68
A) сөйтіп
B) күндердің, жылдардың
C) ащы, көңілсіз
D) дәстүрін
E) түндердің
7. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз
A) өзі анықтайтын сөйлем мүшесімен қызметтес, тұлғалас болып,
түсіндірмелі мағынада қолданылатын сөздер
B) анықтауыштық реңктегі зат есімдердің нақты зат атауларымен тіркесіп,
оны заттық сапасы ретінде айқындайтын сөздер
C) өзара мағыналас екі жалпы есімнің бірі зат атауы, екіншісі оның заттық
сапасы ретінде тіркесетін сөздер
D) сөйлемдегі ойға қатысы жоқ сөздер
E) сөйлемдегі ойға қатысы бар сөздер
8. Қосалқы айқындауыш Сол бұйраттың бетінде отырған Ілияс
айтқан Айса ақсақалдың аулына келдім.
A) Айса ақсақалдың
B) сол бұйрат
C) отырған Ілияс
D) Ілияс айтқан
E) бұйраттың бетінде
9. Айқындауыштың түрлері
A) есімді, етістікті, құрамды
B) одағай, қыстырма, қаратпа
C) оңашаланған, қосарлы, қосалқы
D) сапалық, меншіктік
E) одағай, меншіктік
10. Сапалық анықтауышы бар сөйлем
A) Үйде отырғандардың үшеуін де таныдым.
B) Жері байдың елі бай.
C) Жұманды сөзге тартып, үй-ішінің көңілін аулады.
D) Андрей Жабай қартпен шүйіркелесе кетті.
E) Жасы 25 шамасындағы, ұзын бойлы қазақ жігіті келеді.
4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемде бір-бірімен салаласа байланысып, бір сұраққа жауап
беретін, бір ғана сөйлем мүшесі бола алатын бірнеше сөздерді сөйлемнің
бірыңғай мүшелері деп айтамыз. Бірыңғай мүшелер бір сөз табынан
жасалады, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады.
С.Аманжолов бұл туралы былай дейді: «Кейбір сөйлемде бастауыш,
баяндауыш толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштар бірнеше болып
келеді. Мұның ойға, ой толықтығына әсері бар. Өйткені бұлардың көп
болуы ойдың жан-жағынан көрінуін, айқындалуын қамтамасыз етеді. Көп
69
бастауышты, әдетте, сыйысқан сөйлем дейміз. Өйткені олар істің
бірыңғайлылығымен ғана бір сөйлем болып тұрады. Істері бірыңғай
болмаса, әрқайсысы бөлек сөйлем болатыны даусыз».
64
Бірыңғай мүшелердің ең соңғысы ойды жинақтап тұрады да, тиісті
септік жалғау тек соған жалғанады:
Олар үлкен-үлкен теңдерді шешіп,
қымбат кілем, әсем түс киіз, алаша көрпелерді алды (М.Әуезов). Бірыңғай
мүшелер интонация арқылы да, жалғаулық шылаулар арқылы да жасалады.
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен салаласа, ал сөйлемнің басқа мүшелерімен
сабақтаса байланысады.
Бірыңғай бастауыштар. Асылбек, Жиренше, Ерболдар да
Базаралыға қадала қарап хабар күтті (М.Әуезов).
Бірыңғай баяндауыштар. Жойқын жұрт ерінбейді де, жалықпайды
да (Ғ.Мүсірепов).
Бірыңғай анықтауыштар. Қазақ әндерінде сол дала тауларының,
өзендерінің, кең алқаптарының өрнектері бар (А.Жұбанов).
Бірыңғай толықтауыштар. Ол әндер елікті де, елдікті де, сұлулықты
да сыйдырған (А.Жұбанов).
Бірыңғай пысықтауыштар. Қазақша, татарша, орысша да күте
біледі (Ғ.Мұст).
Жалпылауыш сөз. Бірыңғай сөйлем мүшелерін жинақтап тұратын сөз
жалпылауыш сөз деп аталады. Ол жалпылау, сілтеу есімдіктерінен және
жинақтық сан есімнен жасалады:
Әр бөлменің ұзынын, көлденеңін, ішкі қатынас есіктерін
бәрін де
Абай өзі қағазға сызып, Әйгерімнің қолына табыс етіп кеткен
(М.Әуезов).
Егер жалпылауыш сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін қос нүкте
қойылады:
Түрксибтен келген вагонмен Москваға тоғыз кісі: Байжан,
Гүлнар, сырбай, Баөытжан, Рахмет, Ағайша, Масаңбайдың екі баласы
мен әйелі жүріп кетті (С.Мұқанов).
Егер соңында келсе, алдынан сызықша қойылады:
Арғын, Найман,
Керей, Уақ
бәрі бас қосыпты (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: