Ғaғaуыз миф те рі
Депекөз
Депегёз (гагауз. «темя-көз») – гагауыздар мифологиясында
адамдарға қас демон образындағы біркөзді дәу. Тепекөздің
адамды үңгірге (өз мекеніне) әкеліп, оны жегісі келгендігі, алайда
адам оны қарумен көзінен жаралап, үстіне қойдың терісін
жамылып алып, үңгірден қашып шыққандығы туралы аңыз
кеңінен тараған. Тепекөз образы оғыздық эпос «Қорқыт ата
кітабында» кездесетін адам жейтін дәу Тепекөзге ұқсас. Күніне
екі оғызды жейтін Тепекөзді өзінің мекен еткен жерінде көзінен
айырып, кейін өлтірген батыр Висат. Дәуді көзінен айырып,
соқыр етуі – әлемдік мифологияда кең таралған мотив.
Долғaн миф те рі / бы лыр гы өс төр
Таймырда долғандар тұрады, өздерін «Тыа-кихи»,» саха»
деп атайды. Ежелгі уақытта тундрада тек тауықтар болған.
Ол кезде қыста қалың қар мен қатты суық болмады. Бірақ бір
жылда тундрада боран соғып, қар қалыңдайды, содан кейін
жаңбыр жауып, қарды мұз басты. Бірде-бір бұтақ көрінбейтін,
еш жерде пана боларлық тал байқалмайтын. Тауықтар ашығып,
орманға қарай ұшып кетті. Орманға да ұшып жетті – ешбір
жерде тал-бұтақ көрінбейді, тіпті қар астынан да ештеңе
қылтиып тұрмады, тек жалаңаш ағаштар ғана қарайып тұрды.
~ 327 ~
Қaзaқ миф те рі
Бәйтерек
Құс келіп ағаш басына қонғанда, үйдін жуандығындай ағаш
иіліп жерге тиді. Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры
жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш еді.
Бәйтерек бірде зәулім ағашты көзге елестетсе, екіншісінде
мықты, зор күшті, үшіншісінде, ғарыш пен жер арасындағы
тылсым байланысты бейнелейді. Сондай-ақ ол тіршілік иелеріне
тірек, сүйеніш, қорған, пана деген, ұғымды да білдіреді.
Аныз бойынша мифологиялық Бәйтерек o дүние мен бұ дүние
арасын жалғаушы жол ретінде саналады. Алып теректің ерекше
қасиеті сол оны айнала ән салып, тілеген адамдардың тілегі
қабыл болып жақсылыққа өзгереді екен, ал бұрынғы уайым-
қайғы ұмыт болып, қалаған кезінде, тіпті, о дүниемен хабарласа
алатын қабілет даритын болған. Түркі жұрты жарқын, жақсы
рухтардың көсемі Ергенеге бас иген. Күн мен Ай Ергенеге бағы-
на ды деп түсінген халық алғыс ретінде Ергененің сүйікті ағашы
– шыршаны үйге кіргізіп, оның бұтақтарына қызылды-жасылды
жіптер мен шүберектер байлаған, түбіне сыйлықтар қойған.
Шырша тойы қыстың ең бір қаһарлы кезінде – 25 желтоқсанда
тойланған. Тарбағатайдың басындағы таңбалы тастарда
шырша бейнесі жиі кездеседі, оларды айнала адамдардың
ойылған суреті салынған. Көне түріктер шыршаны «Ергененің
киелі ағашы» деп атаған. Шырша садақтың жебесіндей көкке
шаншылып, Аспанға, Тәңірге жол нұсқап тұрған.
~ 328 ~
Достарыңызбен бөлісу: |