Р. С. Рахметова


Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем



Pdf көрінісі
бет55/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Бағыныңқы 
сыңары басыңқы сыңардағы ой, іс-әрекеттің жүзеге асу шартын 
білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқылы 
сабақтас деп атайды. Мысалы: Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы 
өнегесін де алар еді (М.Әуезов). 


88 
Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары әртүрлі 
тұлғада келеді:
1. Етістіктің шартты рай тұлғасы: Қаранардың мен кедейлігін, аты-
жөнін, фамилиясын пайдаланып жүрген болсам, сен оның өзін, қара күшін 
пайдаланып жүрсің (Р.Райымбеков). 
2. Көсемше, кейде оның үстіне -ынша/-інше жұрнағы қоса жалғанады: 
Жаман айтпай, жақсы жоқ (Мақал).
3. Жатыс септігіндегі өткен шақтық есімше: Дәл осы минутта 
мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай 
еді (М.Иманжанов). 
Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттері бір-
бірінен үтір арқылы ажыратылады. 
Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары 
қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? не етпейінше? 
қайтпей? не етпей? деген сұрақтарға жауап береді. 
2. Қимыл-сын бағыныңқылы (амал бағыныңқылы) сабақтас 
құрмалас сөйлем. Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-
әрекеттің, қимылдың орындалу тәсілін, амалын білдіретін сабақтас 
құрмалас сөйлемнің түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
деп атайды. Кейбір еңбектерде сабақтас сөйлемнің бұл түрін амал 
бағыныңқы деп атау да кездеседі.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қалай? 
қайтып? не етті? деген сұрақтарға жауап береді. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінің бағыныңқы сыңарындағы 
баяндауыш: 
1. -ып,-іп,-п, -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрінде келеді: Шашырай 
ұшып, жан-жаққа безіп бара жатқан үлкенді-кішілі үйрек, қаздар да 
көрінді (М.Әуезов). 
2. есімшеге -дай/-дей, -лай/-лей, -тай/-тей жұрнақтарының жалғануы 
түрінде келеді: Кең бөлме бос қалғандай, ой ұясы қаңырап тұр 
(Ғ.Мүсірепов). 
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет