Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет25/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
(Жалғасы бар)


98
СӨЗДІК
Әле-сәле 
(жергілікті сөз)
– ауық-ауық.
 
Құрт малтау 
құртты жеп қоймай, ауызға салып ұстау.
 
Сүрепет
– сұрқы, ұсқыны.
Әдебиет теориясы 
Ирония
(
грек. eironeia –келемеж, кекесін
) – адамға, зат пен құ-
былысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, 
келекеге айналдыратын құбылту (троп). 
Қазақ ауыз әдебиетінде ирония көп. Мәселен, Біржанмен сайыс-
қан кезде Сара Жиенқұлды «мақтайды». Бұл «мақтау» шын көңіл-
ден шыққан мақтау емес екені түсінікті. 
Абай Құнанбайұлының «Болыс болдым, мінеки», «Қайтсем жеңіл 
болады жұрт билемек», т.б. шығармаларында ирония ерекше. 
Постмодернизм
(ағылшын – postmodernism)
алғашқыда сәулет 
өнерінің аясында қолданылған. Бұл атаудың тура мағынасы «модерн-
нен кейінгі», яғни «осы заманнан кейінгі», «соңғы», «жаңа заман» 
дегенді білдіреді. Қазақ тіліндегі баламасы әзірше тұрақтанған жоқ. 
Постмодернизм әр салада да орын алады, өйткені жаңаша ойлар 
ұсыну әр саладағы өнер иелерінің шығармашылығында бар. Ол тың 
бетбұрыстар енгізу талабымен жасалады және оған қоғамның дамуы 
да әсер етеді. 
Сарказм
(
грек. sarkasmos – ащы мысқыл
) – күлкі етудің бір түрі. 
Иронияда зілсіз, көбіне іш тарта әжуалау болса, сарказмда ол ашық 
түрде шарықтау шегіне жетіп, қатты әшкерелеуге ауысады. 
Сарказм сатиралық шығармалардың бәріне дерлік тән. Жалпы, са-
тира тамыры ежелгі дәуірдегі әдебиеттен басталады. Өйткені қоғамда 
жағымсыз қылықтар кейде ирония, кейде сарказм түрінде әшкере-
леніп отырады. Мысалы, Қожанасыр туралы әңгімелерде ирония, ал 
Алдаркөсе туралы әңгімелерде сарказм ерекше көрінеді. 
Ақындар айтысында да сарказм қолданылады. Өйткені қарсылас-
ты жеңу шарт. Жазба әдебиетте Абай Құнанбайұлының сарказмдары 
да ерекше. 
Ирония да, сарказм да жеке жанрға жатпайды. 


99
1. «Пәтер іздеп жүр едік...» әңгімесіндегі заман мен замандас бейнесі 
туралы айтыңдар. 
1. Қазіргі заман шындығын көркем әдебиетте жазудың артықшылығы 
бар ма? 
2. Әңгіме желісімен «Кімбіз? Қайда бара жатырмыз? Кім кінәлі?» деген 
сияқты проблемалық сұрақтарға жауап іздеп көріңдер.
1. Кестені толтырыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет