ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы


Хромосомалар барлық жасушалардың ядроларында болады



бет2/15
Дата12.02.2023
өлшемі34,08 Mb.
#67335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Хромосомалар барлық жасушалардың ядроларында болады

  • Хромосома 2 түрлі болады: соматикалық (аутосома) және жыныстық (Х және Y) хромосомалар.
  • Аутосомалар
  • (грек, autos — өзім; soma — дене) — дара жынысты жануарлар мен өсімдіктер жасушалары ядроларындағы жыныс хромосомаларынан басқа жұп дене хромосомалары (жыныссыз хромосомалар).
  • Аутосомалар сериялық нөмірлермен белгіленеді. Сонымен, диплоид жиынтығындағы адамның 46 хромосомасы бар, олардың 44-і - аутосомалар (22 жұп, 1-ден 22-ге дейінгі сандармен белгіленеді) және бір жұп жыныстық хромосома (әйелдерде ХХ және ерлерде XY).
  • Жыныс хромосомалары (гетерохромосомалар)
  • Жыныстық хромосомалар - организмнің жыныстық ерекшеліктерін анықтайтын гендерден тұратын хромосомалар.
  • Әйелдердің жыныстық хромосомалары - ХХ, ал ерлердің жыныстық хромосомалары - XY. Әйел денесі жыныс хромосомалары (гамогаметикалық организм) бар гаметалар, ал еркектер денесі әртүрбірдей лі жыныс хромосомалары (X және Y) бар гаметалар түзеді.
  • Адамның дене жасушаларында 46 хромосома бар. Олар 23 жұп түзеді. Олардың 44 хромосомасы (22 жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді. Оларды аутосомдар деп атайды. Ал 23-жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды.

Сондықтан ұрықтану кезінде екі түрлі комбинация түзіледі.

  • Сондықтан ұрықтану кезінде екі түрлі комбинация түзіледі.
  • 1. X хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны X хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырған жағдайда зиготада жұп XX хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аналық даралар жетіледі.
  • 2. X хромосомасы бар жұмыртка жасушаны Ү хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырған кезде, зиготада X және Ү хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аталық даралар жетіледі. Сонымен сүтқоректілерде аналық жыныс — гомогаметалы да, аталық жыныс — гетерогаметалы болады.
  • Ү хромосомада аталық бездерді калыптастыратын гендер бар. Осының аркасында жыныс органдары мен белгілері жетіледі.
  • КАРИОТИП - диплоидты (2n) хромосомалар жиынтығы.
  • Кариоти́п — бір түрге жататын организімнің сомалық жасушаларына тән хромосомалардың нақты санымен, құрылысымен және генетикалық құрамымен сипатталатын диплоидты жиынтық.
  • 23 жұпты құрайтын жеке хромосомалар көлемдері мен центромераларының орналасуы бойынша ерекшеленеді. Хромосомалар олардың құрамындағы айырмашылықтарды анықтауға арналған арнайы бояулармен боялады.
  • (А) суретінде адам хромосомаларының метафазалық пластинкасы көрсетілген.
  • (Б) суретінде адамның хромосомаларының орналасуы көрсетілген (хромосомалардың мөлшерін, центромераның орналасуын ескере отырғанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет