Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет76/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 Қос нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына 
байланысты қойылады. 

Қос нүкте алдымен бірыңғай мүшенің алдында келген
жалпылауыш және жалпылауыш мәнді сөзден кейін қойыылады да, 
жалпылауыш сөздің мағынасын ашып көрсетіп тұрады. Абай жігіттері: 
Жиренше, Ербол, Базаралы, Мырзахандар да сол қонақ тосушылардың 
тобында жүр (М.Әуезов). 

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем құрамындағы бірінші жай
сөйлемнің мазмұны екіншісінде анықталып, ашылып берілетін 
салаластардың арасына қос нүкте қойылады. Мағына екінші сөйлем 
арқылы түсіндірілетін болғандықтан, мұндай сөйлемдер түсіндірмелі 
салалас құрмалас деп аталады да, қос нүкте келесі сөйлемге сілтеп 
нұсқайтындай мәндегі қызмет атқарады. Баянауыл тауын дөңгелете 
қоршаған әдемі үш көл тағы бар: Сабынды, Торайғыр, Жасыбай; бірінен-
бірі артық, бірінен-бірі таза да мөлдір, бірінен-бірі тұнық айдын 
(З.Шашкин).  

Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе, автор сөзінен кейін қос нүкте
қойылады. Аздан соң тағы да өзі сөйледі: «Менің аңғаруымша, сіз тарихқа 
атсалыспаған сияқтысыз. Ол – ғылымның анасы ғой» (М.Әуезов). 
Жақша 

 мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгісі. Жақшаға 
алынатындар, негізінде, сөйлеммен тікелей байланысы жоқ, оның 
мүшелерімен грамматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын 
айқындай түсу үшін қолданатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдер.

Сөйлемдегі негізгі ойды немесе бір сөйлем мүшесін айқындап,
дәлелдеп, қосымша түсінік беру үшін қолданылатын қыстырма мәнді сөз, 
сөз тіркесі не сөйлем жақшаға алынады. Жаз шыға бәріміз (әпкелерімді 
айтамын) апам есіп берген жіпті алып тоғайға отынға аттанатынбыз 
(О.Бөкей). 

Драмалық шығармаларда кейіпкерлердің жүріс-тұрысын, іс-әрекет,
көңіл күйін білдіретін автордың қосымша түсініктемелерін көрсететін 
сөздер, сөйлемдер жақшаға алынады. Нәзипа (кеудесіне басын қойып). 
Өкінбейін бе? Солай ма? Мен дұрыс жасадым ба? Айтыңызшы 
ақиқатын? (З.Шашкин). 

Белгілі үзіндінің не мысалдың қай шығармадан алынғанын,
авторын, шығу дерегін көрсететін түсініктер, ережелер мен жаттығуларда 
көрсетілгендей, жақшаға алынып беріледі. Қыз бен Есен қол беріп 
амандасты. (З.Шашкин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет