90
4. Ашық райлы етістік пен деп көмекші етістігі арқылы жасалады:
Бір қолымен қамшының сабынан ұстап тұрды деп, оған қатты ашуланды
(Ә.Кекілбаев).
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен
басыңқы сыңарлардың арасына үтір қойылады.
6.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Бағыныңқы
сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын
білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін мақсат бағыныңқылы
сабақтас сөйлем деп атайды.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас
сөйлемнің бағыныңқы сыңары неге?
не үшін? не етпек болды? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап
береді.
Мақсат
бағыныңқылы
сабақтас
құрмалас
сөйлемнің
компонентерінде өзіндік арнайы грамматикалық бастауыштары болуы
тиіс. Әйтпесе бұл сөйлемдер мақсат бағыныңқылы
сабақтас сөйлем емес,
жай сөйлемнің күрделенген түрі болады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінің бағыныңқысының
баяндаушы:
1. Тұйық етістік пен үшін шылауының қатысуы арқылы жасалады:
Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қиып қояды (С.М.).
2.
Деп көмекші етістігі арқылы жасалады:
Абай өзін толғандырған
ойларын айтайын деп, қағазға түсіре бастады (М.Әуезов).
Мақсат бағыныңқылы сабақтастың басыңқы сыңары мен бағыныңқы
сыңарларының арасына үтіп қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: