Есептеушарттары:а) көміртектің, күкірттің және уранның көмірдегі массалық үлесі (әрқайсысына лайықты) 0,70, 0,05 және 2x106; б) жылу энергиясының электрлік энергияға айналатын жылу энергиясының үлесі 0,5-ке тең; в) көмірдің жануының меншікті жылуы 27 МДж/кг; г) күкірт және көміртек оксидтерінен түтін газдарын тазалау жүзеге асырылмайды; д) UO2 құрамында болатын аэрозольдар түрінде уран атмосфераға түседі. Көмір құрамындағы бастапқы уранның 4%-і аэрозоль формасына түседі.
От жағатын қазандықтар тәулігіне екі тонна көмір жағады. Көмірдің құрамы: көміртек (84%), сутек (5%), күкірт, (3,5%), су (5%), жанбайтын заттар (2,5%). Жағуға жұмсалынған оттектің шығымын толтыру үшін орманның ауданы қандай болу керек? Бір га орман тәулігіне он кг оттегі бөледі деп есептеу керек.
Лақа тұқымдасына жататын хариус және форель сияқты балықтардың түрлері таза суға өте сезімтал болып келеді. Өндірістік сулар мен қышқылдық жаңбырлармен түсетін табиғи судың бір литрінде 3x10-6 моль күкірт қышқылы болса, онда бұл балықтардың майшабақтары өледі. Хариус пен форель сияқты балықтардың майшабақтары үшін бір литр судағы күкірт қышқылының қандай массасы қауіп төндірмейді?
Жер бетіндегі күннің энергиясы мына процестерге жұмсалады: (дұрыс жауабын көрсетіңіз).
а) органикалық заттардағы химиялық байланыстардың энергия аккумуляциясына жұмсалады
б) су массасының булануы мен жылынуы в) таулардан тастың төменге жылжуы
г) ауа массасының орналасуы
е) космостық корабльдің ұшуы кезіндегі ауырлық күшінің игерілуі
АҚШ-тың фабрикаларының бірінде бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрамында Менделеевтің периодтық жүйесінің II тобына жататын элементі бар люминесцентті бояумен сағаттардың және әскери приборлардың циферблаттарын жұмысшы әйелдер бояған. 10-15 жылдан кейін фабриканың көптеген әйелдерінде сүйектің қатерлі ісіктері анықталған. Осы элементтің хлоридіндегі элементтің массалық үлесі 0,761 тең. Осы элементті анықтаңыз.
Андрей Вознесенский поэмасындағы «Оза» мынандай жолдары бар: Сенің барлық қорғанышың
30 метр озон!
Сенің тірлігің санаулы Атылған оқ секілді
30 метр озон-барлық қорғаныс және...
Вознесенский озон қалыңдығының қалыптасуына қажетті жағдайды атап айтпаған (қысым, газ, температура). Егер атмосферадағы барлық озонды жер бетіне жинауға болатын болса, озон қабатының қалыңдығын есептеңіздер.
Сумен, SO3 ,NO3 байланыста қандай химиялық реакциялар жүзеге асады және оның нәтижесінде қандай экологиялық зардаптар пайда болады?
Неге қышқыл жауын – шашын соңғы кезде экологтардың назарын аударып отыр?
Күн энергиясының пайдалануының мақсатын түсіндіріңіз?
Ғалымдардың болжауы бойынша алдағы 150-180 жылда атмосферадағы оттегінің мөлшері салыстырғанда 3 есе азаяды деген қауіпті болжам бар. Адам шаруашылығының қай түрі атмосферадағы оттегі мөлшерінің кемуіне өз септігін күшті тигізеді?
Қышқыл жаңбырды тудыратын реакцияларды теңестіріңіз: SO3 +H2O →H2 SO4
N2 O3 + H2 O →2HNO3 2NO + H2O→HNO3 +HNO2 Қалалы жердегі атмосфераның зиянды газдар мен түтіндерден тазартудағы желдің ролі қандай? Атмосфера жағдайына қаладағы көшелердің орналасуы әсер ете ме?
Неге атмосфераның басты ластаушылар мыналар болып табылады: жылу электр станциялары, от жағатын қазандықтар, мұнай өндіруші өнеркәсіптер және автотранспорт? Қандай заттектер осы аталғандардың жұмыстары нәтижесінде атмосфераға бөлінеді?
Атмосферадағы көмірқышқыл газының көбеюі яғни парниктік эффект төмендегі факторге алып келеді (дұрыс жауаптарды көрсетіңіз).
а) атмосфераның төменгі қабатындағы температурасының төмендеуі б) атмосфераның төменгі қабатындағы температурасының жоғарлауы в) көп жылдық мұздың еруіне
г) организмдердің улануына
д) жердегі радияциялық фонның көбеюіне
Залалсыздандыру мақсатында ауыз суды хлорлауда судағы өте майда қоспалардан суда канцерогенді құрамында хлоры бар көмірсутектер түзілуі мүмкін. Микрорганизмдер мен улы ластанушылардың мөлшері аз болатын жер асты суларымен салыстырғанда, беті ашық су қоймаларының (өзендер, көлдер және т.б.) суын пайдалануда су қарқынды хлорланады. Қалалардағы жер асты су көздерін қолданатын адамдарда беті ашық суоймаларын пайдаланатын аудандарға қарағанда рак ауруларынан өлім қаупі жоғары. Мысалы, 0,5 млн халқы бар тұрғындар үшін онкологиялық аурулардың бір жыл ішіндегі өліммен аяқталатын мыңының жиырма бірін жер асты скважинаның әлсіз хлорланған суын пайдалану нәтижесінде болдырмауға болады. Сіздің мөлтек ауданыңызда сумен қамтамасыз етудің қандай көзін қолданылатынын анықтаңыз және хлорланған судың қасиетін сипаттаңыз.
«Қай жерде дәрігер керек емес?» Қаланың екі ауданында балалар ауруын тексеру жүргізді. Бірінші бөлікте балалардың жұқпалы ауруымен ауруы тыныс алу мүшелерінің ауруы 1,5 есе, жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ауруы 2-2,5 есе біріншімен салыстырғанда артық. Осы жағдайларды түсіндіріңіз және балалардың денсаулығын сақтау жолын көрсетіңіз?
Биосферадағы организмдердің тіршілігінің шегін анықтайтын физика- химиялық жағдайларын көрсетіңіз.
Жер сілкіну, борандар, тайфундар сияқты апаттар адамға және табиғи ортаға орасан зор зиян, шығын алып келеді. Мысалы, Нью-Орлеан қаласы түгел жойып кеткен.”Катрин” дауылы немесе Фукусимадағы жахандық АЭС апаты. Мұндай катаклизмдерді болдырмауға мүмкіндік болмаса да, олар туралы алдын ала білсек және қауіпті территорияны уақытылы тастап кетуге үлгерсек - жер сілкіну, су алу, су тасу, дауылдарды алдын ала болжаудың жолдарын ұсына аласыз ба?