Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ)



бет42/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ) 

 Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне қатысты ғалымдар еңбектерін


оқып, олардың пікірлерін жазыңыз.
 Сөйлем мүшелеріне қатысты тест тапсырмаларын құраңыз.

Бақылау тапсырмалар:
1. Сөйлем мүшелеріне талданбайтын сөйлем 
A) Кейін қайтуға тура келді.
B) Тыңда, дала, Жамбылды.
C) Оған сенуге де болмайды.
D) Дала. Түн ортасы ауған кез.
E) Оған айтқаның дұрыс болды.
2. Төмендегі сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі
Былтыр да осы үйде, осы ортада жанған оттың екі жағында, көзімен 
қоштасып еді. 
A) құрмалас сөйлем болғандықтан
B) оңашаланған айқындауышқа байланысты
C) қыстырма сөзге байланысты
D) бірыңғай мүшеге байланысты
E) жай сөйлем болғандықтан
3. Бірыңғай мүшелердің араларына қойылатын белгі 
A) үтір, сызықша
B) үтір
C) сызықша
D) қос нүкте
E) нүктелі үтір
4. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгі 
A) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және
Марқакөл.
B) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
C) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
D) Жел қатайып кетті, - күн суытпады.
E) Ауылдан қалаға жеткенше, олардың әбден мазалары кетті.
5. Бірыңғай пысықтауышы бар сөйлем 
A) Сенгіштікпен, аңғалдықпен байқамаппын.
B) Ол қазақша да, татарша да, орысша да күте біледі.


73
C) Нияз тағы да Ғайниге, бауға, балаға, мектепке қарады.


D) Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қарап хабар күтті.
E) Ол бірде биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жұмсақ мінезді еді.

5. Құрмалас сөйлем синтаксисі 

Құрмалас сөйлемнің зерттелуі. Жалпы, қазақ тіл біліміндегі құрмалас
сөйлемдерді зерттеу тарихына көз салсақ, ХХ ғасырдың 30-жылдарының
екінші жартысынан бастап қана ғылыми-зерттеу нысаны етіп алына
бастағанын байқаймыз. Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген қазақ тілі
грамматикаларында құрмалас сөйлем арнайы сөз болған емес. Ал «күрделі
сөйлем», «бағыныңқы сөйлем» деген мысалдар тіліміздің фактілеріне
қарап емес, орыс тіліне аударылған мағыналарына сай шешілген. Сонымен
қатар, оларды құрмалас сөйлем деп арнайы қарастырмай, етістіктің
есімше, көсемше және рай түрлерінің синтаксистік қызметтерін айқындау
мақсатында ғана қарастырған. Мысалы: «Бір кішкене құла тай үстіне тер
қарып тұр екен. Кемпірдің мойны үзіліп өлді».
65
Ол әкесінің артынан тұра
жүгірді».
66
Құрмалас сөйлем жөнінде тіліміздің табиғатына сай алғаш ғылыми
пікір айтушы, құрмаласқа қатысты терминдерді алғаш ұсынушы ретінде
қазақ тіл білімінің көшбасшысы деп А.Байтұрсыновты айтамыз. Ғалым
өзінің «Тіл-құралында» сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық: біріншісі
– ішкі мағына желісі жөніндегі жақындық та, екіншісі – сыртқы қисын
жақындығы
барын
айтқан.
Тек
мағына
желісі
бойынша
жақындасатындарды «іргелес сөйлем», әрі сыртқы қисын жақындықтары
барларын «құрмалас сөйлем» деп атаған. Құрмаластарды «сиыса
құрмаласу», «қиыса құрмаласу» деп бөлген. Бұндағы «сыйыса құрмаласу»
деп отырғаны – «Қарабай мен Сарыбай аңға шықты» тәрізді бірыңғай
мүшелі жай сөйлемдер. Қиыса байланысқан құрмалас сөйлемдерді өзара
тең дәрежеде байланысса, салалас түрі деп, тең болмай, кем дәрежеде
(бағына дегені) байланысса, сабақтас түрі деп қараған. Салаластарды
жиылынқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы деп бес
түрге бөлген. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар. Мен бардым, сен үйде 
болмадың. Не сен тұрасың, не мен тұрамын. Сабыр түбі сары алтын: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет