккендерді төбесіне көтеріп қолдайтынын 
көрсетті.  Олардың  тілектері  мен  көмектерінің 
арқасында  мен  бүгін  қайтадан  сапқа  тұрдым. 
Одан  әрі  офицер  Президентке  бұрылып:  «Мен 
әскери  адам  болғандықтан,  тоқетерін  айта-
мын:  біздегі  қауіпсіздік  пен  азаматтардың 
тыныштығы  берік  қолда  екеніне  Сізді  сендіре 
аламын, – деді. Біз туған еліміздегі тұрақтылық 
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

16
пен келісімді сақтау жолында берген Сіздің кез 
келген  бұйрығыңызды  орындауға  әрқашан  да 
әзірміз», – деп сөзін аяқтады.
Сөз кезегі өзіне тигенде Семей қаласындағы 
орыс  әлеуметтік-мәдени  орталығының  төраға -
сы,  Семей  Мемлекеттік  педагогика  институ-
тының  ғылыми  жұмыстар  және  халық ара-
лық  байланыстар  жөніндегі  проректоры, 
биология  ғылымдарының  докторы,  профес-
сор  Михаил  Панин  Нұрсұлтан  Назарбаевты 
шығысқазақстандықтар  атынан  Президент  сай-
лауында өзінің және Мәжіліс сайлауында «Нұр 
Отан» ХДП жеңіп шығуымен құттықтады: «Сіздің 
жеңісіңіз – Қазақстандағы тұрақтылықтың жеңі-
сі,  яғни  барлық  қазақстандықтардың  жеңісі. 
Мерзімінен бұрын сайлау науқанын өткізу идея-
сына Шығыс Қазақстан облысы және біздің Ас-
самблея бастамашы болды. Мен өзімнің осы іске 
белсене  қатысқанымды  мақтаныш  етемін»,  – 
деді ол. Одан әрі Михаил Семенович биологтар-
да «эндемикалық түр» деген термин болатынын 
айтты. Бұл – тірі ағзалардың тек белгілі аумақта 
ғана өмір сүре алатындығын білдіретін түсінік. 
Мен де рухым жағынан осындай түрге жатамын. 
Әрбір  қазақта  жеті  ата  болатыны  сияқты,  мен 
де  Қазақстанда  туған  жеті  атамды  санап  бере 
аламын.  Өзім  Семей  облысындағы  Камышино 
селосында  тудым.  Әкем  Ұлы  Отан  соғысында 
қаза тапты, ешқандай сауаты жоқ шешеміз алты 
баланы қазақтың құнарлы топырағында жалғыз 
өзі  жеткізді.  Сондықтан  да  мен  қазақ  халқы 
мен  оның  жеріне  мәңгілік  қарыздармын  және, 
Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Өзіңізбен және қазақ 
халқымен  мәңгі  біргемін.  Осы  жерден  қоныс 
аударуға шақырған барлық ұсыныстарға: Менің 
ата-бабам үшін де, ұрпағым үшін де Қазақстан 
жалғыз Отан болған және бола береді», – деп жа-
уап беремін. Басқа Отан менде жоқ», – деді. 
Одан  әрі  М.Панин  өзінің  сөзін  кезінде 
Қазақстанды  тастап,  Ресейге,  Германияға,  Из-
раильге, Грекияға, Чехияға кеткендер арасынан 
300-ден артық адамның қайта оралғанын айту-
мен жалғастырды. «Бұлар – мен білетін адамдар 
ғана.  Ал  жалпы  Қазақстан  бойынша  ондайлар 
мыңдап  саналады.  Олар    әртүрлі  себептермен 
кеткен еді, қайтып келген себебі – Қазақстандағы 
ежелгі адамгершілікті, тұрақтылықты, жаныңды 
елжіретер  жылы  көңілді,  төзімділікті  аңсаған-
дықтан екені даусыз», – деді ол.
Шешен  өзінің  сөзін  биыл  Сеулде  болған 
«Ядросыз  әлем  үшін  күрес»  атты  жаһандық 
саммиттің жұмысын еске алумен жалғастырды. 
Сол  жерде  Сізді  АҚШ  пен  Ресей  сияқты  екі 
ядролы  супердержава  басшыларының  орта-
сында  көргенде,  кеудемді  мақтаныш  кернеді. 
