Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»


ЭКГ QRS аралығының тыным күйіндегі және жаттығудан кейінгі



Pdf көрінісі
бет36/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Байланысты:
Р.Куракова (1)

2. ЭКГ QRS аралығының тыным күйіндегі және жаттығудан кейінгі 
ұзақтығын салыстырыңыз. 
Жаттығуды орындаудан кейінгі ЭКГ аралықтарының ұзақтығы тыным 
күйіндегі ЭКГ аралықтарының ұзақтығынан қысқалау болуы керек. Бұл жүрек 
бұлшық етінің жаттығу кезінде көбірек қан өткізетінімен және қанды тезірек 
өткізіп, осы тапсырманы орындайтынымен түсіндіруге болады. 
3. ЭКГ QT аралығының тыным күйіндегі және жаттығудан кейінгі 
ұзақтығын салыстырыңыз. 
Жаттығуды орындаудан кейінгі ЭКГ аралықтарының ұзақтығы тыныш 
күйіндегі ЭКГ аралықтарының ұзақтығынан қысқалау болуы керек. Бұл жүрек 
бұлшық етінің жаттығу кезінде көбірек қан өткізетінімен және қанды тезірек 
өткізіп, осы тапсырманы орындайтынымен түсіндіруге болады. 
4. Қай 
графикте R толқындары көп: тыныш күйіндегі адам 
электрокардиограммасының графигінде, әлде жатығу жасап жатқан адам 
графигінде ме? Шыңдар санын не көрсетеді? 
Оқушылар жаттығу жасаудан кейінгі ЭКГ жазбасында R толқындарының 
көптігін анықтау керек. R толқындары жүрек қан қуыстарының жиырылуын 
және денеге қан берілуін көрсетеді. Жүрек соғуының жиілігін анықтау үшін бір 
минуттағы шыңдардың санын есептей аласыз. 
Жинақтау сұрақтары 
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін бар ресурстарды қолданыңыз. 
1. 
Электрокардиограмма – жүректің белгілі мәселелерін анықтау үшін 
қолданылатын құрал. Жүректің ЭКГ арқылы анықталатын бірнеше күйін атаңыз. 
ЭКГ кеудедегі түсініксіз аурудың себебін, мысалы, жүрек ауруының 
ұстауын, перикард талаурауын (перикардит) немесе қанның жүрек бұлшық 
еттеріне баруының азаюын (ишемия) анықтау үшін қолдануға болады.
Сонымен қатар, ЭКГ кеудедегі түсініксіз ауру, демікпе, бас айналу, әлсіздік 
немесе жүректің тез жүйесіз соғуы (пальпитация) сияқты жүрек ауруларының 
белгілерін табу үшін пайдалануға болады.
2. 
ЭКГ жазбасы дәрігерлерге жүрек ауруының қазіргі кезде ұстауын және 
өткенде болғанын анықтауға қалай көмектесе алады? 
ЭКГ және жүрек бұлшық етінің зақымдалғанын анықтау электр толқындары 
арасындағы уақыт аралығына негізделеді.


39 
3. 
Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін жазылған ЭКГ аралықтарының 
ұзақтығы мен аралықтардың үлгілі ұзақтығын салыстырыңыз. Олар 
денсаулығыңыздың жағдайы туралы не дейді? 
Жаттығулардан кейін аралықтар ұзақтығы қысқалау болуы керек. 
Денсаулығыңыз қаншалықты мықты болса, ЭКГ толқындары аралықтары 
соншалықты ұзын болады. Сіздің аралықтарыңыз үлгілі аралықтардан ұзынырақ 
болу мүмкін немесе деніңіз сау болса, ең ұзын болуы мүмкін. 
Аралықтарыңыздың ұзақтығы шеңберден тыс шықса, бұл деніңіздің сау 
еместігін білдірмейді. ЭКГ көрсеткіштерінен қорытынды жасау қиын, ол үшін 
оқу және қосымша ақпарат керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет