Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет71/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
 Сұрау белгісі біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін 
сұраулы сөйлемнен кейін қойылады. Сұраулы сөйлемдер сұрау мәнді 
сөздердің қатысуы арқылы және интонация арқылы жасалады. Сұрау 
белгісі төмендегідей жағдайларда қойылады:
1Ма, ме, ба, бе, па, пе  сұраулық шылауларының қатысуы арқылы
жасалған сөйлемдерден кейін қойылады: 

Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр 
ой тауып айтқан кісі болды ма? – деп сұрапты (М.Әуезов). 
2. Сұрау есімдіктері арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерден  
кейін қойылады: Сонда Әбіш: 

Оның бәрін қалай білдіңіз? – деді 
(М.Әуезов). 
3. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуы арқылы жасалған  
сөйлемдерден кейін қойылады: Саған көп керек шығар?
4. Ғой шылауы мен ә әрпінің бірігуі арқылы жасалған сөйлемдерден  
кейін қойылады: Қанаты қайырылды ғой, ә? 

деді ақырын ғана 
(М.Әуезов). 
5. Сұрау интонациясымен айтылған сұраулы сөйлемдерден кейін 
қойылады: Нұрлан. Өзіңнің есімің? (О.Бөкей). 
 Леп белгісі. Адамның түрлі көңіл күйін білдіретін лепті сөйлем мен 
тілек, өтініш, алғыс, бұйрық, зекіру, зіл сазындағы бұйрықты 
сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады. Сондай-ақ одағай, қаратпа 
сөздер де көтеріңкі дауыспен айтылса, леп белгісі қойылады. 

Алла, басым! 

деп, шешем әңгіменің ауанын бұзып жіберді. 

 
Рақмет, Күлия! 

деді ол қош көңілмен шығып бара жатып (О.Бөкей).
Әке болса, түзде жүр. Енді анамның рұқсатын ал да өзің сөйлесіп, өзің 
алып бер!
Көп нүкте пікірдің аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің 
түсіп қалғандығын немесе асығып, аптығып сөйлеуге байланысты 
айтылмақ пікірдің толық айтылмай қалғандығын білдіреді. Көп нүкте 
көркем шығармаларда, яғни кейіпкерлердің сөздерінде жиі кездеседі. 
Негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан я қысылып ұялғаннан сөзі аузына 
түспей, сөз таба алмай мүдіргенін, сасқалақтағанын білдіру үшін, немесе 
сөз, сөйлем аралығында ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады. 
1. а) Айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіру үшін көп 
нүкте қойылады. Қайтесің Нұрланның шала теориясын... Баянауылдың 
жері жетеді жыртуға ... (З.Шашкин). 


106 
ә) Негізгі ой желісіне қатысы жоқ басқа бір оқиғаны еске түсіру қажет 
болса, сөйлемнің ортасы мен азатжолдың (абзацтың) басында да көп нүкте 
қойылады.
... Қазақтың академиялық Опера және балет театрында 
студенттерге арналған балл. Көз ілеспей дөңгеленіп билеп жүрген 
достарына қарап Нұрлан тұр (З.Шашкин). 
2. 
Сөйлеуші көңіл күйінің әсерінен қысылып сөйлей алмағанда, 
ойдың бөліну себептеріне байланысты дауыс ырғағындағы үзілісті (пауза) 
білдіру үшін көп нүкте қойылады: Кеудеде талай ыстық толқын сезімдер 
сыя алмай сығылысқандай... Өлең әнге оралып еркеленіп келеді...Үзіле 
алмай ырғалады (М.Әуезов). 
3. Айтуға, естуге қолайсыз, тұрпайы сөздердің орнына жазуда көп 
нүкте қойылады да, мағынасы конспект арқылы ұғынылады. 
–  Қарашы, сөзін қарашы .. қаскөйдің, жоқ қылайын сен итті! - деп 
Әзімбай тап берді (М.Әуезов). 
4. Біреудің шығармасынан үзінді, дәйектеме алғанда, оны ықшамдап 
алуда үзілген жеріне көп нүкте қоюға болады. 
Бұдан кейінгі жылдары қазақ балалар фольклорының әртүрлі үлгілері 
«Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты мерзімді басылымдарда жиі 
жарияланып, мектеп оқулықтарында кеңінен пайдаланылады... («Рухани 
уыз»). 
5. Тарихи, ғылыми деректердің қолжазбаларда уақыт әсерімен өшіп, 
жойылып кетуі де кездесіп жатады. Осындай қолжазбаларды 
жариялағанда, сілтеме жасағанда, көрінбеген жерлерінің орнына көп нүкте 
қояды.
Соғыстық. 
Күлтегін Башғы боз атқа мініп шапты. 
Башғы боз ..... 
................. 
Екеуін өзі құртты («Күлтегін» жырынан). 
Мұндағы көп нүктелер тастағы жазудың өшіп қалған орнына 
қойылған. 
Кейіпкерлердің сөзінде кездесетін, бірақ жазуға ерсі, дөрекі, тұрпайы 
сөздер жазылмай, оның орнына көп нүкте қойылады. Көп нүкте саяси, 
ғылыми әдебиеттерде, көбінесе, цитаталарда кездеседі. Цитата келтіруші 
цитата иесін, оның сөздерін, сөйлемдерін толық алмай, қысқарту, 
ықшамдау мақсатымен кейбір сөздерін түсіріп қалдырған орындарға көп 
нүкте қойылады.
Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілері.
1. Адам бір мезгілде ерекше қуанады, шаттанып, таңданады немесе 
екіұдай ойда болады. Мұндай күйді білдіретін сөйлемнің соңына сұрау 
және леп белгісі қатар қойылады. Егер сұрақ сарыны басым болса сұрау 
белгісі бұрын (?!), көңіл күй ауаны басым болса, леп белгісі (!?) бұрын 
тұрады.


107 
Дәу жігіт-ау, бұл заман не боп барады?! – деп аңыраған Зылиқа 
құстай ұшып келіп, Нартайды бас салды (Қ.Жұмаділов).
2. Ой аяқталмай, үзіліп қалған жағдайда оның бірініші бөлігі сұрау 
мағыналы болса, алдымен сұрау белгісі, одан кейін көп нүкте (?...) 
қойылады.
–  Нұрлан дейсің бе?... Оған дейін не бітіресің?... Осындай жерді 
қалай бүлдіріп, қалай қор қыласың?... (З.Шашкин). 
3. 
Көңіл күйді білдіретін сөйлемдерде ой аяқталмай, кілт үзілсе, леп 
белгісі мен көп нүкте (!...) қатар қойылады. 
Несі бар, көмектес!... Ақылдысын мұның!... Қолмен жаудырар ма едің 
жауынды!... Жер!... шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі!... Қызыл сөзге 
салынба, балақай!... (З.Шашкин). 
4. 
Ойдың аяқталмай қалғандығын білдіретін сөйлемдерде үтір 
(тырнақша, сызықша) көп нүктеден кейін қойылады. 
Жырдың негізгі мазмұны соңғы кезеңде алғашқы ырымдық 
қасиетінен ажырап, «Елгезек бол, ерінбе, Ілгері бас, шегінбе ...» сияқты 
ақылгөй тілектермен байланысты (К.Ісламжанұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет