Мажар мифтері Құдайқылышы Йорданес жылнамасының және бір Дебрецен аңызының ізімен Скиф патшаларының Құдайдан барлық халықты жеңу үшін алған бір ғажайып, керемет күшке ие қылышы бар еді. Осы қылыш жоғалып қалады, бірақ оның даңқы сақ жауынгерлерінің арасында қалып қояды. Қариялар: «Іздеңдер, табыңдар! Құдай қылышын кім тапса, сол әлемнің билеушісі болады!» - деп айтып жүреді. Қанша іздеп әуреге түскенмен, ешкім Құдай қылышын таба алмайды. Құдай қылышының даңқын Аттила да естиді, қалай естімесін. Анасы бірде түс көргенін, сол түс керемет бір ұл туатынынан аян беріпті.
~ 332 ~
Себебі түсінде алдынан бір ұл шығыпты, беліне жарқыраған қылыш байлаған. Қылыш жарқырап Күнге шағылысып тұрыпты, өйткені ол Құдайдан түскен және сол ұлдың еншісі. Анасының түсін естіген Аттила Құдай қылышын беліне өзі байлайтынын, барлық халықты бағындыратын Құдай қамшысы өзі болатынын түсінеді. Бала күнінен Аттила сол қылыш қашан түседі деп күтіп жүреді.Босқа күтпепті. Бір күні мынадай уақиға болады. Ғұн бақташысы бір өгізінің аяғы қатты ақсап жүргенін байқайды. Аяғына қараса қанды жара бар екен. Неден жаралануы мүмкін? Жан-жағына қарап еді, алдынан от тілді жарық көрінеді. Бір қылыш жерге қадалып, содан жарық төгіліп тұр екен. Барып қылышты жерден жұлып алып, Аттила патшаға қарай жөнеледі. – Мына ғажайып қылышты даладан тауып алдым, меніңша бұл саған тиесілі, – дейді. Аттила Құдай қылышын бірден тани кетеді. Оны ұстап тұрып,оны әлемнің төрт тарабына сермеп-сермеп: – Құдай қылышымен жер жүзіндегі барша халықты жа- залаймын, – депті. (Мажар халқының аңыздары мен ертегілері. Аударған: Р. Мұқышева).