Р. С. Оразбаева


Ауа тамырлары шық немесе жаңбыр түріндегі ылғалдарды сіңіруге бейімделген. 46



бет28/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
bioekologia-kniga

44. Ауа тамырлары шық немесе жаңбыр түріндегі ылғалдарды сіңіруге бейімделген.
46. Адаптация.
49. Лампа жарығына жарғанаттар қоректенетін түнгі көбелектер және басқа бунақденелілер жиналады, яғни жарғанаттар жарықты қорегін аулау мақсатында пайдаланады.

  1. Бозқұтан суда, таяз суларда көбіне батпақты жерлерде, биік шөптесінді жерлерде тіршілік етіп, балықтармен және қосмекенділермен қоректенеді. Оның ұзын аяқтарына, қауырсындарына, саусақтарының орналасуына, мойны мен тұмсығының ұзындығына назар аударыңыз. Бозқұтанның қоршаған ортаға бейімделушілігі немен түсіндіріледі?

  2. Қашу-а, з; бағыну-б, г, д; қарсыласу- в, е, ж.

  3. Біріншіден жауларынан бүркену үшін сегізаяқтардың қорғаныш бейімделушілігі. Екіншіден жытқыш сегізаяқтар аулау кезінде өзінің жемтіктері үшін байқаусыз болып қалады.

  4. Қолайлы температуралық жағдайда көптеген бауырымен жорғалаушылар қыстық ұйқыға кетпейді.

  5. Құстардың мелшиіп қалған кезінде зат айналымы күрт төмендейді, құстарды қорекке қажеттілігігінің төмендеуі өлімнен сақтап қалады. Құстар ашық жерлер жағдайының тіршілігне бейімделген: олардың біреулері жақсы ұшқыштар, басқалары шөпте тығылады, үшіншілері тез жүгіруді қорғану ретінде пайдаланады.

  6. Жануарлар сусымалы құмда қозғалуы аяқ-қолдарының ауданының ұлғаюы есебінен бейімделген. 57.

  7. Балаларының ала бажақ реңі бүркеніп байқаусыз қалуын қамтамасыз етеді.

  8. Көптеген терең суларда тіршілік ететін жануарлар сәуле шығарады. Терең қабатта жауларынан қорғана отырып, былқылдақденелілер қоңыр емес, сәулеленетін сұйықтық шығарады.

  9. Селекция.

  10. Ыстықта жапырақтардың ылғалдылықты буландыруы өте қатты жоғарылайды. Сусызданудан құтылу үшін баобаб жапырақтарын түсіреді, нәтижесінде судың булануы күрт азаяды.

  11. Киттің массасы 100 т-ға жетеді. Суда бұл масса итеру күшімен теңестіріледі. Құрлықта китте мұндай масса қысымынан қан тамырлары қысылады, тыныс алу тоқтап, өлімге соқтырады.

  12. Морфологиялық бейімделушіліктер, мысалы бунақденелілерде; физиологиялық бейімделушіліктер, мысалы қайта сору жолымен организмдерде судың сақталуы; мінез-құлықтық.

  13. Жануарлар бүктеліп жатқан кезінде денелерінің жоғарғы беті анағұрлым азаяды, нәтижесінде жылу беруі азаяды.

  14. Бұл жануарларда жылуды тез жоғалтуға кедергі жасайтын тері асты қабаты жақсы дамыған.

  15. Жануарлардың денесінен тердің булануы жылу алмасуды қамтамасыз етеді, бірақ иттерде тер бездері саусақтарының жастықшаларында ғана орналасқан, сондықтан ыстық күндері организмнің салқындауын ұлғайту үшін ит аузын кең ашып тілін шығарады. Тілдің және ауыздың бетінен сілекейдің булануы оның денесінің температурасын төмендетеді.

  16. Басқа түстермен салыстырғанда қара түс жылуды жақсы сіңіреді. Қоңыр боялған суыққанды бауырымен жорғалаушылар тезірек жылиды және белсендірек болады. Сондықтан ареалдың суық бөліктерінде бауырымен жорғалаушылар жиірек кездеседі.

  17. Жылықанды жануарлар қоршаған ортаның жоғарғы температурасын көтере алмайды. Осыған байланысты организмнен артық жылудан құтылу үшін көп энергия жұмсайды. Жоғарғы температуға бейімделуге тура келетін жерлерде су тапшылығы орын алады.

  18. Бақалар, крокодилдер мен бегемоттар суда болған кезде, тыныс алуына өте қажетті ауасыз тіршілік ете алмағандықтан, олар танауларын су бетіне шығарады. Көздері жаулары мен жемдерін қарауға көмектеседі.

  19. а.

88. Жануарлардың бір-біріне тығыз болып жинақталуын жылуды жақсы сақтауына жағдай жасайды.

  1. Қатаң абиотикалық жағдайлар, кедей өсімдік әлемі жануарлар түрлерінің аз сандылығын және олардың массасының төмен болуына әсер етеді.

  2. Тамыр жүйесінің қалыпты физиологиялық қызмет етуі топырақтың жоғары қышқылдылығынан, нашар аэрациясынан және шымтезек батпақтарындағы улы заттардың болуы нәтижесінен бұзылады.

  1. Төселетін бұтақтар қар астында қыстайды және төменгі температураның зиянды әсеріне ұшырамайды. Төменгі температуралы аймақтағы өсімдіктерді іріктеу бірнеше мыңдаған жылдар бойы эволюция барысында қалыптасты.

  2. Су клеткаларға қажет, өйкені оларға қажет заттар ерітінді түрінде өтеді. Клетка қабырғасы қатты заттарды өткізбейтін целлюлозадан тұрады және қоректенудің жалғыз тәсілін қоректік заттардың ерітіндісін соруды қамтамасыз етеді.

  3. Шыршаның негізгі тамыры нашар дамыған, ал бүйірлік тамырлар топырақтың қоректік заттарға бай беткі қабаттарында өседі. Тығыз топырақта өсетін қарағайдың негізгі тамыры жақсы дамыған және тереңге кетеді. Құмды топырақтарда өсетін қарағайда негізгі тамырдан басқа жанама тамырлар жақсы дамыған. Жанама тамырлар жоғарғы қабаттарында орналасып ағаштан алыс жерге дейін дамиды.

98. Метан түзуші бактериялар

  1. Францияда алғаш рет арнаулы таңдалынған зең саңырауқұлақтарымен “Рокфор” ірімшігін дайындауды бастады. Бұл саңырауқұлақ адамға қажетті заттарды бөледі және ірімшікке өткір дәм мен өзіне тән иіс береді.

  2. Ағаштар вегетациялық кезең бойына ауаның шаңын 42%-ке, ал жапырақсыз кезеңінде 37% -ке азаяды. Аэразольдарды және шаңды ұстайтын қабілетті ағаштарға мыналар жатады: шегіршін, тұт ағашы, шетен, мамыргүл, аюбадам. Мамыргүл мен шегіршіннің шаңнан өте жақсы қорғайтын қасиеті бар. 1га- дағы шыршаның бөрікбасы жылына 32 тонна шаңды, қарағай 36 тоннаға дейін, емен 56 тонна, бук 63 тонна. Ластану көзінен 500 метрге дейінгі радиуста газға тұрақты өсімдіктерді егу ұсынылады. Олар канаттық терек, бальзамдық терек, майда жапырақты үйеңкі, ақ тал, кәдімгі арша, қызыл аюбадам.

110. Арктикалық тундрада 30 см тереңдікте мәңгі мұздылық болады. Ал шөлде грунт сулары өте терең орналасқан. Топырақтағы өсімдік тамырларының әртүрлі орналасуы осымен түсіндіріледі.
113.. Қою клетка шырында қант көп, сондықтан өсімдік кенеттен болған аяздарды оңай көтереді. Көктемде шырын қозғалысы басталысымен аз концентрациялы қанты бар су келе бастайды, сондықтан көктемдегі кішкене үсіктер кезінде клеткаларда мұздың кристалдары түзіліп, олардың істік ұштары клетканы зақымдап, клетканың өліміне әкеледі.

  1. Бұл жүзеге аспайды, өйткені өсімдік битінің санын шектеуші факторлар: қордың жетіспеушілігі, қолайсыз жағдайлар, жаулар, аурулар және т.б. көбею қабілеттілігінің аяғына дейін толығымен жүзеге асуына мүмкіндік бермейді.

  2. Ылғалдың оңай жеткілікті болуынан пайда болған гидрофиттердің физиологиялық белгілері клетка шырынының төмен осмостық қысымы, су қорының тез жоғалуына әкелетін шамалы суды ұстау қабілеттілігі. Сондықтан су қоймаларының жағалауынан жиналған гүлдердің тез солатыны жақсы белгілі.

  3. Телевизор алдында отырудың оны көру уақытына және жасқа байланысты. Ересек адамдарға 2-3 сағат қатар көруге болмайды, өйткені

телевизорды көру көзге ауыр жұмыс ғана емес, сонымен қатар жүйке жүйесі үшін де қауіпті. Бас ауру пайда болып, ұйқы бұзылады, еңбекке қабілеттілік төмендейді.

  1. Жапырақтар орнында тікенектері бар кактустар олардың ылғалдылықты үнемдеп жұмсауға бейімделгенін көрсетеді, сондықтан олар құрғақ климатта тіршілік ете алады.

  2. Зат алмасудың толық тоқтатылуы анабиоз деп аталады, бірақ өлімнен айырмашылығы қолайлы жағдай туғанда белсенді өліпмге оралады..Анабиозға жақын күйді жасырын тіршілік деп атайды. Мысалы, бунақденелілердің мүлгу күйі, өсімдіктердің қысқы күйі,топырақтағы тұымдар мен споралардың және кеуіп қалған су қоймаларындағы майда организмдердің сақталуы.

121. Жыландардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты. Арнаулы мүшелер- термолокаторлар көмегімен жыландар жылуды қабылдап, оның бағытына қарай жылжиды. Адам денесі жылу көзі болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет