Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Сұрақ:  «Кірпік ілмеу» деген сөз тіркесі нені білдіреді?



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Сұрақ:
 «Кірпік ілмеу» деген сөз тіркесі нені білдіреді? 
a) Кірпіктері түсіп қалу 
b) Ұйықтап қалу 
c) Ұйықтамау
3. Ал мына хатта Брежнев жолдасты мазаққа айналдырып, анекдоттар 
айтқаныңыз әңгіме болады, – деді жігіт Аяғанның долырып, нарттай 
болып қызарып кеткен жүзіне тесіле қарап.
Сұрақ:
 Долырып кету деген сөз нені білдіреді? 
a) Ашулану, долдану
b) Беттің қызаруы
c) Дөңгеленіп кету 
Оқушы күнделігі
«Өмірзая» деген сөз қандай жағдайда, қандай адамға қатысты 
айтылады? Алдияр Ақпанұлы мен Аяған Қуатұлының өмірлерін зая 
кеткен деп бағалауға бола ма? Бұл туралы өздеріңнің ойларыңды 
жазыңдар. 


86
Ойталқы
«Желтоқсан көтерілісі: азаттықты аңсаған үн» деген тақырыпта 
пікірлесіңдер. 
Ғаламтор
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне арналған «Желтоқсан желі» (сөзі 
Әбдірахман Асылбековтікі, әні Әбиірбек Тінәлиевтікі) және «Қара бауыр қас
-
қалдақ» (сөзі Есенғали Раушановтікі, әні Ілесбек Амановтікі) әндерін тауып, 
тыңдаңдар. 
Қосымша оқу үшін:
1. Ораз Нұрғали. «Жылқының көз жасы». Әңгімелер, хикаяттар мен эсселер жи
-
нағы // «Таудан ұшқан тазқара» әңгімесі. – Алматы, «Қайнар», 2012. 
2. Ыбырайымұлы Әділбек. «Ұяластар» романы. – Алматы, «Фолиант», 2005, 
289–333-беттер.
Әділбек Ыбырайымұлының 
«Ұяластар» кітабының мұқабасы
Нұрғали Ораздың 
«Жылқының көз жасы» атты кітабының
мұқабасы. Жазушының «Таудан ұшқан 
тазқара» әңгімесі осы жинаққа енген


87
Артық болмас білгенің
АШТЫҚТАН ҚҰТҚАРҒАН ҚҰМАРШЫҚ
Боз бидайығы мен қоңыр қияғына дейін ән салып тұратын, биік таудай ап
-
пақ шағылды ақ Нарынды жағалай қоныстанған халық ашаршылық жылдары 
құмаршық атты өсімдіктің арқасында аман қалыпты. 
Бұл туралы «Айқын» газетінің сайтынан
https://old2.aikyn.kz/2017/04/07/9436.html оқи аласыңдар. 
Құмаршық 
– алабота тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік.
Биіктігі – 20-100 см-дей. Сабағы түп жағынан бастап тармақталып өседі. Жапы
-
рағы қандауыр пішінді әрі тікенекті болады. Тамыз–қазан айларында гүлдеп, 
жеміс салады. Жемісі – 3,5-5,5 мм-дей түксіз үлпілдек қанатты дәнек. Тұқымы 
жұмыртқа тәрізді алқызыл түсті келеді.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан ай
-
мағының Мойынқұм алқабындағы еспе құмда өседі. Батыс Қазақстан облысы
-
ның Қаратөбе, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы ауданында да жиі кездеседі. 


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет