Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.
Асқынулары:науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, терінің мейірбике қолымен жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.
Дайындаңыз:таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз.
Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.
Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.
Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.
Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.
Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).
Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.
Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.