Сіз  ядролық  қарудан  өз  еркімен  бас  тартқан 
Көшбасшы  ретінде  атомдық  энергия  мен 
ядролық  технологияға  қатысты  шын  мәнінде 
әлемді  өзгертуге  бағытталған  жаңа  моральды 
стандарт тудырдыңыз. Осы қадамыңыз арқылы 
әлемге  Өзіңіздің  және  Қазақстанның  беделін 
мойындаттыңыз.  Бүгінгі  күні  Қазақстан  кез 
келген  елдің  ядролық  технологияларды  бейбіт 
мақсатқа  қолдану  құқын  қорғай  алады  және 
«бейбіт  атомды»  жауапкершілікпен  қолдану 
қағидаттарын  әзірлеуші  елдердің  лидеріне  ай-
налып  келеді.  Егер  Сіз  20  жыл  бұрын  көреген 
Мемлекет  басшысына  лайықты  шешімге  ба-
рып, ядролық арсеналдан бас тартпағаныңызда, 
бүгін біз бейбіт Қазақстанда емес, әскери-саяси 
тұрақсыздық  қазанында  өмір  сүріп  жатар  ма 
едік, кім білсін! Осыдан 20 жыл бұрын Сіз Се-
мей ядролық полигонының үнін өшіріп, ондағы 
тірлікті әскерилерден алып, ғалымдардың зертха-
насына ауыстырдыңыз. Қазір онда осы заманғы 
экологиялық  таза  технологияларды  қолдану 
арқылы жерді рекультивациялау бойынша аса ірі 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  бағдарламасы 
іске  асып  жатыр.  Бұл  жұмыстар  шаруашылық 
жағынан ғана тиімді емес, сонымен бірге өзіміздің 
жан дүниемізді де ядролық құбыжықтан тазартып, 
кезінде тартып алынған қазақтың «Жер-Ана» деп 
қастерлейтін  бағасыз  байлығы  –  туған  даласы-
на  қайтадан  өмір  беруге  талпындыруда.  Ассам-
блея жалпыұлттық міндетіміз болып отырған бұл 
жұмыстарды қолдауға тиіс.
Бүгінгі  күні  Ассамблея    –  елдегі  барлық 
азаматтық күштерді нақты істерге бастай алатын 
қуатты құрылымға айналып отыр. Біз қазір аса 
тиімді әдістермен тәуелсіз, азат және гүлденген 
мемлекет  құрудамыз.  Біздің  халқымыз  Сіздің 
басқаруыңызбен  жаңа  жетістіктерге  жете 
беретініне сенімдіміз. Қазақстан бүгінде әлемдік 
дамуға  белсенді  ықпал  ете  алатын  мүмкіндігі 
бар ел екенін дәлелдеді.
Сөзінің  соңында  Михаил  Панин  біздің 
Көшбасшымыз  посткеңестік  кеңістікте  тал-
майтын  интегратор,  әлемдік  масштабта  ба-
тыл  инициатор,  өзіміздің  Отанымызда  ұлы 
ұйымдастырушы, жаңашыл және халықтың са-
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

17
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
насына жаңа құндылықтарды егуші екенін атап 
көрсетті.  «Осындай  ерен  істер  арқылы  оның 
есімі  Қазақстанның  ғана  емес,  бүкіл  әлемнің 
тарихында  жас  мемлекеттің  қайталанбас  Тұң-
ғыш  Президенті  ретінде  мәңгі  қалары  сөзсіз», 
–  дей  келіп  ол  Нұрсұлтан  Әбішұлына  барша 
шығысқазақстандықтардың  атынан  зор  ден-
саулық және сарқылмас шығармашылық шабыт 
тіледі.
Осыдан  кейін  Елбасы,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаев сессия-
ны өзі жүргізіп, тағы кімнің сөйлегісі келетінін 
сұрады.  Мінберге  «Қазақстанның  орыс,  ка-
зак  және  славян  ұйымдары  ассоциациясы»  ҚБ 
үйлестіру  кеңесінің  төрағасы  Юрий  Захаров 
шықты.  Ол  Президентке  казактарға  берілген 
1903  жылы  салынған  тарихи  ғимарат  үшін 
алғысын айтты және оның 5-6 мамырда болатын 
ашылу  салтанатына  қатысуға  шақырды.  Соны-
мен  бірге  барлық  казактардың  ризашылығын 
жеткізді.  Сөзінің  соңында  Президентке  зор 
денсаулық тіледі.
