Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет25/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Сөйлем дегеніміз не? Оның өзіне тән қандай басты белгілері бар?
2. Сөйлемнің сөз тіркесінен қандай айырмашылығы бар? 
3. Сөйлемнің модальділік қасиетінің берілу жолдары қандай?
4. Сөйлем коммуникативтік мақсатына қарай неше түрге бөлінеді? 
5. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің интонациясы, жасалу
жолдары қандай? 
6. Лепті сөйлемнің басқа сөйлемдерден ерекшелігі неде? Лепті 
сөйлем нені білдіреді?
7. 
Жай сөйлем құрылысы мен құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
8. 
Жақты сөйлем дегеніміз не? Жақты сөйлем қай мүшенің болуына 
негізделеді?
9. 
Қандай сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз? Жақсыз сөйлемнің 
жақты сөйлемнен қандай ерекшелігі бар?
10. Сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі қай мүшелерге 
байланысты? 
11. Қандай сөйлемді толымды сөйлем дейміз? Оның негізгі 
ерекшелігі қандай? Толымсыз сөйлем дегеніміз не? 
12. Атаулы сөйлем дегеніміз не? Оның жақты, жақсыз сөйлемдерден 
қандай айырмашылығы бар? 
1-тапсырма. «Қос жазба» күнделігіне үш сөйлем жазып, әр 
сөйлемнің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріп жазыңыз.
Үзінді
Түсініктеме 
 
2-тапсырма. Төменде берілген мәтіннен жақсыз сөйлемдерді тауып, 
олардың жасалу жолын айтыңыз 
 
Кең байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. 
Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. 
Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі 
жер 
бедерінің 
биіктік 
сатыларын 
байқаймыз. 
Жер 
бедері 
ерекшеліктерінің адамдардың шаруашылық әрекеттеріндегі маңызы зор. 
Жазықтар мен тау аралық аңғарлар егін шаруашылығымен айналысуға 
қолайлы келеді.
3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердің түрін анықтаңыз. Өз 
пікіріңізді дәлелдеңіз. 
1.Құлан жорпас құла түз. 2.Бізге шындықты айтуға тура келді. 
3.Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды. 4. Баланың білген үстіне біле 
түскісі келді. 5.Ананың жылы алақаны мейірімге толы. 6. Жайлаудың 


45 
ашық күндерінің бірінде Арман екеуіміз бұзау бағуға шықтық. 7. 16 
желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық. 
 
4-тапсырма. Мәтінді оқып, жазушының еліне, жеріне деген 
сағынышын, көңіл күйін білдіретін сөздерді тауып жазыңыз, талдаңыз. 
Қазақ даласы 
Жол!Жол! Адамның үміті тәрізді ешқашан таусылмас, ұшы-қиыры 
жоқ. Ұзақ жол. 
Отарба танауы делбеңдей, жүйтки шапқан өгіз тәрізді, буы 
бұрқырап, ырсылдай ағызып келеді. Телеграф бағаналары бірін-бірі қуалап, 
кейін қалып барады. Жан-жағымыз ұшан-теңіз, байтақ дала. Қазақ 
даласы! Менің далам! Әке-шешем, ата-бабам даласы! 
Қазақ даласына қарап тұрсаң, домбырадан күй тыңдап отырғандай, 
көңілің сан саққа жүгіреді. Міне, мынау – біз қойнауына кіріп бара 
жатқан жасыл тау алқабы «келші, құлыным» деп, құшағын жайып қарсы 
алғалы саған ұмтылады. Кешегі біз өткен бозаң шөпті, сортаңды дала 
көрінісі қайғыдан әжімделген қарт әжеңнің түріндей болып, әлденелерді 
есіңе түсіреді, көңіліңді босатады. Бір ғажабы, сол даланы, алыстаған 
сайын, сағына түсесің. Өйткені оның түр-келбеті бетін күн мен жел 
сүйген қарт әженің жарқын жүзін елестетеді (І.Есенберлин.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет