33
Әдеттегі ЭКГ-де изоэлектр сызықтан алғашқы ауытқуы – бұл жоғары тамыр
соғысы, одан кейін изоэлектр сызық орнына келеді. Бұл Р толқын деп аталады,
оның ұзақтығы – 0.04 секунд. Бұл толқын жүрекшенің үйексізденуінен және
жүрекшенің жиырылуынан пайда болады.
Изоэлектр сызық оралғаннан кейін жүректің АВ түйіндері үйексізденіп
өткізгіш талшықтардың атриовентрикулярлық байламы (Гисс байламы)
бойынша Пуркинье талшықтарына сигнал бергенше жүректің қан қуыстарының
барлық бөліктерінің дерлік бір кезде үйексізденуіне келтіретін кішкентай кідіріс
пайда болады.
АВ түйіні үйексізденгеннен
кейін Q толқын деп аталатын, төмен қарай
жүретін соққы пайда болады. Q толқыннан кейін тез арада R толқын деп
аталатын сызық қатты көтеріледі, содан S толқын сызығы төмен түсе бастайды
және изоэлектр сызық орнына келеді. Осы үш
толқын бірге QRS кешені деп
аталады. Бұл кешен жүректің қан қуыстарының үйексізденуінен пайда болады
және жүректің қан қуыстарының жиырылуына байланысты.
Аз уақыттан кейін жиырылуға қатысты химикалық иондар бастапқы орнына
қайтып келеді. Бұл иондардың қозғалысы изоэлектр сызыққа оралатын жоғарғы
толқынды тудырады. Бұл жоғарғы импульс Т толқын деп аталады және жүректің
қан қуыстарының қайта үйектенуін білдіреді.
Р толқыннан Т толқынға өту жүректің бір циклі болып табылады. Осындай
циклдердің бір минуттағы саны жүрек ырғағының
жиілігі деп аталады және
тыным күйінде жүректің бір минутта 70-80 соғуына тең.
Достарыңызбен бөлісу: