87
белсенді қызмет атқарады. Әсіресе, -п жұрнағы сабақтас құрмалас сөйлем
жасауда айрықша рөл атқарады.
Бұл уәжге Жартыбек амал жоқ көніп,
Ширекбектің қасына келді (Е.Әлімжан).
Абайлар қатты жүрісті ауыр
іргесіне тақай бере бәсеңдетіп, енді түсер үйді болжасып келе жатыр.
Ақыл, сезім осы сәтте, қыз келіп орнына отырып болғанша, жұмбақ
тұман мұнарға батты (М.Әуезов).
Бағыныңқының баяндауышы
шартты рай тұлғалы етістіктен
жасалады:
Жаз күндерінде Көкдауыл ыстықтап келіп төрдің алдына сұлай
кетсе, оны ешкім орнынан қозғамайтын (Ғ.Мүсірепов).
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары
шылау не шылау
мәндес сөздер (сайын, соң, дейін, шейін, кейін, бері, уақытта, шақта, кезде,
қарамастан, ма, деп) арқылы жасалады. Мысалы:
Осыдан үш-төрт күн
өткенге дейін, Абай үйде болды (М.Әуезов).
3. Баяндауыштары
қатыстық сөздер, яғни сұрау, сілтеу (кім
не;
қайда
сонда; қанша
сонша; қандай
сондай; кімді
нені) есімдіктері
арқылы жасалады. Мысалы:
Шындықтың жүзі қанша суық болса да,
сонша тура қарауымыз керек (Т.Ахтанов).
4. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруда
интонация айрықша рөл атқарады. Мысалы:
Өзге жұрт кейіндеп қалса да,
Абай кешуілдемей үйге тез қайтты (М.Әуезов).
Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан
екеу ғана емес, одан көп болуы мүмкін. Құрамында екі я одан да көп
бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас құрмаластар кездеседі. Ондай
құрмаластарды көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы:
Мұнан соң үш күн өткен соң, қазыға қонақтар келіп, той болды
(Ы.Алтынсарин). Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар.
Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысу сипатына
қарай көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас екіге бөлінеді: жарыспалы көп
бағыныңқылы сабақтас және сатылы көп бағыныңқылы сабақтас.
Бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей
байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз.
Мысалы:
Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек
болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғыз аяқ жолмен түн қатып
келе жатыр еді (М.Әуезов).
Бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлеммен тікелей байланыспай,
өзара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтастың түрін сатылы
көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Мысалы:
Жанат пен Жәнібек жеке
кетіп, арбаларға тиелген электр жабдықтарын қарап шыққанша,
Мәмбет малдарды қарап шыға алмады (Ғ. Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: