96. Лакта бояушы материалдардың ауаны ластау дәрежесіне әсер ететін факторларын көрсетіңіз.
Линолеумды- экологиялық фактор ретінде сипаттаңыз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірі бойынша тұрғын үйлердің ішіндегі электромагниттік сәулелердің (ЭМС) әсер етуі маңызды экологиялық факторлардың бірі. ЭМС-пен ластану қазіргі уақытта тұрғындардың денсаулық күйіне күшті әсер ететін фактор болатын дәрежеге жетті. Адам күйіне ЭМС-тің жоғары дәрежесі қалай әсер етеді?
Жоғары концентрациялы фторлы ауыз суды пайдалану қандай патологияға әкеліп соқтырады?
Қатты тұрмыстық қалдықтар да өндірістік қалдықтар сияқты өте қауыпты.Солардың ішінде кәзіргі кездегі экологиялық проблемалардың ішіндегі ерекше алаңдатушылықты сынапты қауыпсіздік проблемасы тудыруда. Металды сынап және оның қосылыстары – қоршаған табиғи ортаны ластаушылар арасындағы ең улы ластаушы, өйткені сынап қауыптіліктің бірінші класс қатарындағы зат. Егер бөлме ауасында сынаптың буының 0,1-0,8 мг/м3 аралығында концентрациясында адамдарда қатты улануы орын алады. Сынапты уланудың кәзіргі кездегі кең таралған көзін атаңыздар.
Қоңыржай климатты аймақта жасыл өсімдіктердің күн энергиясын сіңіру қарқындылығы орташа 20000 кДж/(м2 тәулігінде). Сіңірілген энергияның 1,2 %- ы фотосинтез процесіне жұмсалады. Егер тәуліктік оттегіге қажеттілік 700 г–ға тең болса, жасыл өсімдіктердің қанша ауданы адамды оттегімен қамтамасыз етеді?
Қарапайымдылардың лабораториялық саны экспоненциалды өседі. Бастапқы кезеңде бұл сан 50 дара болса, бір сағаттан кейін бұл көрсеткіш 150 дараға жетті. Бұл популяция үшін өсу жылдамдығын және екі еселену мерзімін табыңыз.
Еуропаның жалпақ жапырақты ормандарында жыл сайын топыраққа шамамен бір га ауданға жүз кг азот қайтарылады. Егер ормандарда жапырақтардың түсуімен әдетте топыраққа жылына 30-70 кг азот қана қайтарылатынын ескерсек, жауын құрттарының маңызының зорлығы анық. 70 млн га аудан жерде Еуропада жалпақ жапырақты ормандардың топырағына жауынқұрттар қайтаратын азот мөлшерін есептеңіз. Жалпақ жапырақты ормандарының жалпы ауданы 50 млн га-ға тең болса, топыраққа жауын құрттарының қайтаратын азот мөлшері қанша болады?
Аммиактың иісін сезінудің төменгі шегі 46,6 ppm болатынын ескерсек, оның иісін сезу кезіндегі аммиактың 0,2 мг/м тең болған максимальды ШРК- сының шамасы рұқсат етілген мөлшерден артады ма және егер артса, онда неше есе артатынын есептеңіз.
Дүниежүзілік мұхитты теңіз көлігі өте ластайды. Бір британ экологы борттан суға тасталынатын қоқыстарының санын есептеу үшін 1,5 ай бойы кемеде болды. Осы уқытта 46 адамнан тұратын топ 5000 қаңылтыр банкасын, 350 пластикалық бөтелкелерді, 320 қағаз пакеттерін, 5 қаңылтыр бөшкені және көптеген полиэтилен пакеттері мен басқа да қоқыстарды теңізге тастады. Теңізде балықшылар балық аудайтын синтетикалық торларын да қалдырады. Теңіз көлігінің Дүниежүзілік мұхитты ластауының салдарын талдаңыз және осы экологиялық жағдайдан шығу жолдарын ұсыныңыз.
Адамдар алыс аралдардың бірінде масаларды құртуды ұйғарды. Ол үшін улы химикаттарды пайдаланды. Масалар шынында да құрыды, бірақ біраз уақыттан кейін көптеп егеуқұйрықтар пайда болды. Егеуқұйрықтардың үйірі егістіктерге және дәндерін жеп, жергілікті тұрғындардың сарайларына шабуыл жасады. Неліктен «бұндай шабуылдың» пайда болғанын адамдар түсіне алмады? Осы мысалдағы экологиялық жағдайдың дамуына әкелген себепті- салдарлы байланысты ашыңыз, салдарларды сипаттаңыз және осы экологиялық жағдайдан шығу жолын ұсыныңыз.
Статистикалық деректер бойынша рак ауруларының 80%-ен астамы қоршаған орта факторларының әсерінен туады. Адамдардаты рак ауруын тудыратын себептердің үлесін былайша орналастыруға болады: шылым шегуден – 30%, тамақтың химиялық заттарынан – 35%, жұмыс орнының қолайсыз жағдайларынан – 5%, арақ-шараптан – 3%, сәулеленуден – 3%, ауа мен судың ластануынан – 2%, басқа себептерден – 5%, қоршаған орта жағдайларының әсеріне байланысты емес себептен – 17%. Жыл сайын дүние жүзінде 5,9 млн жаңа рак аурулары тіркелуде және 3,4 млн ауру өлуде. Жыл сайын дүние жүзінде темекі әсерінен туындайтын рактан қанша адам қайтыс болатынын есептеңіз.
Есептеңіздер:1 литр бензинге тетраэтилқорғасынның Pb(CH)2 қосылған этилденген бензинді қолдану нәтижесінде атмосфераға бір жыл ішінде бөлінетін қорғасынның массасын есептеңіз? Бензиннің орташа шығыны тәулігіне 10 литр, машиналардың жалпы саны-500 мың дана болған. Қорғасынмен ластануы атмосфераға қандай экологиялық зардап әкеледі?
Тетраэтилқорғасын - ішкі жану қозғалтқыштарына арналған өте маңызды антидетонатор. Бар мәліметтер бойынша Германияда 1969 жылы жүк көлігінің двигательдері 15 млн/тонна этилденген бензинді жаққан. Егер, бензин тығыздығы 750 г/л-ге тең болса және бензиндегі антидетонатордың молярлы концентрациясы 2-10 моль/л болса, атмосфераға шығарылатын қорғасын тотығының (II) массасын есептеңіздер.
Мұздану дәуірінде қоспа ретінде тек қана көміртек диоксиді болатын атмосфералық ауамен тепе-теңдікте болатын жаңбыр суында pH-тың мәні
қандай болған., егер оның мөлшері жерге жақын ауада 200 мл? Қазіргі уақытта атмосфералық ауада СО2 0,035% болса, pH қанша бірлікке өзгерді? Ауаның температурасын 298 К, қысымын 101,3 кПа, су буының парциальды қысымы 0,031 атм тең деп есептеу керек.
Ана сүтіндегі бұрын кең көлемде қолданылған инсектицид- ДДТ-ның мөлшері 0,1мг/кг сүт майын құрайды. Ана сүтінің орташа майлылығы 10-ке тең. Тәулігіне 500 мл сүт ішетін сәбиге мұндай сүт зиянды ма? ДДТ-ның кумулятивті қасиетінің барлығын және оның 0,5 мг/кг концентрациясы организмде патологиялық өзгерістерді тудыратыны баршаға мәлім. Сәби ағзасында қанша уақыттан кейін ДДТ-ның қауіпті мөлшері жинақталады?
250 млн тұрғыны бар мемлекетке осындай мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін орманның қанша гектары қажет? АҚШ мемлекетінің әрбір тұрғынына қағаз, жихаз, үй салу және т.б.-ға орманның 5,25 гектары жұмсалады. Жер шарының әрбір тұрғынының (егер планетадағы тұрғындар саны 7 млрд-ден есептесек) тұтыну деңгейі АҚШ тұрғындары сияқты болса, орманның қандай ауданы қажет болар еді?
Егер фенолдың 20 кг мөлшері төгілген апат орын алған жағдайда, тұйық су қоймасында тіршілік ететін сазан популяциясының жағдайы не болады? Апатқа дейінгі оттегінің концентрациясы 10 мг О2/л, ал су қоймасының көлемі – 10 000 м3 екенін еске алыңыз.
Атмосферадағы оттегі мөлшері 1,2х1015 т-ға тең. Биомассаның О2-ні өндіру қабілеттілігі 2х1011 т/жыл. Биомассаның өнімділігіне қарамастан, атмосферадағы О2 мөлшері 1х1011 т/жыл азаюда. Мамандардың бағалауы бойынша, ауадағы О2-нің 17,5% мөлшерінде адам тұншыға бастайды. Оттегінің үнемі азаю жағдайында бұндай жағдай неше жылдан кейін болуы мүмкін?
1кВт.сағ. электроэнергияны АЭС-да өндіру барысында суытуға қолданылатын суға жұмсалатын жылу 1900 ккал/кВт.сағ. Қуаттылығы 300 МВт-ға тең АЭС-дағы суытушы – су қоймасының ауданының мөлшерін есептеңіз. Орташа судың суыту қабілеттілігі 10 ккал/ (м2.сағ.град).
Өңделетін жердің жыл сайынғы шығыны 50-70 мың км2, ал ауылшаруашылық үлесіне бүкіл планетадағы жер фондының 10%-ы тиеді. Неше жылдан кейін ауылшаруашылық жерлері толығымен деградацияға ұшырайды. Есептеу кезінде жердің радиусы 6.370 км, ал құрылық үлесіне бүкіл Жер шарының 3/1-і келетінін еске алыңыз.
Мұнайдың дүние жүзілік өндіру 1999 ж. 3 млрд тоннаға тең болды. Мұнайдың барланған қоры 125 млрд т, ал барланбаған қоры болжам бойынша осы деңгейде, яғни 125 млрд т. Егер оны өндіру деңгейінің өсуі тұрғындардың
өсу деңгейімен (яғни жылына 2%) сәйкес келсе деген болжаммен, мұнай қорының сарқылу мерзімін бағалаңыз.
Егер мұхиттың 1 км2 бетінен құрлықтан келіп түсетін қалдықтар мөлшері 17 т тең болған жағдайдағы Әлемдік мұхиттың ластануына бір адамның орташа үлесін бағалаңыз. Жердің радиусы 6 370 км, ал Әлемдік мұхит планетаның 2/3 бөлігін құрайды.
119.. Ақаба суды хлорлау кезінде потенциалды канцероген болатын хлороформ түзіледі. Хлороформ концентрациясы 70 мгг/л деп есептейік. Қауіптіліктің канцерогендік факторы суды тұрақты пайдаланған жағдайда 6,1 x 10-3 (мг/ кг.тәул)-1 мәнге тең. Ересек адамның салмағы 70 кг деп есептеп, ал суды пайдалануды 2л/тәулік мөлшерде болса, хлорланған суды үнемі пайдаланатын адамның рак ауруымен ауру мүмкіндігін бағалаңыз.
Самолет Мәскеуден Алматыға дейін 30-40 тонна оттегіні жұмсайды. Адамның тыныс алу функциясының көрсеткіштерін пайдалана отырып, олардың бір жылдық биологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, оттегінің қанша адамға жеткілікті мөлшерде жететінін есептеңіз. Есептеуге қажетті шамалар:
А) атмосфералық ауаның құрамы; О2-20,95%, СО2-0,0343%, Б) тыныс алудан шығатын ауа құрамы; О2 -16,4%, СО2-4%, В) адамның тыныс алу көлемі - 0,5 л
Г) адамның тыныс алу жиілігі - минутына 18-20 тыныс алу.
Егер барийдің леталды дозасы жылы қанды жануарлар үшін 100 мг/кг, ал қауіпсіз қалдықсыз концентрациясы 10 мг/кг тең болса, құрамында 0,2 мг/л барий тұздары бар ауыз суын тұтынуға бола ма?
Мамандардың бағалауы бойынша қазіргі уақытта қышқылды жауындардың жаууы Ресейдің барлық орман фондының 1,0-1,5% жоғалады. Есептеу кезінде 1000 гектар орман тәулігіне оттегінің 10 тоннасын өндіретінін ескере отырып, РФ-ң жер фондысы -1709,7 млн. гектарды, ал оның 46% –ін орман мен бұталар құрайтын болса, осы ормандардың бөліп шығаратын оттегісі тыныс алуға қанша адамға жетер еді?
Ұйымдастырылмаған қоқыс полигонына жақын жерде адамдардың болуы өте қауіпті. Осындай полигонға тасымалдау кезінде 80%-і сынатын, орташа айына 1000 түйір мөлшерде жарықтың люминесцентті көздері пайдалануға жарамсыздары тасталынады. Полигоннан алыс емес жерде тұратын адам организміне атмосфераға түсетін сынап буының 1%–і түседі. Ауадағы сынап буының зиянсыз тәуліктік орташа концентрациясы 0,3 мкг/м3. Ал құрамында 10 мг/м3 сынабы бар ауамен бір сағат бойы демалғанда қатты
улану жүзеге асады. Бір лампада сынаптың 50 мг болады. Құрамында 4 мг/м3 сынабы бар ауамен демалатын адам қанша уақыттан кейін улана бастайды?
Көмірдің дүниежүзілік өндірісі жылына 5 млрд. тонна, ал қоры 1 млрд. тонна деп есептелуде. Көмірді өндірудің өсу жылдамдығы 10 жылда 2,7 %. Егер өсу қарқындылығы осындай болып сақталса, бұл қор неше жылға жетеді?
Бір грамм уранды жанғыштың бөлетін энергиясы 1г көмір жанғанда бөлінетін энергиядан неше есе көп? Көмірдің энергетикалық мөлшері 24кДж/г
–ға тең деп алу керек.
Жылу электр станциясының түтінді газдарында электрофильтр орнатқанға дейін 1м3 газға 6,0 г қатты бөлшектер болған. Газдың шығыны 5 м3/с тең. Электрофильтр тәулігіне 2000 г бөлшекті ұстайды. Ауа ластануына қарсы және электрофильтр тиімділігін арттыру шараларын қабылдағаннан кейінгі қатты бөлшектердің деңгейін анықтаңыз. Жаңа жүйе 0,7 г/м3 тең қатты бөлшектің бөліну деңгейінің рұқсат етілген деңгейін қамтамасыз ете ала ма, анықтаңыз?
20 0 C–та ақаба судың БПК5 = 210 мг/л, ал БПК шекті мәні 350 мг/л тең. 300 С- БПК5 -ң мәнін анықтаңыз.
Озон қабатының 1%- ке жұқаруы ультракүлгін сәулелерінің ағынының 2%- ке ұлғаюы себебінен, тері рагі ауруының 4%-ке артуына соқтырады. Егер озон қабатының азаю жылдамдығы жыл сайын 0,224%-ке тең болса, 2050 жылы тері рагінің қазіргі уақытпен салыстырғанда қаншалықты өсетінін есептеңіз,
Құрамында 12 мкг/л кадмийі бар ауыз суын пайдаланудың қауіптілік дәрежесін анықтаңыз. Кадмийдің организмнен шығарылу коэффициенті 0,2-ден аспайды.
Шалғындықта энергетикалық эквивалент 1 млн кДж- ға тең үрмебұршақ өсуде. Осы үрмебұршақпен қоректенген бұзауды сойғанда, адамның бұлшық ет ұлпасы энергияның қанша мөлшерін жинақтайды?
Әскерлердің алдыңғы шебінде сұйық фосгені бар 200 л көлем болатын баллон жарылған. Жел фосгеннің буларын әскерлер шебіне жақын жерлерге жеткізді. Бақытты, сәтті кездейсоқ жағдайға байланысты уланған ауаның бұлты негізінен әскери қатарлардың арасынан өтті, бірақ соған қарамастан бірнеше әскерлер уланып үлгерді.
Уланған ауаның көлемін және уланған жердің ауданын есептеңіз. Есеп шарттары: а) сұйық фосгеннің тығыздығы 1,42 г/мл; б) уланған ауаның қабатының қалыңдығы 5 м; в) бұл қабаттағы фосгеннің орташа концентрациясы
2,5 мкмоль/л; г) осындай концентрациялы фосгенмен 15 минут бойы дем алу адам өліміне соқтырады.
200 С температурадағы фосгеннің қысымын есептеңіз.
Адамзат үшін агрессиялы сепаратизмнің әлеуметтік – саяси салдарларын талқылаңыз.
132. Сызбанұсқада көрсетілгендей, біздің планетамыздың ауасының температурасы біраз жоғарылаған. 1970 пен 2000 жылдар аралығында ауа температурасы неше градусқа көтерілгенін анықтаңыздар? Болашақтың болжамы қандай?
Диаграммаға қарап адамдардың қандай істерінің нәтижесі парниктік эффектінің дамуына әсерін тигізетінін атаңыздар.
Адамдардың қандай қызмет түрлері басқаларға қарағанда парниктік эффектінің дамуына көбірек әсерін тигізеді? Бұрын ауа көмір қышқылының әсеріне қалай қарсы тұра алды? Қазір не өзгерді?
Климаттың ғаламдық жылынуының негізгі себептерінің бірі- жылу өндіру процесі және адамның энергияны пайдалануы екеніне мысал келтіріңіз.
Атмосфераның жылдық орташа температурасының өзгеруі
148-сызбанұсқа
Атмосфераның нағыз ластануы кезінде оның құрамы неге өзгермейді? Өнеркәсіптерден шығатын қалдықтармен атмосфераның ластануының қауіптілігі неде?
Не себептен Чернобыль апатынан зақымдалған аудандардың тұрғындарының ауруға шалдығу деңгейі жоғары?
Бір жылда қала атмосферасына көлік және стационарлық (зауыттар, фабрикалар) нысандардың 29- кестедегі мәліметтер бойынша қанша мөлшерде ластаушы заттарды шығаратынын есептеңіздер.
Қала атмосферасына түсетін ластаушы заттар (мың.т/г)
29-кесте
Ластаушы заттар
Стационарлық
Көлік
көздері
Шаң
24,3
-
Күкірт оксиді
51,3
-
Көмірсутек
28,4
711,0
Азот оксиді
111,0
38,1
Ұшқыш органикалық
қосылыстар
49,6
-
Мұнай өнімдері
3,6
162,2
1915 жылы 22 сәуірде Германияда неміс химигі Фриц Габердің басшылығымен адам үшін өте қауіпті уландырғыш зат газ тәрізді хлорды жаппай пайдалануды іске асырған еді. Бұл процесс Ипр қаласында жүзеге асты. Бірнеше мың баллондардан 180 т хлор шығарылды. Мұндай шабуыл нәтижесінде 15 мың адам жарақат алып, оның 5 адам қайтыс болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде осы уландырушы заттарды қолданудың арқасында 700-800 адамның өмірі қиылған болатын.
Қалыпты жағдайда салмағы 180 т хлор көлемін есептеңіз.
Хлормен уланған ауаның көлемін және уланған ауданды есептеңіз. Есептеу шарттары:
а) Уланған ауа қабатының қалдығы 4м.
б) Бұл қабаттағы хлордың орташа концентрациясы 20 мкмоль/л.
Адам шаруашылығы нәтижесінде пайда болған құбылыстың бірі- атмосферадағы СО2 газ мөлшерінің көбеюі. Егер оның мөлшері 2 есе көбейсе не болуы мүмкін? Дұрыс жауабын көрсетіңіз.
а) қышқыл жаңбыр түседі б) жер тез айналады
в) көшетхана эффектісі жүзеге асады г) тірі заттар мөлшерінің артуы.
Не себепті желсіз күндері ірі өндіріс орталықтарының тұрғындарының денсаулық күйінің күрт нашарлауы, қатты дертке шалдығуы және қайтыс болған адамдардың санының өсуі байқалады?
Мұнай өндіру кезінде газ құбырларының болмауынан 3 млрд.м3 серіктес мұнай газдары факельдерде жанған. Құрамында әрқайсысы 20% болатын СH4 - 40; C3H8 - 20; C4H10 және C2H6 атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газының көлемін есептеңіз. Бұл техногенді шығарылатын көміртегі оксидері (IV) осы заттың атмосферадағы 1.510 м3 болатын жалпы қорының қандай үлесін құрайды?
Үлкен қалаларда, соның ішінде Алматы қаласының ауа бассейіндерінің негізгі ластаушылары -түтін газдарының және альдегид құрамында болатын азот оксиді және қышқылды газдар болып табылады. Атмосфераның бұл
газдарымен ластануының ішінде транспортпен ластануының үлесін 60% СО және 50% NO2 құрайды. Ластану индексі 11.7 - 12 құрайды. Алматыдағы жалпы машина саны 160 мың, оның ішінде 90%-і карбюраторлық двигательмен жұмыс істейтін машиналар. 1 кг бензин жану нәтижесінде машиналардың ішкі жануынан 5*10 кг улы көміртегі оксиді (II), 4*10 кг азот оксиді (IV) бөлінеді. Тәулігіне жанар майдың орташа шығыны 10 л, оның тығыздығы 750 г/л.
Тәулігіне 290 К температура және қысым 91.99 кПа болатын жағдайда тәулігіне автокөліктің пайдаланған ластаушы газдары мен атмосфераға шығарылатын улы газ бен азот оксидінің (IV) көлемін есептеңіз.
Бұл газдардың адам ағзасына тигізетін токсиндік әсерін сипаттаңыз.
Фотохимиялық смог дегеніміз не және оның қоршаған ортаға әсері қандай?
Қышқылды смогтың фотохимиялық және азот оксидінің (IV) фотолиздік кестесін жазыңыз.
Алматы қаласының атмосфералық ауасында фотохимиялық смог байқалады ма? Байқалса, оның белгілерін атаңыз.
Лабораториялық спиртовкалардағы этил спирті СО2 мен Н2О бөліп жанады. Егер атмосфералық ауадағы СО2 көлемдік үлесі 0.03%, ал оның құрамы 4%-тен жоғары болса, онда тыныс алу жолдарының тарылуы, құлақтың шуылы және бас ауруы байқалады. Қысымы 695 мм сынап бағанасына тең және
220С температурада 18 үстелдің әрқайсысында оқушылардың жұмыс істеу барысында 2.03 г спирт жанатын болса, 288 м3 болатын ауданда химия сыныбында жинақталған көмірқышқыл газының көлемін есептеңіз. Осындай
жағдайларда улану мүмкін бе?
Егер ластаушы заттардың ауадағы мөлшері шекті белгіден аспайтын болса, онда оның зиянды әсері әлсіз, төмен болып есептелінеді. 1м3 ауада 0.085 мг азот диоксидінің, 3.000 мг көміртек монооксидінің, 0.050 мг күкірт диоксидінің, 0.008 мг күкіртті сутектің мөлшері рұқсат етіледі. Ересек ер кісілерде тәулігіне орташа мөлшерде ауамен тыныс алу мөлшері - 10м3-қа тең болса, онда тәулігіне осы заттардың қайсысы, қанша мөлшерде (моль) тыныс алғанда денсаулыққа зиянын тигізбейді?
1 сағат ішінде адам көмірқышқыл газымен қатар 1,6 мл улы газдарды бөліп шығарады. Егер адам көлемі 6 м3 болатын бөлмеде тыныс алса, адам қанша уақыт аралығында 0.001г/м3-қа тең болатын көміртегі оксидінің (II) Ш.Р.К. жетеді?
Егер 1м3 ауаның құрамында 3 мг зиянды газ болатын болса, адам күкірт диоксидінің иісін сезеді. 5 мин ішінде адам құрамында СО бар ауаны жұтса, ларингит - жұтқыншақ бездерінің қабынуына әкеліп соқтырады. Адамның өкпесінің көлемі 3,5 л, ал тыныс алу жиілігі 4 сек. болса, қанша мөлшердегі күкірт диоксиді адамды осы ауруға шалдықтырады?
Симфониялық оркестордің дирижеры Остап Бендер өз бөлмесінде киініп, жұмсақ көрпенің үстінде миллион ақшасы салынған чемоданын құшақтап, ұйықтап жатты. Ол бір түнде осы бөлмедегі оттегімен тыныс алады.
Осы тапсырмада келтірілген үзіндінің авторын және шығармасының атын табыңыз.
Остап Бендер осы бөлмеге кіргенге дейінгі және шыққаннан кейінгі газдың мөлшерін (моль) есептеңіз?
Есептеу шарттары: а) бөлме ауданы 20 м2 ; б) ұйқы ұзақтығы 8 сағат; в) оттегіні пайдалану жылдамдылығы 0.5 г/мин; бөлме температурасы 20 С, қысымы 760мм; д) желдеткіші жоқ; е) Остап Бендердің бөлмеге кіргенге дейінгі азоттың, оттегінің, аргонның және көміртегі оксидінің (IV) молярлық мөлшерлері 0.780, 0.210, 0.0097 және 0.0003 - ке тең.
Тәжірибелер көрсеткендей дамыған өндірістік аудандарда атмосфераға шығарылған сульфат - иондарының мөлшері жылына 210 мг/м болады. Жылына 1 км шаршы жерге түсетін сульфат молінің санын анықтаңыз.
Шамамен 35 жыл бұрын дүние жүзі бойынша жаңбыр суының қышқылдығы орташа есеппен 5.6 рН болған. Сол кезден бастап жыл сайын оның мөлшері өсуде. Қазіргі кездегі жаңбыр суының орташа рН мөлшерін есептеңіз. Төменде келтірілген сызбанұсқаны қарастырыңыз. Сіздің есептеуіңізден шыққан мәнге төмендегі келтірілген ерітінділердің қайсысының қышқылдылығы жақындау?
Стратосферада 20 - 30 м биіктікте Жерді Күннің қуатты ультракүлгін сәулеленуінен қорғайтын озон (О3) қабаты бар. Егер атмосферада "озон экраны" болмаса, алып энергияның фотондары Жердің бетін жауып, жердегі барлық тіршілікті жояр еді. Егер әрбір қала тұрғынына орташа есеппен ауа кеңістігінде 150 моль О3-тен келетін болса, онда әрбір қала тұрғынына шамамен қанша О3 молекуласы және озонның қандай массасы келетінін есептеңіз?
Жаздың ыстық күндерінде қалалық көшелерге қарағанда, қалалық бақта ауа температурасы 2,20 С-қа төмен, ал орманмен салыстырғанда 1,50 С температураға жоғары. Қала көшелерінде ауа температурасы 310 С болғанда, орманның температурасын анықтаңыз?
Қаладағы ауаның 1м3 да 5000 микробтар болады. Орманда микробтар бұдан 9 есе аз болғанда, 1м3 да қанша микроб болады?
Кейбір ағашты өсімдіктер әртүрлі химиялық ластағыштар үшін күшті фильтр болып табылады. Қалалардағы атмосфера ауасын биологиялық тазартатын жасыл фильтрлерді көрсетіңіз және олар қандай ластағыштар сіңіреді?
Егер климаттың өзекті жылуынан барлық мұздықтар ерісе, мұхиттардың деңгейінің қанша метрге көтерілетінін есептеңіз?
Есептеу шарттары:а) барлық жер шарындағы мұздықтардағы мұздың көлемі24 млн км3; б) Жердің радиусы 6370 км; в) мұхиттар жер бетінің 71%- ін алып жатыр; в) мұздың тығыздығы 0,92 г/см3 .
Ауасы 650 С тан жоғары болатын бөлмедегі жылу беретін прибордың зиянды әсерін көрсетіңіз.
Неге соңғы жылдары өнеркәсіптерді шектеу және фреондарды қолдану, оны қауіпсіз алмастыратын түрлі бағытта қолданылатын аэрозольдардың түрін іздеу және өндіру мәселелері қазіргі таңда өте маңызды мәселе? Неліктен? Жауапты түсіндіріңіз.
Сырлы бояулар материалдарының ауаны ластау деңгейіне әсер ететін факторларын көрсетіңіз.
Жердің атмосферасы 79,2% мөлшердегі мол азоттан тұрады. Бірақ оны өсімдіктер пайдалана алмайды. Олар тек топырақта нитрат, нитрит және аммоний тұздарында болатын азотты игере алады. Атмосферадағы азот қалайша өсімдіктер пайдалана алатын күйге өте алады?
Ғалымдардың айтуынша озон қабатын бұзушы химикаттар жойылса да, озон қабатын өз қалпында сақтап қалу мүмкін емес, өйткені стратосферадағы озонды бұзушы хлорлы катализаторлар мөлшері 70 жылдары озон тесігі пайда болғанға дейінгідей. Катализаторлардың мөлшерінің ұлғаюы табиғатқа және адам қоғамына өте қауіпті құбылыс яғни озон қабатында тесіктің пайда болуының бірден бір себебі. Озон қабатын өз қалпында сақтап қалу үшін қандай шаралар жүргізілу қажет?
Бензол, этилбензол- жоғары токсинді ароматтық көмірсутектер. Олар бөлмеде линолеум, сыр, бояулар, үй жиһаздарынан және мастиктерден бөлінеді. Бұл заттар асхана плиталарындағы газдардың толық жанбауынан да, сонымен қатар ластанған атмосфера ауасынан мұнайхимиялық өнеркәсіптердің қалдық заттарынан түзіледі.Этилбензолдың концентрациясы өз нормасынан 7 есеге дейін артады. Бұл заттар қандай аурулардың тууына себеп болады?
Жердің табиғи күйіне көп мөлшерде әсер ететін радиация көзін атаңыздар.
Ксилол, толуол – органикалық еріткіштер, пласмасс, сыр, бояулар, жабысқақ заттар және т.б алуда алғашқы өнім болып табылады. Барлық пәтерлердің ауасында орталарында 0,25 және 0,5 мг/куб.м концентрация мөлшерінде кездеседі. Бұл заттармен ластанудың негізгі көзі сыр, бояу, еріткіштер, желім, мастик және линолеумдардың кейбір түрлері болып табылады. Осы құрылыс материалдары бөлменің ауасына альгецид және эфирлердің тобының көптеген қосылыстарын шығарады, олардың ішінде жиі кездесетіндері - этилацетат және ацетальдегид. Бұл қосылыстарды пайдаланудағы экологиялық нәтижесін көрсетіңіз.
Жабық бөлме ауасының микробтармен ластану деңгейлеріне әсер ететін факторларды көрсетіңіз.
Неге соңғы кездері атмосферада көмірқышқыл газының көбеюіне байланысты «парниктік эффект» әсері көп айтылатын болды? ҚР Республикасы парниктік эффект проблемасын шешу жолында қандай іс шаралар атқаруда ?
Қандай жағдайда тұрғын үйлерде иіс (улы) газының ерекше жоғарғы концентрациясы жинақталады? Адам организміне бұл газдың тигізетін әсерін сипаттаңыз.
Радонды қолдану қандай проблемаларды туғызады? Қандай құрылыс материалдары бөлмеде радонның шығу көзі болып табылады? Тұрғындық жерлерде радонның жоғарғы мөлшері қай бөлмеде болады?
Біздің эрамызға дейінгі 800 жыл бұрынғы Гренландия мұздарының бір кг мұздарында 0,0004 мкг қорғасын болады. 1753 ж. түзілген мұздарда қорғасынның мөлшері 25 есе, ал1969 жылы түзілген мұзда 500 есе көп, яғни 1 кг мұзда 0,2 мкг қорғасын кездеседі. Гренландия мұздарына қорғасынның қайдан түсетінін түсіндіріңіз. Мұздарда қорғасынның мөлшері неліктен өсуде?
Тұрғындық жерлерде ауаның ластануын төмендететін тәсілдердің мысалдарын көрсетіңіз.
Экологиялық тұрғыдан қалай ойлайсыз, төменде көрсетілгендердің қайсысы қоршаған ортаны аз ластайды: қоғамдық транспорттың ауқымды дамуы ма, қала аралық маршруттық транспорттар ма немесе әр отбасының өзінің жеке көлігінің болуы ма, мотоцикл мен велосипедтерді қолдану ма?
Өнеркәсіп және автокөлік атмосферадан көп оттегіні жұмсайды. Ауада оттегінің мөлшерін көбейтетін биотехнологиялық тәсілдерді ұсыныңыз.
Егер әрбір тірі организм тыныс алу процесінде оттегімен дем алатын болса, қалайша біздің планетамыздағы атмосферадағы оттегінің мөлшері азаймайды және қалайша толықтырылып отырады?
Көміртегінің айналымының мысалында осы процеске қатысатын тірі организмдердің ролін көрсетіңіз. Қандай тәсілмен өсімдіктер тірі емес табиғаттан көміртегіні өз бойына сіңіреді? Қандай тіршілік процесі барысында көміртегі тірі емес табиғатқа шығады? Адамның қандай тіршілік барысында көміртегінің қоры толықтырылады?
Сіздің ойыңызша, қандай ғарыштық фактор ең қуатты және жердегі тіршілікті анықтайтын болып келеді? Сұраққа жауап беріңіз.
Төмендегі сұраққа жауап беріңіз: а) адамның тіршілік етуіне күннің сәулелері қалай әсер етеді және адам оны қалай қабылдайды? б) күннен қатты сәуле шашқан кезінде сіз қауіпсіздік шараларын сақтайсыз ба, егер «иә» болса, себебін түсіндіріңіз.
Қатты отынның жануы кезінде түзілетін, шамамен 0-50 км -ге дейінгі биіктіктегі көп реттік корабльді көтеретін тасымалдаушы ракета 150 т хлорды бөледі. Хлордың бір молекуласы озонның бір млн молекуласына дейін жоюға қабілетті. Бағалаңыз: а) космостық корабльді ұшыру кезінде бұзылған озон массасын; б) озонның жоғалуын (озон қабатының барлық массасына қатынасы
%). Озон қабатының массасы 3 млрд тонна.
Нүкте орындарын толтырыңыздар Озоносфера атмосфераның радиациялық режиміне әсер етеді, сондықтан стратосферада озон мөлшерінің ғаламдық жұқаруы және тропосфераның оның концентрациясы Солтүстік жарты шарының кейбір аймақтарында сәулелену ағындарының ұзақ уақытты және ғаламдық және өзгерулеріне әкелуі мүмкін.
Төмендегі келтірілген түсініктер дұрыс па? Иә немесе жоқ деп жауап беріңіз.
А) төрт миллиард жыл бұрын тіршіліктің пайда болу кезінде атмосфера, гидросфера және топырақ болған;
Б) атмосфералық азот негізінен вулканның атқылауынан пайда болған;
В) мұнайда, көмірде, торфта болатын энергия-бұл өсімдіктермен байланысқан күн энергиясы;
Г) ядролық энергия – бұл өсімдіктермен және басқа организмдермен байланысқан күн энергиясы;
Д) топырақ бұл биокостық зат, себебі ол минералдық компонентттерден, органикалық және организмдерден құрылған;
Е) биосферада биологиялық заттардың айналымы – тіршілік және адам үшін тұрақты шарттарының негізі болып келеді;
Ж) тірі организмдер тау жыныстарының бұзылуында және желдетуінде ролі маңызды емес;
З ) озон экраны жердегі өсімдіктердің тіршілік ету барысында пайда болған;
Көмірқышқыл газдың Жер атмосферасында бөлу көлемі шамамен 1100 млрд. тоннадай. Бір жыл тіршілік ету кезінде өсімдік бір миллиард тоннаға жуық дейін көмірқышқыл өндіретіні анықталған. Шамамен сондай мөлшері атмосфераға шығарылады. Қанша жыл ішінде атмосфера құрамындағы бүкіл көмірқышқыл газы организмдер арқылы өтеді?
Стратосферадағы озон мөлшерінің азаюы күннен келетін сәулелерді сіңіруді төмендетеді және атмосфераның төменгі және Жердің жоғарғы қабатын қыздыратын сәулелердің ағынын шамалы көбейтеді. Стратосферада озон концентрацияның азаюы оны шамалы суытады және стратосферадан жерге бағытталған инфрақызыл сәулелердің ағынын азайтады, нәтижесінде оның салдарынан атмосфераның төменгі салқындауына әкеледі. Есептеулер бойынша осы әсер күн сәулелерінің ағындарының озондық ұлғаюдан болатын жылуынан маңыздырақ. Кестені толтырыңыз.
30-кесте
Озон молекулалары
Молекула қасиеті
Қалдырылған нүкте орындарын толтырыңыздар. Оттегінің биогеохимиялық циклі атмосфераны, гидросфераны және литосфераны байланыстыратын ғаламшарлық процесс болып келеді. Атмосферада бос оттегінің негізінені молекулалық күйде кездеседі. Сонымен қатар және
......... болады. Бос оттегі тіршілікті қолдайды, өзі де тіршілік ету өнімі болып келеді.
Атмосфераның нағыз ластануы кезінде неге оның құрамындағы құбылыстар өзгермейді? Өнеркәсіптерден шығатын қалдықтармен атмосфераның ластануының қауіптілігі неде?
Қалдырылған нүкте орындарын толтырыңыздар. Ядролық энергия өндірісінде жыл сайын шамамен төменгі және аралық 200 000 м3
белсенділіктегі және жоғары белсенді 10 000м3 қалдықтармен пайдаланылған ядролық отындар түзіледі. Эскплуатацияға жаңа атом электр станцияларын енгізген сайын және олардың эксплуатациядан шығуына байланысты бұндай қалдықтар мөлшері күн сайын өсуде. Радиоактивті қалдықтардың мәселесін шешу халықаралық ынтымақтастықты талап етеді, өйткені
……………………………………….
Радиоактивті қалдықтар биосфера үшін ең қауіпті қатер болып табылады, өйткені…………………………………….
Мұнай өңдеу зауытында құрал –жабдықтардың дұрыс жұмыс істемеу салдарынан жақын көлге апатты зиянды қосылыстар төгілді. Төгілген мұнай өнімдерінің массасы 500 кг-ға тең болды. Осы көлде тіршілік ететін балықтар тірі қала алады ма, егер өзен суының массасы шамамен 10 000 т-ға тең болса? Балықтар үшін мұнай өнімдерінің улы концентрациясы 0,05 мг/л.
Көмірмен жұмыс істейтін электр станциялар атмосфераға көміртектің тотықтарын ғана емес, сонымен қатар күкірттің, уранның басқа да элементтердің оксидтерін түзеді. 1x109 Вт қуатты электр станциясы тұтынатын көмір массасын, сонымен қатар осы электр станциясының бір тәуліктегі атмосфераға шығаратын көміртектің (IV), күкірттің (IV), уранның (IV) оксидтерінің массасын анықтаңыз.