Одан кейін мінберге «Желтоқсан-86» қоғам  дық 
бірлестігінің төрайымы Гүлбаһрам Жүніс шықты. 
Ол  Президентке  Желтоқсан  көтерілісшілеріне 
қатысушылар  атынан  қолдау  білдіргені  үшін 
алғысын  айтты.  Тәуелсіздіктің  20  жылында 
жоғалып  бара  жатқан  тілімізге  қайтадан  жан 
беріп,  рухымызды  көтергеніңіз  –  үлкен  жеңіс, 
–  деді  ол.  Одан  әрі  Г.  Жүніс  үкіметтік  емес 
ұйымдардағы қазақ қоғамдастықтарының да Ал-
матыда  бір  жиыны  өтіп  тұрғанын  қалайтынын 
жеткізді.  Оған  Президент  Мем лекет тік  хатшы 
М. Құл-Мұхаммедке тапсырма берілетінін айтты.
Осыдан  кейін  Төраға  қабылданған  шешім 
бойынша этно-мәдени бірлестік басшылары мен 
өкілдері  арасынан  өзінің  жаңа  орынбасарлары 
тағайындалатынын  хабарлады.  Осы  уақытқа 
дейін  бұл  міндеттерді  атқарып  келген  Ахмет-
жан Шардинов пен Юрий Тимощенкоға жемісті 
еңбектері үшін алғыс білдірілді. – Ассамблеяның 
кеңесі  олардың  орнына  түрік  этномәдени 
орталығының  басшысы  З.  Касанов  пен  армян 
этномәдени  бірлестіктері  ассоциациясының 
басшысы А. Карапетянды ұсынған екен. Ешкім 
олардың  кандидатурасына  қарсы  болмағаннан 
кейін Елбасы олардың өзінің орынбасарлары бо-
лып тағайындалатынын айтты.
Келесі  мәселе  Қазақстанның  тәуелсіздігі 
мен  бірлігін  нығайту  жолында  белсенді  еңбек 
етіп  жүрген  Ассамблея  мүшелеріне  қоғамдық 
«Бірлік»  алтын  медалін»  тапсыруға  арналды. 
Төрағаның бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов 
тізімді оқып тұрды да, марапатты Елбасының өзі 
тапсырды.  Марапатталғандар  арасында  Елубай 
Смағұл, Йолдаш Азаматов, Азиз Алиев, Любовь 
Ни және т.б болды.
Ассамблеяның  ХІХ    сессиясы  жұмысының  
қорытындысында  қатысушылардың  ел  аза-
маттарына  арналған  үндеуі  қабылданды. 
Онда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  еліміздің 
әрбір 
азаматының 
мүддесін 
көздейтін 
Президенттің  биылғы  Жолдауының  негізгі 
бағыт тарын  қолдайтыны,  ішкі  тұрақтылық 
пен  орнықтылықтың  мәні  әлемдік  дағдарыс 
жағдайында  ерекше  арта  түсетіні  атап 
көрсетілген.  «Қазақстан  тәжірибесі  барлық 
сынақтарды тек халықтың бірлігі арқылы жеңуге 
болатынын көрсетіп отыр. Бұл уақыт таразысы-
мен дәлелденген», – делінген онда.
Сессия  жұмысы  аяқталған  соң  қатысу-
шыларға  арналған  үлкен  концерт  болды.  Онда 
этно-мәдени  бірлестік  өнерпаздарымен  қатар 
Ескендір  Хасанғалиев,  Эдита  Пьеха,  Ділназ 
Ахмадиева  және  т.б.  танымал  әншілер  өнер 
көрсетті.
Концерттің бастан аяқ бір деммен өтуі, жұрт-
шылықтың айрықша ыстық ықыласына бөленуі 
орындаушылардың да, репертуардың да талғаммен 
таңдалуынан  дер  едік.  Әртүрлі  ұлт  өкілдерінің 
домбырамен  Құрманғазының  «Сарыарқасын» 
төгілдіруі,  тау  халықтары  әуенімен  жазылған 
Қазақстан  туралы  әннің  орындалуы  кім-кімді  де 
қайран қалдырарлықтай болды.
«Егемен Қазақстанның» тілшілер тобы.
Суреттерді түсіргендер 
С.Бондаренко, Б.Отарбаев, О.Балмұрат

18
АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ 
БАТЫС ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет