Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Қоғамның негізгі кажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі



бет93/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102

Қоғамның негізгі кажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.





15

Әлеуметтік стереотип

топ мүшелерінің басқа топтың немесе категория адамдарының қалпын бөлісуі.


16

База

Негіз


17

Валидті

Жарамды


18

Гипотеза

Ғылыми болжам


19

Диаграмма

Кесте


20

Диагностика

Анықтау


21

Диагноз

Талдау, анықтау.


22

Девиация

Нормадан ауытқу


23

Девиантты

Әлеуметтік нормалардан ауытқу, қоғамға немесе өзіне


зиян келтіретін мінез-құлық

24

Деликт

Құқықтық нормаларды бұзатын іс-әрекет


25

Интеллект

Ақыл-ой


26

Инструкция

Нұсқау


27

Интервал

Арақашықтық


28

Интерпритация

Түсіндіру, талдау беру


29

Классификация

Жүйеге келтіру


30

Конфиденциалды

Жасырын


31

Корректив

Түзету


32

Критерии

Белгі


33

орреляция

Өзара байланыстылық


34

Концепция

Пікір


35

Компетенттілік

Хабардарлық, жете білушілік


36

Манипуляция

Басқару


37

Мотив

Себеп, дәлел


38

Мода

Үлгі


39

Норма

Норма, ереже, шама, мөлшер


40

Соматикалық

Денелік


41

Суицид

Өзіне-өзі қасақана қол жұмсау


42

Потенция

Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе
күшінің жеткіліктілігі

43

Превенция

Жағымсыз құбылыстың алдын алу- профилактика жасау мақсатында ықпал ету.


44

Психопатия

Адамның әлеуметтік ортада қолайлы бейімделуіне кедергі жасайтын, мінезінде көрінетін психикалық ауру.


45

Реприза

Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау


46

Репрезентативті

Дәлдігі


47

Релаксация

Босаңсу


48

Фиксация

Жазып алу, белгілеп қою


49

Этап

Кезең


50

Фобия

Қорқыныш


Біліп жүріңіз
ШЫҢҒА ШЫҒАР ЖОЛ
Күшіңіз сарқылмасын!
Назарды шоғырландыру күші
Өз назарыңызды бір кәсіпке ғана арнаңыз. Бүкіл құрсауларды бұзып, шыңға шыға біліңіз. Сіз көздеген биік шыңға кез-келген адам шыға бермейді, оған тек алдында белгілі бір мақсаты бар, өз дегеніне жетемін деген сенімі бар адамдар ғана жетеді. Сіз таңдап алған жолдан аздап болса да ауытқитын болсаңыз, ол бүкіл бағытыңызды өзгертеді. Сіз шыңға шығамын деген шешімге дайын болсаңыз, онда сіздің біліміңіз де, қаражатыңыз да, көрегендігіңіз де күшейе түседі. Өмірдегі үлкен табыс, жетістіктердің басында адам назарының шоғырлана білуі, барлық талаптар мен қабілеттердің алға қойылған мақсатқа жетуде топтастырылуы, қандай болмасын қиындықтарға қарамастан міндеттердің батылдықпен бұлжытпай орындалуы, қиындықтарға мойымау және алданбау секілді нәрселер тұр. Ішкі қуаты берік адам өз жолын тауып, ол жолдан таймастан биікке шығады.
Тек қана назарыңызды шоғырландырыңыз
Қыс кезінде күн сәулесін бір жерге тоғыстырсаңыз, сіз міндетті түрде от жаға аласыз. Бизнес алыптары – құдықты инемен қазатын шыдамды әрі еңбекқор, назарын бір жерге шоғырландырып үйренген адамдар. Сол себепті олар биікке шыға білді. Көптеген бизнесмендердің қатесі – күшін шашырату, бұл күштің оңай әрі тез сарқылуына әкеледі. Темірді қызғанда ғана емес, оны қызғанша да соға білуіңіз керек. Өз күшіңізді керек бағытта игере білсеңіз, оны сол бағытта арттыра білсеңіз, онда бірер айдан соң сіз биікке шығар жол табасыз.
Өз күшіңізді бірдей деңгейде барлық нәрсеге жұмсамай, бір ғана нәрсеге шоғырландырыңыз.

Тәжірибеде биікке жету тек қабілеттердің арқасында ғана емес, сонымен қатар соған деген құлшыныстың арқасында мүмкін екенін көрсетеді. Биікке жете білген адам өз жұмысына жан-тәнімен кіріседі.

Піл мен шыбын
Бірде оқушы мен ұстаз орманда қыдырып жүрді. Оқушы өзінің назарының үнемі бір нәрседен басқа нәрсеге ауыса беретініне мазаланды. Ол ұстаздан: «Неге көптеген адамдардың назарлары бір заттан екінші затқа дамылсыз ауыса береді де, ал кейбірі өз назарларын бір затқа толық әрі ұзақ аудара алады? Өз ойларыңды ретке келтіру үшін не істеуге болады?» - деп сұрайды. Ұстаз өзінің шәкіртіне қарап былай дейді: «Мен саған бір әңгіме айтып берейін. Піл өзінің тұмсығымен ағаштың жапырақтарын жұлып жатты. Шыбын келіп, оның құлағының түбінде ызылдап тұрып алады. Піл өзінің үлкен құлағымен оны бір желпіп, қуып жібереді. Бірақ шыбын қайта оралып, пілдің мазасын алған соң, піл құлағымен қайта желпиді. Осылай жалғаса береді. Ақыры, піл шыбыннан: «Сен неге сондай тынымсыз әрі шуылдақсың? Бір мезет болса да бір жерде тыныш отыра алмайсың ба?» - деп сұрады. Шыбын оған: былай деп жауап қайтарды: «Менің назарымды кез-келген нәрсе, иіс болсын, зат болсын, дыбыс болсын барлығы өзіне аударады. Менің бес сезімім мені бес жаққа тартады, менен келер не шара? Ал сенің қулығың неде? Сен қалай осылайша төзімді әрі байсалды болып жүресің?». Піл шайнап болып былай дейді: «Менің бес сезімім назарымды билемейді. Не нәрсе атқарып жатсам да, менің назарым тек сол нәрседе болмақ. Қазір де, тамақ жеп жатырмын, сондықтан тамақтан басқаны ойламаймын. Осылайша мен тамақ жеуден рахат алып, оны жақсы шайнаймын. Мен өз назарымды өзім билеймін, ол мені емес».
Әңгімені бастан аяқ зер салып тыңдаған оқушы екі қабағын көтеріп, жымия күлді. Ол өз ұстазына қарап: «Мен түсіндім! Мені өзімнің бес сезімім билеп жатқанда, ойым сан жаққа жүгіреді. Ал егер де мен өз сезімдерім мен назарымды билейтін болсам, онда менің санам тыныштық табады» - дейді. «Дұрыс айтасың, - дейді ұстаз.
– Сана назардың ауысуына шапшаң әрі тез жауап қайтарады. Өз назарыңды билей білсең, өз санаңды билейсің».
Ремез Сассон
Жол қайда апарса да, одан көзді жұмып өтпеңіз. Одан да алдын ала дайындалған жолмен емес, қайталанбайтын, өзіңіздің жеке бағытыңызбен жүрген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет