Байланысты: Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2
5-тапсырма. Мәтінді оқып, сұраулы, лепті сөйлемдердің түрлерін
ажыратыңыз. Матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, қандай сөз
табынан жасалғанын айтыңыз.
Жаяу ойланып қалды. Мырзаның сөзінің жаны бар. Шынында төрт болыс Айдабол, Қаржастың баласына өкпесі бар ма мұның? Жоқ қой. Ұстасқан жауы – Шорманның Мұстафасы мен Боштайдың Құсайыны. «Сол екеуінің көзі жоғалған соң барам десем қайтеді» деген бір ой келді. Алла сақтасын? Адамзат баласына ажал түгіл бейнет тілеп көрген жан емен. Жер беті кең. Бәріміз де сиямыз. Тек пейіл кең болсын. Болыс атаулының бәрі қинатшыл ма? Олай деуге тағы болмайды. Болыстардың ішінде де Жаяу үшін шырылдап ара түскені бар емес пе? Қуандықтың Құдайбергені ше? Болыс атаулының бәрі жауыз десем құдайға шет болармын. Шынтуайтқа келгенде Мұсаның өзіне де қоятын кәнім жоқ. Өз қолынан істеген жамандығын көрген емеспін. Осының жаңағы сөзіне сенуге бола ма? Ойланып көп отырды Жаяу (З.Ақышев). 6-тапсырма. Ғалымдардың
толымсыз
сөйлемге
берген
анықтамаларын өзара салыстырып, талдаңыз. Қай анықтама нақты
берілген деп ойлайсыз? Пікіріңізді дәлелдеңіз.
Толымсыз сөйлем деп, тұрлаулы мүшелер мен толықтауыш қатыспай тұрған сөйлемді айтамыз (Н.Сауранбаев).
46
Сөйлемде айтылуға тиісті тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі айтылмаған сөйлемді толымсыз сөйлем дейді (Ғ.Әбуханов).
Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің біреуі не екеуі контекске байланысты түсіп қалып, оның түсіп қалғандығын көрші тұрған сөйлемге қарап білуге болатын жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем деміз (А.Әбілқаев).