Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі


Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем



бет56/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

7.Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем. Бағыныңқы және 
басыңқы сыңардағы мағынаның өзара саластырылуы арқылы жасалатын 
құрмалас сөйлемнің түрі салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем деп 
аталады. Салыстырмалы құрмалас сөйлемнің компоненттері өзара тең
қатынаста болады, тек бағыныңқы сыңардың баяндауышы тиянақсыз
формада келеді.
Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем қандай

сондай; қалай

солай; қанша

сонша есімдіктері арқылы жасалады: Қазірде Абай көңілі 
қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын (М.Әуезов). Ауыл қандай 
әбігер болса, қала да сондай әбігер (Ғ.Мүсірепов). Олжабек қалай бұрылса, 
ол солай бұрылады (Ғ.Мұст.).
Өзара салыстырыла жұмсалған сөздер арқылы да салыстырмалы
сабақтас құрмалас сөйлем жасалады: Я, мен көк ит болсам, сендер көп 
итсіңдер (М.Әуезов).
8. Мезгілдес сабақтас сөйлем. Басыңқы және бағыныңқы сөйлемде 
айтылған ой бір мезгілде жүзеге асып жататын сабақтас сөйлемнің түрі 
мезгілдес сабақтас деп аталады. Мысалы: Шай қойылып, ет асылып 
жатыр (С.Т.).
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Құрамында екі 
немесе одан да көп бағыныңқы сыңары бар құрмалас сөйлем көп 
бағыныңқылы құрмалас сөйлем деп аталады. Басыңқы сөйлемнің


91
бағыныңқы сөйлеммен байланысқа түсуіне қарай көп бағыныңқылы


сабақтас сөйлемдер жарыспалы көп бағыныңқылы және сатылы көп
бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.
Құрамындағы
бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы
сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы 
сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Жаңбыр жауа бастаған соң, барлық 
қорқынышты ұмыттық та, үшеуіміз үш жақтап жүріп, Сарқындыны 
жерлеп те үлгердік (О.Бөкей).
Құрамындағы бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлеммен тікелей
байланыспай, өзара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтастың
түрі сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Ертістен 
бер жаққа қарай өтіп, Шығысқа қарай тартатын үлкен керуен жолына 
түсіп алған соң, кең-байтақ оңашада Оспан арбадан түсті (М.Әуезов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет