31
Әдебиет теориясы
Автор бейнесі
– әдеби шығармадағы
жазушының өз тұлғасының
көрінуі. Әр шығармада жанрға байланысты ол әртүрлі байқалады.
Мысалы, лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы басқа
жанрларға қарағанда басым әрі анық.
Өмір шындығын оқырман автор бейнесі арқылы таниды.
Деталь
– көркем шығармада белгілі бір мағыналық, идеялық-эмо-
циялық жүк көтеріп тұрған көркемдегіш құрал.
Идея, көркем идея
–
шығарманың өзегінен танылатын жинақтау-
шы образды ой. Шығарма идеясыз болмайды.
Суреттеліп отырған
өмір құбылысы туралы автордың айтқысы келген ойы, сол өмір құ-
былысына берген бағасы көркем идея болып танылады.
Әдеби шығармаларда шындықтың
екі түрі болады. Бірі – тарихи
шындық, ол шын өмірде болған оқиғалар мен тұлғалар туралы нақты
тарихи деректерге сүйеніп жасалады.
Сонымен бірге әдеби шығармаларда көркемдік шындық болады.
Көркемдік шындық
– жазушы өмірдегі нақты шындықты сурет-
тей отырып, образдарды сомдайды. Оқиғаларды баяндауда әдеби-көр-
кемдік әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,
шығармашылық қиялмен
өзге шығармалардағы кейіпкерлерді қайталамайтын, олардан ерек-
ше
оқиғаларды туғызады, дара кейіпкерлер жасайды. Солайша өмір
шындығы жазушы шығармасында көркем шындыққа айналады. Жа-
зушының өзіндік ойы шығарма мазмұны арқылы оқырманға өзгеше
көркем әлемді танытады. Шығармасындағы
көркем шындық арқы-
лы бүгінгі өмір мен болашаққа деген сенім ұялатады. Мысалы, Ілияс
Есенберлиннің «Қаһар» романында тарихи шындықтардан бөлек жа-
зушы оқырманға ұсынатын Кенесары ханның образы бар. Ал ханның
бейнесін көркемдеп жеткізуде жазушы әдебиеттегі барлық әдіс-тә сіл ді
қолданған, солайша романда ханның көркем бейнесі қалыптасты.
Сондай-ақ, екі жазушы бір тақырып төңірегінде көркем шығар-
ма жазатын болса, әрқайсысы жазып отырған дәуір мен тұлғаларға
қатысты әртүрлі суреттеп, оқырманның
санасына өзіндік дара ой-
лар қалыптастырады. Олардың шығармасындағы кейіпкерлер мен
суреттеп отырған шындық бірдей болмайды. Себебі екі жазушының
әрқайсысы өзіндік ойы мен қиял дүниесімен әртүрлі оқиғалар мен
кейіпкерлер туғызады. Өйткені көркемдік шындық гуманизмге, сұ-
32
лулыққа (эстетика) тәрбиелейді. Көркемдік
деген сөздің өзі әдемі
ойға құштарлықты танытады.
Достарыңызбен бөлісу: