Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет30/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшесі қызметіне қарай неше түрге бөлінеді? 
3. Сөйлем мүшелері құрамына қарай неше түрге бөлінеді? 
4. Сөйлем мүшесінің басты белгілері қандай? 
5. Сөйлемнің грамматикалық негізін қай мүшелер құрайды?
6. Бастауыш пен баяндауышты не себепті тұрлаулы мүшелер 
дейміз? 
7. Бастауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
8. Баяндауыш құрамына қарай неше түрге бөлінеді? 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мағыналық бөліктерге бөліңіз. 
Бастауыштың қызметін қай сөз таптары атқарып тұрғанын айтыңыз.  
Ел болу тарихымыздан 
 
Біздің еліміздің тарихы үш мың жылдан асады. Қазіргі қазақ 
халқының негізін бұл жерде бұдан әлденеше мың жыл бұрын тұрған 
ежелгі тайпалар құраған.


54 
Ежелгі дүние тарихын зерттеуші ғалымдар ол тайпаларды 
жауынгер халық ретінде сипатттайды. Ал түрлі қазбалардан табылған 
заттар олардың өркендеген мәлениеті мен өнері болғандығын дәлелдейді. 
1969 жылы Алматы облысындағы Есік қаласының маңындағы 
қорғанда жүргізілген қазба жұмыстары бүкіл дүние жүзін таң қалдырды. 
Қорғаннан 7 метр тереңдікте жерленген жас сақ көсемінің сүйегі 
табылды. Оның басындағы тәжінен бастап аяқ киіміне дейін атты, 
жолбарысты, тауешкіні, түрлі құстарды бейнелейтін 4 мың алтын алқа 
қадалған. Бас киімінде теке мүйізді екі тұлпар аттың бейнесі бар 
(Қазақстанның Елтаңбасындағы тұлпарды есіңе түсір). Белбеуінің 
алтын айылбасына қанатты барыс бейнеленген. Осымен бірге қорғаннан 
табылған күміс тостағанның сыртында екі жол жазу жазылған. Бұл 
Жетісу сақтарының өзіндік әріптік жазуы болғандығын көрсетеді.
Сақтар – қазақ тайпаларының ежелгі ата-бабалары болып 
табылады.
Әр түрлі тайпалар мен тайпа одақтары 15-ғасырда Қазақ 
хандығына біріккен. Хандық Ұлы жүз, Орта жүз және кіші жүз деп 
аталатын үш бөлектен тұрды (Газеттен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет