Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет35/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Сөйлемнің қандай тұрлаусыз мүшелері бар?
2. Анықтауыш дегеніміз не? Анықтауыш қандай сұрақтарға
жауап береді?
3. Қандай мүшені айқындауыш мүше дейміз?
4. Айқындауыштың басқа сөйлем мүшелеріне қандай қатысы
бар?
5. Айқындауыш мүше неше түрге бөлінеді?
6. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не?
7. Қосалқы
айқындауыш
пен
қосарлы
айқындауыштың
айырмашылығы неде?
8. Айқындауыштың тыныс белгілері қандай?
9. Толықтауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Толықтауыштың қандай түрлері бар?
10. Пысықтауыш
дегеніміз
не?
Оның
анықтауыш
пен
толықтауыштан қандай айырмасы бар? Пысықтауыштың
мағыналық түрлері қандай?
1-тапсырма. Анықтауыштарды тауып, сапалық анықтауыш па, әлде
меншіктік анықтауыш па айтыңыз.

Екі жаман қосылса, ұяларлық ар бар ма? (Ақтамберді жырау).
Керіскек болса, келінің жау (Үмбетей жырау). Қойныңдағы қатының 
жаман болса, қаңтардағы мұзбен тең (Үмбетей жырау). Арсыз – 
адамның қоры (Ж.Баласағұни). Ұялмайтын бетке талмайтын жақ 
береді. Опасызда ұят жоқ, ұятсызда опа жоқ (Ә.Науаи). Кімнің ұяты 
жоқ болса, оның иманы жоқ (А.Құнанбаев). 
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті анықтауыштарды қойып,
мақал-мәтелдерді толықтырып жазыңыз.
1. ... қолым – береген.
2. ... жігіт

елдің көркі.
Үкілі қамыс

... көркі.
3. Көп сөз

күміс,
... сөз

ал тын.
4.Аз еңбектен ... нәтиже шықпайды,
Берекесіз осыны да ұқпайды.

65
3-тапсырма. Мәтінді оқып, толықтауыштарды тауып, олардың қай


сөз табынан екенін және қандай мүшені толықтырып тұрғанын анықтаңыз.
Мәтіндегі тура толықтауышы бар сөйлемдерді көшіріп жазып,
синтаксистік талдау жасаңыз.
Нұралы атасы Әбілқайыр хан дүниеден қайтқан соң оның орнына 
Жайықтың шығыс бетіндегі кіші жүз нәсілдері - Әлімұлы, Байұлы, 
Жетіруға хан болып тұрады. Өзі даңқты, әрі білімді, бай һәм саясатқа 
жетік болады. Балалары ер жетіп, өз тізгінін ұстаған соң олардың 
жақсылары да, жамандары да байқала бастайды. Мысалы, бір қатынның 
баласы Бөкей кіші жүздің бір тармағын билеген. Енді бір қатынның 
баласы Қаратай, есім, Орман – «бес бөрі» атанған сотқар болған. Енді 
бір қатынның баласы Сығалы, Қысық дегендер өте тентек, ел бүлдіргіш 
болады, тағы да сол сияқтылар. Сырым Нұралының Есімхан деген 
баласына қыз берулі. Сырым Нұралының балаларының елге берген 
жәбірін айтып, тыйым салуын талап етсе, Нұралы «балалардың ойын 
күлкісін айтып не керек» деп, Сырымның сөзін аяқсыз қалдырады.
Екінші, ханның өзі де елдің жарамды атын қоймайды һәм үй басына 
алым-салық салады. Үшіншіден, Нұралының бел баласы, Сырымның күйеу 
баласы Есімхан Сырымның ауылына келіп қонақ болып жатып, түнде 
Сырымның қызының бір тұлымын кесіп әкетеді. Бірақ оны Нұралы хан 
тыңдамайды.
Ақырында Сырым Хиуаның қасына барып, ханның қазынасына: 
Әділ болуға шартпен отырған ханды өлтірсе құны не болады? – 
деп, сұрайды. Сонда ханның қазысы айтады:
Әділ болуы шартпен тұрған ханды өлтірсе, оның құнын төлеуге 
дүние жетпейді – дейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет