Бақылау тапсырмалары:
1. Себеп-салдар салаластың өзіндік белгілері
A) себеп-салдар салаластың алдыңғы компоненті кейде себепті, кейде
салдарды білдіріп, өзара не интонация, не себеп-салдар жалғаулықтарымен
байланысады.
B) себеп-салдар салаластың алдыңғы компоненті себепті білдіріп, -ғасын
формалы етістік арқылы байланысады
C) себеп-салдар салаластың екінші компоненті салдарды білдіріп, себеп
пысықтауыш барыс, шығыс септіктегі есімшелер мен үшін шылауы
тіркескен есім сөздерден жасалады
D) бағыныңқысы басыңқының себебін білдіреді
E) бағыныңқысы басыңқының шартын білдіреді
2. Мезгілдес салалас дегеніміз
A) компоненттерінде айтылған ой мезгіл жағынан жуық уақытта
орындалатынын білдіретін сөйлем
B) баяндауыштың мезгілін білдіріп тұратын мүше
C) айтылған ойдың сөйлеуші айтып тұрған уақыттан бұрын не кейін
болғандығын білдіретін сөйлем
D) бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің мезгілін
білдіретін сөйлем
E) бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің шартын
білдіретін сөйлем
3. Төмендегі сөйлем құрмаластың қай түрі
Қар жауып кетті,
оны елеген ешкім болған жоқ (Ә.Ә).
A) ыңғайлас салалас
B) шартты бағыныңқы сабақтас
C) аралас құрмалас
D) қарсылықты салалас
E) мезгіл бағыныңқылы сабақтас
4. Ыңғайлас салалас сөйлемнің жалғаулықтары
A) да, де, та, те, әрі, және
B) әрі, және, -менен, -бенен, -да, -де, бірде, кейде
C) –да,-де,-та,-те,-мен,-бен
D) себебі, бірақ, әрі
85
E) бірақ, кейде, әрі
5. Салалас құрмалас сөйлемнің байланысу тәсілі
A) салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттері өзара жалғаулық
шылаулар, интонация, орын тәртібі арқылы байланысады
B) демеулік, септеулік шылау арқылы
C) септеулік шылау арқылы, орын тәртібі арқылы
D) есімше, көсемше, шартты рай формасы арқылы
E) бір-біріне бағына байланысады
Достарыңызбен бөлісу: |