19
олардың тіркесу қабілеттері ашып көрсетілді.
Ғалым сөз тіркесін жан-
жақты зерттеп, оның ережесін нақтылады, осы ережеге сүйене отырып,
оның негізгі қағидаларын айқындады
23
.
Сөз тіркесі синтаксисі М.Серғалиев, Ә.Аблақов, Т.Сайрамбаев,
С.Исаев, Р.Әміров, Г.Жаркешова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз
болды.
М.Серғалиев сөз тіркестерінің синонимиясын қарастырды. “Сөз
тіркестерінің синонимикасында басыңқы сыңарларды бір түбірлі болу
керектігін ескерсек және бағыныңқы сыңар қызметіндегі сөздер де бір
түбірлі болып, соңғыларының тұлғалары әр түрлі болатындығына көз
жеткізсек, синонимдік қатар жасаушы сөз тіркестерінің мазмұн-мағынасы
жақын болатындығы өзінен-өзі түсінікті”, - деп атап көрсетіп,
объектілік
және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің синонимдігін
мысалдар арқылы дәлелдеп береді
24
.
Сөз тіркесі туралы құнды пікірлер, ой-тұжырымдар жасаған
Т.Сайрамбаев өз еңбегінде күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолына жан-
жақты тоқталады. Ғалым күрделі сөз бен сөз
тіркестерінің ұқсастықтары
мен айырмашылықтарының ара жігін ашып көрсетеді. “Сөз тіркестерін
құрауда сөз таптары басты элемент, бірақ сөз тіркестерінің түрлерін
ажыратуда олардың да арақатынасы бірдей емес. Сөз тіркестерін құрауда
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер затқа қатысты өрбісе, үстеу,
еліктеуіш сөз, көсемше, сын есім, сан есім т.б, сөздер қимылға қатысты,
яғни солармен тіркесуге қабілетті болып келеді.
Бұдан қай сөз табының
қай сөз табына қатысты екені айқындалады. Жалпы алғанда сөз
тіркестерінің әрбір сыңары арқылы жеке сөз табын, оның морфологиялық
өзгерісін, құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз
бен дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін т.б. айқындауға мүмкіншілік туады.
Мұның өзі морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын
көрсетеді”,- деп, сөз тіркесі синтаксисінің морфологиямен өзара
байланысын жіктеп көрсетеді
25
.
Сөз тіркестерін диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерттеп,
әсіресе, меңгеру байланысын жан-жақты қарастырған –
профессор
Ә.Аблақов. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің меңгеріле
байланысқан етістікті тіркестерден өзіндік ерекшелігі барлығын,
етістіктердің сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететінін, ал
есімдердің ондайды қажет етпейтінін мысалдар арқылы дәлелдеп береді.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің меңгеріле байланысқан
есімді тіркестерден бұрын пайда болғандығын
көне ескерткіштер тіліне
сүйене отырып дәлелдейді
26
.
Сөз тіркесі синтаксисі туралы жан-жақты сөз қозғап, оның өзіндік
ерекшеліктерін жинақтап, тілдік фактілер арқылы сараптап, сұрыптап
23
Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008.– 592. – 314 б.
24
Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 90 б.
25
Сайрамбаев Т. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 86 б.
26
Аблақов Ә. Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан сөз тіркестері. – Алматы, 1986.– 34 б.
20
берген еңбек - Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағмановтың авторлығымен 1997
жылы жарық көрген “Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану
процесі” атты тарихи-салыстырмалы негізде жазылған оқу құралы. Бұл оқу
құралында ғалымдар сөз тіркесінің табиғатын ашып көрсетіп, сөз
тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары
жөнінде соны пікірлер
айтады. Сөз тіркесі синтаксисі төңірегінде болып жүрген әртүрлі
көзқарастар мен пікірлерді талдап, тіл фактілері негізінде дәлелдеп,
саралайды. “… сөз тіркестері номинативтеніп, лексикалық бірліктер
құрамына енуі де мүмкін, не
болмаса предикативтеніп, аяқталған ойды
білдірудің құралына айналуы мүмкін. Осылардың бәрі адамдар
арасындағы қатынасты жақсарту мақсатымен және ойды барынша
түсінікті, әсерлі жеткізу үшін тілдік мүмкіншілікті сарқа пайдалану
қажеттігінен туындайды”, - деп, сөз тіркестерінің
дамуындағы басты
тенденцияларды сұрыптап көрсетеді
27
.
Достарыңызбен бөлісу: