30
сондықтан сөз тіркесін сөз таптары негізінде қарау керек деген пікірді
ұсынды.
Тіл фактілері де сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде емес, сөз
таптары негізінде топтастыруды қажет етеді. Сондықтан сөз тіркесін
топтастыруда алдымен оның басыңқы сыңарының қай сөз табынан, оның
грамматикалық табиғатын айқындау мақсатында
бағыныңқы сыңарының
да қай сөз табынан жасалғандығы негізге алынады. Сөз тіркесінің түрлерін
есімді сөз тіркестері, етістікті сөз тіркестері және ортақ басыңқылы сөз
тіркестері деп бөліп қарау осы негізге сүйенеді.
Алайда сөз тіркесі мәселесі тек оның қай сөз табынан жасалуын
анықтаумен шектелмейді, өйткені сөз тіркесі құрамындағы сөздердің
байланысу
тәсілдері мен формаларын, олардың арасындағы синтаксистік
қатынас түрін ажыратудың да өзіндік мәні бар.
Осыған орай, тіл білімінде сөз тіркестері басыңқы сыңарларының қай
сөз табынан жасалуына қарай есімді, етістікті, ортақ басыңқылы сөз
тіркесі; байланысу формасына қарай: қабыса, матаса, меңгеріле, жанаса
байланысқан сөз тіркестері; байланысу тәсіліне қарай: аналитикалық тәсіл,
синтетикалық тәсіл, аналитика-синтетикалық
тәсіл арқылы байланысқан
сөз тіркесі; синтаксистік қатынасына қарай: атрибутивтік, объектілік,
адвербиальдық қатынастағы сөз тіркестері
деп ажыратылады.
Жоғарыда айтылған мәселелердің бәрі синтаксистің сөз тіркесі деп
аталатын саласының өзіндік қиындығы мол сала екенін танытады.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары. Сөз
тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірлері әртүрлі.
М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік
тәсілдерге септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын және шылауларды
(септеуліктер, жалғаулықтар), сөздердің орын
тәртібі мен интонацияны
жатқызады да, сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын синтетикалық
тәсіл, ал қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы
байланысуын аналитикалық тәсіл деп қарайды.
Р.Әміров синтетикалық тәсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын,
шылаулар (жалғаулық, септеулік),
сөздердің орын тәртібі мен
интонацияны
аналитикалық
тәсілге
жатқызады.
О.С.Ахманова,
Т.Сайрамбаевтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық,
аналитикалық, аналитика-синтетикалық деп үшке бөледі.
Ә.Аблақов, Е. Ағманов, С.М.Исаевтардың еңбегінде бұл мәселе жан-
жақты талданған. Ғалымдардың ойынша, сөздердің байланысу тәсілдері
де, байланысу түрлері де сөз тіркесі нысанасында қаралуы қажет. Себебі
қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстыратын амалдар алуан түрлі.
Осындай тәсілдердің арқасында сөздер өзара байланысқа түсіп,
тізбектеліп, сөйлем құрамына енеді. Сөздер бір-бірімен байланысқанда
белгілі бір заңдылықтарға сүйеніп байланысады. Мәселен,
жүгіре-жүгіре
Достарыңызбен бөлісу: