Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет39/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
2. Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілері қандай?
3. Бірыңғай мүшелерді бірыңғай емес мүшелерден қалай ажыратуға
болады?
4. Бірыңғай мүшелер өзара қандай тәсілдер арқылы байланысады?
5. Жалпылауыш сөздер дегеніміз не? Оның қандай ерекшелігі бар?
1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, тақырып қойыңыз. Бірыңғай
мүшелерді тауып, қалай жасалып тұрғанын айтыңыз.
64
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы, Санат.1994. 319 б.


70


Ою-өрнектерді қазақ халқы өзінің қолөнерінде көп қолданған. 
Қазақтар табиғаттың әдемілігін қолөнерде көрсеткен. Қазақ шеберлері 
ою-өрнектермен ыдыс-аяқты, киім-кешекті, қару-жарақты, киіз үйді 
тамаша әшекейлеген. 
Қазақтың ою-өрнектері өсімдік тектес, зооморфтық, космогондық 
және геометриялық ою өрнектер деп бөлінеді. 
Қолөнер шеберлері өзі жасаған бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен 
гүлдердің суреттерін, жапырақтар, үш жапырақты өсімдіктер, 
бүршіктер, гүлдерді ұтымды қолданған. 
Зооморфтық ою-өрнектерді қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, 
бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін бейнелегендерінен 
көруге болады. «Мүйіз» оюының бірнеше түрі бар: «қошқар мүйіз», 
«арқар мүйіз», «бұғы мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», 
«сынық мүйіз», «төрт құлақ», «түйе табан», «сыңар өкше», «қос алқа», 
«құс қанаты», «қазтабан т.с.с. «Қошқар мүйіз» оюы неше түрлі 
формада үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, 
түскиіз), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі,торсық, сандық т.б.) 
сондай-ақ, қару-жарақтарда (қынап, жебе, садақ), киім-кешек, ат 
әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады.
Космогондық ою-өрнектер ғарышпен байланысты барлық 
нәрселерді – жұлдыздар мен айды, жарты ай мен күнді, кемпірқосақты 
бейнелейді.
Геометриялық өрнектерді қиық шаршылар, иректер, үшбұрыштар, 
төртбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою-өрнегінің 
геометриялық нақышы көшпелі қазақтарға грек математигі Пифогордың 
заңдары мен нақты заңдардың белгілі болғанын көрсетеді. Өсімдік 
тектес өрнектермен араласқан геометриялық нақыштарды «Бабажы 
қатын», « Айша бибі», « Қожа Ахмет Иасауи» және т.б. монументті 
құрылыстарынан көруге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет