Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет28/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш сөйлемде басты қызмет 
атқарады. Ол 

сөйлемдегі берілетін ойдың ұйытқысы болумен бірге, 
орналасқан орнына қарай сол ойды толық, дәл жеткізуге бірден-бір 
себепші сөйлем мүшесі. Бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады. 
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы сөздің атау тұлғасы. Бастауыш кім? 
не? деген сұрақтарға жауап береді. Бастауыш қызметінде жұмсалатын 
сөздердің көптік, тәуелдік, жалғауларында жұмсалуына орай сұрақ та 
түрленіп отырады. Бастауыш болмайтын сөз табы жоқ. Шылау сөздер де, 
әріптер де сөйлемде бастауыштың қызметін атқаруы мүмкін. Мысалы, 
Соң 

өзінен бұрынғы сөзден бөлек жазылады деген сөйлемде соң 
шылауы бастауыштың қызметін атқарып тұр. Немесе Б қате 
жазылыпты деген сөйлемде не қате жазылыпты? деген сұраққа жауап 
беріп б әрпі бастауыш болып тұр. 
Төмендегі кестеден бастауыш болатын сөз таптарын көруімізге 
болады: 
 
Сөз табы 
Мысалдар 
Зат есім 
Алматы шаһарында көптеген зәулім ғимараттар 
(нелер?) бой көтерді. 
Сын есім 
Үлкендер (кімдер?) сөз бастады. 
Сан есім 
Алтау (кім?) ала болсаауыздағы кетеді, төртеу 
(кім?) түгел болса, төбедегі келеді. 
Есімдік 
Әлдекім (кім?) есікті қаққандай болды. 
Есімше тұлғалы 
етістік 
Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар 
ұятқа. 
50
Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1998. – 58-бетте 


51 
Тұйық етістік 
Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі. 
Одағай 
Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті. 
Үстеу 
Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес. 
Еліктеу сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет