Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет24/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

лепті, бұйрықты болып бөлінеді. Кез келген сөйлем қандай да бір дауыс 
сазымен айтылады. Онсыз сөйлем сөйлеушінің ойын, оның сол ойға, 
тыңдаушыға деген қатысын білдіре алмайды. Бұл – интонацияның жалпы 
тілдегі маңызы. 
Хабарлы сөйлем. Белгілі бір ойды хабарлау мақсатында қолданылатын 
сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің баяндауыштары, 
көбінесе, ашық рай формалы етістіктен жасалады. Оның өзіне тән 
интонациясы болады. Хабарлы сөйлем жай сөйлем және құрмалас сөйлем 
түрінде де кездесе береді. Мысалы, Бұл үйде домбыра да болмай шықты. 
Кенжетай қамшысын екі бүктеп «домбыра» етті де, «Сұлушаш» жырын 
айта жөнелді (Ғ.Мүсірепов).  
Сұраулы сөйлем. Белгілі бір ой сұрау мақсатымен айтылса, сұраулы 
сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады.
1. 
Сұраулы сөйлемдер ма, ме, па, пе сұраулық шылаулары
арқылы жасалады: Сіз тақыр шөлге су келгенін көргеніңіз бар ма? 
Бүгін оқу басталатын күн екенін білесіңдер ме? (Бердібек Соқпақбаев).
2. Сұрау мағыналы ғой, ау, ше шылаулары арқылы жасалады: Сүйтіп, 
арпалыстырып ұстамақсың ғой? Көздегенің сол ғой?(М.Әуезов). 
3. Сұрау интонациясы арқылы жасалады: Сәлеметсің бе, сұңқарым, 
қалайсың? – деп, Кенесары Жанайдарды құшақтады (І.Есенберлин). 
4. Сұрау есімдіктері арқылы жасалады: «Айтпақшы неге ұқсайды? 
Бесік неге керек? – деген Сәуле былай шыға анасының шалғайына 
жабысқан күйі (Жақсылық Кенжалиев). 
5. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады: Өтірік 
пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар? – дейді Балаби 
(«Қазақтың шешендік сөздері» кітабынан). 
Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болады: 
ашық сұрақ, күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ
2. 
Бұйрықты сөйлемдер. Белгілі бір ой бұйрық мақсатымен
айтылса, бұйрықты сөйлем болады. Бұйрықты сөйлемнің мақсаты – 
баяншы мен қабылдаушыны әлдебір қимыл әрекетке, іске итермелеу. 
Мысалы: Есті жи, Байсал! Белді бекем бу, түге! – деп өзгелерге де әмір, 
бұйрық сияқты сөз тастап, – ақыл қосыңдар одан да! Хабаршы 
жөнелтейік. Қамға кірісейік! – деді (М.Әуезов).
44
Т.Ермекова., Б.шалабай., Н.Ильясова. Синтаксис. Оқу құралы. 

Алматы, 2005 


43 
Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше реңкте беріледі. Бұл сөйлем 
тек бұйрық рай етістік формасынан ғана, басқа формаларды да 
қатыстырып жасалады. ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, 
айтсын, жіберсін тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде 
жұмсалады: Апаққа айтарсыңдар, аттарды суытып жіберсін! 
(Ғ.Мүсірепов). Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін 
формалы баяндауыштардың қатысуымен де жасалады.
Лепті сөйлемдер. Сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлап қана 
қоймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл күйін, сезімін қоса білдіру 
мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады. 
Лепті сөйлемдер адамның алуан түрлі көңіл күйін (қуаныш, сүйініш, 
өкініш, реніш, ыза, қарсылық, жалыныш, мысқыл-әзіл т.б.) білдіреді. Бұл 
иннотациядан, баяндауыш формаларынан көрінеді. Мысалы: Сол төрт 
ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе 
Шұға! Ой, шіркіннің өзі келбетті еді-ау (Б.Майлин). Шіркін, Ербол! 
Неткен жақсы едің?! Дос жақсысы сен екенсің ғой... Естен кетпес іс 
еттің-ау!  (М.Әуезов).
Жай сөйлем: толымды және толымсыз, жалаң және жайылма
болып та бөлінеді. Тұрлаулы мүшелері түгел, мазмұны толық сөйлем 
толымды сөйлем деп аталады: Ол күн шақырайып тас төбеге көтерілген 
кезде бір ауылдың үстінен түсті (Д.Рамазан). Ойға қатысты сөйлем 
мүшесі жоқ сөйлемнің түрі толымсыз деп аталады: Төрелеріңді соған 
жинап отырған боларсың! (Ғ.Мүсірепов). Толымсыз сөйлемдерде бас 
мүшелердің біреуі немесе екеуі де, кейде тұрлаусыз мүшелер де түсірілгені 
айқын байқалып тұрады. Бұл сөйлемнің синтаксистік құрылымынан да 
көрінеді.
Жай сөйлем құрамына қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. 
Жай сөйлем сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұрлаулы 
мүшелерден құралса, онда ондай жай сөйлемдер жалаң сөйлем деп 
аталады. Мысалы, Мен келемін (М.Әуезов). Ақбала тоқтай қалды 
(Ә.Нұрпейісов). Тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшенің бірі немесе 
бірнешеуінен құралған сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы
Қасында екі жеңгесі бар Ұлпан келіп кірді (Ғ.Мүсірепов).
Сөйлемдегі ойдың иесінің болу болмауына қарай жақты және 
жақсыз болып бөлінеді. Сөйлемде бастауышы бар немесе бастауышы 
жасырын болса да сұрақ қою арқылы тауып алуға болатын сөйлемді 
жақты сөйлем дейміз. Қарғаның тұзын екі қолымен ұстап отыр 
(Ғ.Мүсірепов). Бастауышы жоқ, бастауышты баяндауыш арқылы 
айқындауға болмайтын сөйлемнің түрі жақсыз сөйлем деп аталады.
Батпақты ауданының жеріне кіргелі жеті күн (Ғ.Мүсірепов). 
Сөйлемде негізгі тірек мүшеден ғана тұрып, құбылыстың, заттың 
атауын білдіріп тұратын сөйлемді атаулы сөйлем дейміз. Атаулы сөйлем 
өзінен кейін ойдың жалғасы бар екенін білдіріп тұрады. Атаулы сөйлем 
сөйлем мүшесіне талданбайды.


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет