Р. С. Оразбаева



бет19/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
bioekologia-kniga

Дұрыс жауапты таңдаңыз. Мұхит фитопланктоны қоректік заттарды толығымен аккумулизациялай алмайды және оларды ұзақ ұақыт сақтай алмайды, өйткені онда:

А. Қысқы уақытта тіршілік ететін бір клеткалы организмдердің Б. Ұзақ уақыт бойы тіршілік ететін организмдердің
В. Көп жылдық көп клеткалы организмдердің болуына байланысты.



  1. Жер планетасында тіршілік қандай алты негізгі шарттардың, жағдайлардың экологиялық факторлардың болуымен анықталады?

А. Су, оттегі, көмір қышқыл газы, температура, минералды қоректік тұздар және тұздылық;
Б. Су, оттегі, азот, температура, минералды тұздар, тұздылық;
В. Су, оттегі, көмірқышқыл газы, сутегі, минералды тұздар, тұздылық;
Г. Оттегі, көмірқышқыл газы, температура, минералды тұздар, тұздылық, азот.



  1. Cтратосферадағы озонның мөлшерінің биосфераға тигізетін салдарларын тізіп жазыңыз.




  1. №22кестеде көрсетілген мәліметтерді пайдалана отырып, биосфераның тірі заттарының таралу сызба нұсқасын құрастырыңыз.

  1. кесте




Құрлық

Өсімдіктердің басым болуы, жоғары дифференциация. Жалпы
биомассаның жоғарғы пайызы 99.2%

Мұхит

Жануарлардың басым болуы, жалпы биомассаның төмен
дәрежесіндегі пайызы - 0.13%.




  1. “Техносфера биосфераны ығыстырады және орнын басады” түсінігін қалай түсіндіруге болады? Қазіргі адамзаттың техникалық орасан зор мүмкіншілігін неліктен өзін –өзі жоюшы потенциал деп те атауға болады?




  1. 23–кестені толтырыңыз.

Кейбір антропогендік факторлардың биосфераға әсері



  1. кесте




Адамның іс- әрекеті

Экожүйедегі болуы мүмкін
өзгерістер

Мысалдар

Қолайсыз салдардың алдын
алу шаралары

Зат айналымының
өзгеруі










Радиация фонының
жоғарылауы










Акклиматизация










Жерді жырту










Малды белсенді
түрде жаю













  1. Жер шарында озон экраны мен магниттік өріс болмаса, планетада неліктен тіршілік болмаған болар еді? Түсіндіріңіз.




  1. Биосфераның ерекшеліктерінің бірі- оның космоспен үздіксіз байланысы. Гелиобиологияның ғылым болып танылған уақытын атаңыз.




  1. Ядроға дейінгі организмдердің қандай ерекшеліктері өзекті экожүйедегі- биосферадағы олардың функцияларын қамтамасыз етеді? Неліктен тек қана жалғыз ядроға дейінгі организмдер биосфераның тіршілігін қамтамасыз ете алмайды?




  1. В.И.Вернадскийдің тұрақтылық заңын мысалдар келтіріп түсіндіріңіз.




  1. Эколог Ли Талбот: «Біз ата–анамыздан жерді мұраға алған жоқпыз, біз оны бабаларымыздан қарызға алдық» деген. Сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз.




  1. Биосферадағы тіршіліктің таралуының сипаты қандай? Тірі заттардың концентрациясы көп шоғырланған тіршілік орындарын атаңыз.




  1. Шөлейттенудің экологиялық проблемасы немен түсіндіріледі?




  1. Биосфераға тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5x1018 г (құрғақ заттарға шаққанда) тең және ол биосфераның жалпы массасының (3x1024 г) елеусіз, аз бөлігін құрайды. В.И. Вернадский тірі зат-планетарлық дамудың өте зор геохимиялық және энергетикалық факторы деп есептеген, өйткені (сөйлемді жалғастырыңыз.)




  1. Өсімдіктерді аурудан, зиянкестерден қорғауда, арамшөптермен күресте көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде пестицидтер кеңінен қолданылады. Адамдар үшін пестицидтердің зиянды бар екенін ғылыми түрде дәлелдеңіз.




  1. Неліктен Жер шарының негізгі тұрғындары теңіз деңгейінен 3 000 м- ден аспайтын аймақтарда жиналған?

  2. Биосфераның өзекті экожүйе және басқа экожүйелерден масштабымен ерекшеленетін екендігін экологиялық жүйелердің құрылу заңдылықтары негізінде дәлелдеңіз?

  3. Тірі заттардың негізгі қасиеті -көбеюге қабілеттілігі. Балуба халқының ертегісінде піл Аспан баласына шағымданады: “Менен анағұрлым кіші, басқа аңдар неліктен көп балалы болады, ал менде тек біреу ғана?” Бұған Аспан баласы қалай жауап береді? Бұл берілген мысал И.В.Вернадскийдің “тіршілік қысымы” деп аталатын процеске қатысы бар ма?




  1. Жер шарының климаттық белдеулері бойынша өсімдіктердің биомассаларының таралу заңдылықтары қандай?




  1. Қоңыржай және тропикалық климаттағы аудандардағы топырақтарда органикалық заттардың ыдырау жылдамдықтары бірдей емес. Қай аудандарда бұл процесс тез, ал қай аудандарда баяу жүреді?




  1. Фосфор айналымының сызбанұсқасын құрастырып, ондағы заттардың орналасу бағытын түрлі- түсті бағдаршалармен көрсетіңіз:

  1. көкпен – топырақтан өсімдіктердің фосфаттарды сіңіруі

  2. қызылмен - өсімдіктен жануарлар мен редуценттерге қоректік тізбек арқылы фосфордың органикалық қосындыларының қозғалысы

  3. жасылмен – қоршаған ортаға консументтер мен редуценттерге бейорганикалық фосфордың бөлінуі (суға, топыраққа).




  1. Жер бетінде тіршілік біркелкі емес таралған. Биосферада тіршіліктің жоғары концентрациялы жинақталған аймақтары: судың, ауаның және тау жыныстарының шекараларының бөліну аймақтары жатады. В.И. Вернадский оларды «тіршілік қабықшасы» деп атады. Мұхиттың жоғары 100 метрлік қабатында бүкіл планктондардың 95% - ы, ал 1г топырақта микроағзалардың 2,5 млрд клеткалары кездеседі. Су, ауа және қатты субстраттың, яғни барлық үш ортаның тығыз байланыста болатын жерлерінде белсенді биогеохимиялық процестер және тіршілік өте жақсы дамыған. Бұндай мекен орындарында тіршілікке қажетті барлық факторлар кездеседі. Өзен қолтығында, теңіз жағалауларында «тіршіліктің қоюлығы» деп аталатын түрге бай бірлестіктер дамиды. Жер бетінде тіршіліктің біркелкі емес болуы неге байланысты?




  1. Биосферада азот айналымының сызбанұсқасын бір бағытта көрсетіп құрастырыңыз:

1) көкпен- азоттың фиксацияланған орындарынан өсімдіктерге жылжуы (бұршақ тұқымдастар, өндіріс, атмосфералық электр зарядтар); 2) қызылмен – қоректік тізбек арқылы органикалық азотты қосылыстардың өсімдіктерге, жануарларға, газ түрлі азотты бөлетін бактерияларға және оларды
фиксациялайтын бактерияларға жылжуы; 3) жасылмен – бейорганикалық азотты қосылыстардың қоршаған ортаға бөліну бағыттары бойынша .



  1. Биосфералық қорықтар аймақтық құрылымдарға ие (135-суретке қараңыз). Әрбір үш негізгі аймақтың ерекшеліктерін көрсетіңіз …………………






  1. сурет. Биосфералық қорықтардың аймақтануының екі нұсқасы 1- буферлі аймақ, 2- буферлі аймақ, 3- орталық аймақ, ядро




  1. Биосфераның дамуы қоршаған ортаның есебінен жүйелердің дамитын заңдылығымен сәйкес жүрген және жүреді де. Бұл заң бойынша: кез келген табиғи жүйе тек ғана қоршаған ортаның материалдық-энергетикалық және ақпараттық мүмкіншіліктерін пайдалану есебінен жүреді. Алғашқы биосфера 4- 3,5 млрд жыл бұрын пайда болған. Олардың пайда болуы қандай организмдермен байланысты?

  2. Биосфера тұрақтылығының маңызды факторы биологиялық алуан түрліліктің кедейленуінің қауіпті себептеріне не жатады?




  1. Биосфераның шекараларын көрсетіңіз.




  1. сурет. Биосфераның шекаралары

  1. 133-суретпен танысыңыз. Мұнда табиғаттағы азот айналымына мысал келтірілген: а) берілген айналымға қатысатын компоненттерді рет – ретімен жазыңыз; б) азот қозғалысы бағытын көрсетіңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: бұғының қоректену тізбегі мен азот айналымының байланысын көрсетіңіз; азотты фиксациялайтын бактериялар мен балдырлар жойылғанда айналымда қандай өзгерістер болады және неліктен? Азот айналымын атмосферада жақсы баланстанғандардың қатарына жатқызуға болады ма?




  1. сурет. Айналым компоненттері




    1. Азотты фиксациялайтын бактериялар. 2.Топырақтың аммиак қосылыстары .

  1. Денитрификациялайтын бактериялар

  2. Жасыл өсімдіктер

  3. Жануарлар (қоян, бұғы)

  4. Атмосфералық азот

  5. Белок құрамындағы азот




  1. 138- суреттегі оттегі айналымын аяқтаңыз: а) оттегі қозғалысының бағытын көрсетіңіз; б) берілген айналымға қатысатын компоненттердің аттарын жазыңыз. Атмосфераға көмірқышқылының көмірқышқыл газы (СО2) түрінде келіп түсетін процестің атын атаңыз.



  1. сурет. Оттегі айналымы

  1. Өлі затпен салыстырғанда тірі затта көбірек морфологиялық және химиялық әртүрлілік кездеседі. Мысал келтіріңіз.




  1. Азот - ол ақуыз және нуклеин құрамына кіретін ең бағалы биогенді элемент болып табылады. Атмосферадағы азот мөлшері жеткілікті, бірақ оны тірі организмдер өз қажеттілігіне пайдалана алмайды. Өйткені атмосферадағы азот берік химиялық байланыста болады. Азот фиксациялаушы бактериялар көмегімен атмосферадағы берік химиялық байланыстағы азоттың молекулаларын бұзып, оны тірі организмдер пайдалана алатын күйге айналдыра алады. Осындай бактериялардың көмегімен егістіктегі жоңышқа бір маусымда 150-160 г азотты жинақтайды. Осындай азоттың массасы ауаның қандай көлемінде м3 кездеседі? Тыңайтқыш ретінде қолданатын 10%-тік аммиак суының ерітіндісінің қандай массасын бір маусымда бір га-дан азоттың 10 кг га мөлшерін жинақтайтын жоңышқамен алмастыруға болады? Алынған нәтижелерден биосфералағы азоттың айналымындағы және минералды шикізаттарды тиімді пайдалану жөнінде микроорганизмдердің рөлі жөнінде қорытынды жасаңыз.




  1. Төмендегі фактілерді салыстырыңыз: организмде көмірсулар мен майлар 370 С температурада, ал организмнен тыс 400- 5000 С температурада тотығады; азот пен сутектен аммиактың синтезін микроорганизмдер қалыпты температура мен қысымда, ал өндірісте 5000 С температурада және 300- 350 атм. қысымда жүзеге асырады. Бұл фактілер нені дәлелдейді?




  1. Биосфераның экологиялық торы күшейткіштер сияқты: бір жердегі елеусіз кішкене ғана өзгеріс, басқа жерде зор үлкен ұзақ уақыттық салдарды тудыруы мүмкін. Б. Коммонердің қандай заңының негізінде бұл құбылысты түсіндіруге болады?




  1. Жер планетасындағы тіршілік қандай алты негізгі жағдай- экологиялық факторлардың болуымен анықталады?

  2. Неліктен биосфераның ластану проблемалары демографиялық жарылыс проблемасымен салыстырғанда, маңыздырақ және қауіпті? Жауапты негіздеңіз.




  1. Биосфераның тірі заттарының функцияларын нақтылы мысалдар арқылы көрсетіңіз. 24-кестені толтырыңыз.

24-кесте



Функциялары

Мысалдар

  1. Газдық

  2. Энергетикалық

  3. Жинақталу

  4. Тотығу-тотықсыздану

  5. Деструкторлық

  6. Орта түзушілік

  7. Тасымалдаушы







  1. Газдың атауларын және олардың атмосферадағы үлесін (%-бен) жазыңыз (139-сурет). Адамдардың қателігінен үлестері азайып отыратын атмосфералық газдарды атаңыз. 25- кестені толтырыңыз. Ортаңғы бөлікке атморфераның негізгі ластаушыларын жазыңыз, оң жақ бөлікке осы заттардың адам мен табиғатқа әсерін жазыңыз.





  1. сурет. Жер атмосферасының газдары

Ауаның негізгі ластаушы көздері және олардың табиғат пен адамға әсері


25-кесте



Атмосфераны ластайтын заттар

Ластанудың негізгі көздері

Табиғат пен адамға ластаушылардың әсері

Көміртегі оксидтері (СО, СО2)







Күкірт оксидтері (SO, CO2)







Азот оксидтері (NO, NO2)







Қорғасын және басқа ауыр металдар







Қалқитын қосындылар (шаң, күйе және т.б..)







Радиоактивті заттар










  1. Биосфераның ноосфераға ауысуын қамтамасыз ететін себептерді тізіңіз, бұлардың арасында қандай байланыс бар? Қандай себеп сіздің ойыңызша ең маңызды? Ноосфера дәуірінде неліктен қоғамның дамуы белгілі тұрақтылыққа жетуі керек?




  1. Тасу энергиясы – шамамен күн энергиясының 0,0017 %-ін құрайды. Жер жылуы – шамамен 0,5%-ін күн энергиясы. Кесте мәліметтерін мазмұнға айналдырыңыз және күн сәулесінің энергиясының шығындары туралы және фотосинтезге қатысатын бөлігі туралы қорытынды жасаңыз.

Күн сәулесінің энергия шашылуы (% биосфераға жылдық түсуі):


26-кесте



Күннің сәулелендірілуі

%

Шағылу

30

Жылуға айналады

46

Булануы, жауын-шашын

23

Жел, толқындар, ағын

0,2

Фотосинтез

0,8




  1. Биосфераның орталық звеносын не құрайды?




  1. Биосфераны алмастыруға болады ма?




  1. Л.С.Бергтің айтуынша: «Организмдер физикалық көзқарастар тұрғысынан мүмкін емес процестерді жүзеге асырады». Бұл түсінікке мысал келтіріңіздер.




  1. Қазіргі ғылымның көзқарасы бойынша, тірі заттарға кейбір арнаулы қасиеттер тән. Ол қандай қасиеттер?




  1. Қандай жағдайда «ноосфера» түсінігі пайда болды?




  1. Биосферадағы тіршіліктің жүруіне физика-химиялық жағдайлардың қайсысы қолайлы?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет