Р. Сыздык 1-том indd


~ -дай тұлғалары тәрізді -маспын ~ -ман



Pdf көрінісі
бет136/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   180
~ -дай тұлғалары тәрізді -маспын ~ -ман дублеттері де – 
буын санының қажетіне қарай жұмсалатын, бір-біріне кезекші 
тұлғалар. Мен, -тын тұлғалары Абай кезеңінде проза сала-
сында да жарыса қолданылып келген болса, -ман тұлғасы 
Абайға дейін көп бұрын-ақ тек поэзия тілінде тұрақталып, 


278
проза саласына ауыспай қалғанға ұқсайды. Ал Абай өзіне 
дейінгі қазақтың бай поэзия дәстүрі пайдаланған өлеңдік 
тәсілдерді мейлінше сарқа және икемді түрде жұмсау тенден-
циясын ұстағанын грамматикалық дублет тұлғаларды қолдану 
тәжірибесінен көреміз.
Сөйтіп, Абай, қазақ поэзия тіліне тән -ман ықшам тұлғасын 
модальдік мотивтен гөрі, өлең шартына (буын санына) байла-
нысты туған қажеттікті өтеуге шебер пайдаланған.
* * *
Қазіргі қазақ әдеби тілінде -ған жұрнағымен жасалған 
есімшенің соң шылауымен тіркесінің кірігіп ықшамдалған 
түрі -ғасын тұлғасын қол көру тенденциясы бар
216
. О баста 
соң шылауы шығыс септіктегі есімшені меңгерген: барған 
+ нан соң. Грамматикалық тіркестің бұл стадиясы револю-
циядан бұрынғы материалдарда, әсіресе орыс ғалымдары 
жариялаған нұсқаларда молырақ кездеседі: «Кемпір бұ қызды 
тысқары шығарады, шығарғаннан соң бұ қыз жарық дүниені 
көріп... есі ауып қалады» (Радлов. Образцы.., III, 64); «Қодар 
Қозы Көрпешті іздеді, іздеп жүріп келді, қарауылда жатқан 
әлгі адамды көрді, көргеннен соң келіп соның басын алмаспе-
нен кесіп алды» (Сонда. 246); «Манағы қарт базардан қайтып 
келгеннен соң осы жігіттен аманат қойған ақшасын сұрады» 
(Лютш, 31). Сонымен қатар өткен ғасырдың II жартысын-
да шығыс септік жалғауын түсіріп қолданылатын норма-
сы да болған. Сірә, негізінен осы соңғы түрі басым болғанға 
ұқсайды. Абай прозасында шығыс жалғаусыз, бірақ әрі қарай 
трансформацияланбаған түрі (-ған соң) қолданылған: «Жыл-
дан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма 
келеді» (II, 160); «Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған 
соң...» (ІІ, 157).
Абаймен тұстас өзге нұсқаларда да көбінесе осы вариантын 
табамыз. Соған қарағанда -ғасын түрінде ықшамдалу фактісі 
– тіпті соңғы кезеңдердің – біздің заманымыздың – жемісі. Ал 
поэзия тілінде Абай тұсында да (Абайдың өзінде де), қазірде 
216
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 352-б.


279
де, шығыс ссптікті варианты артық бір буын қажет жерде 
қолданыла береді:
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң (11 буын),
Алмасы өкпе болар қол батпаған (I, 24).
Сәлем борыш, сөз құлық болғаннан соң (I, 34).
Буын саны асып бара жатса, жалғаусыз дублеті «кезекші» 
болып дайын тұрады:
Ер жеткен соң түспеді уысыма (I, 25)
Көңлімнің рахаты сен болған соң (I, 98).
Шылау меңгерген септік жалғауларының түсіріліп қолда- 
нылуы жалғыз осы ситуацияда емес. Есімдік пен үшін шы- 
лауының тіркесінде ілік септігі қосылып та (менің үшін, сенің 
үшін), түсіріліп те қолданылуы тағы да қазақ поэзиясы тілінен 
басталған. Бұл – Абайдан бұрынғыларда да, тұстастарында да, 
өзінде де, тіпті қазірде де қолданылмалы тәсіл. Салыстырыңыз, 
Абайда: Менің үшін сен жауап бер, Менде сөз жоқ, бишара (II, 
82). Көрісуге шыдамаспыз, Айрысалық сол үшін (II, 86).
Сілтеу, жіктеу есімдіктері де мен (~менен) шылауымен 
тіркескенде, Абай тұсында ілік септікте де, онсыз да қолда- 
нылған жайы бар. Мүрсейіт дәптерінің бір-екі жерінде 
соныңменен түрінде жазылған (соңғы басылуларда бұлар со-
нымен деп берілген). Әрине, бізге қазір автордың қай тұлғамен 
бергенін кесіп айту қиын, мүмкін, ол ілік септігін сақтаған бо-
лар, сондай-ақ сақтамай да жазуы әбден ықтимал. Ал Абаймен 
тұстас басқа қазақша жазу нұсқалары менен (~мен) тұлғасының 
ілік септіктегі есімдіктермен тіркескен фактілерін береді. Мы-
салы, Ыбырайда: «Сиыр айтты: адам егін ексе, менің мен егеді» 
(Алтынсарин, 1879. 15); «Бұл қол да менің жазықты болған 
атамның қолы, бірақ мұның мен балаларын асырауға шама-
сы келмейді» (Сонда.10)
217
. Хан оның менен көрісіп, жөнін 
сұрап кімсің деді. Мұның менен қоймаймын екеуіңді (Радлов. 
Образцы... III, 224). Бұл құбылыс ақындар тілінде де, ауыз 
әдебиетінде де бар: Меніңменен соғыссаң («Қыз Жібек»,119). 
Біздіңмен он үш деп едік (Шернияз, 134).
217
Бұлардың барлығы да жазушының соңғы баспаларында менімен, мұнымен деп 
редакцияланған.


280
ХІХ ғасырдың ІI жартысындағы грамматикаларда септеу 
таблицасындағы көмектес септік үлгісін меніңмен, сеніңмен, 
оныңмен деп береді. Қазақ грамматикасы жайында бұдан 
ілгерірек шыққан (Ильминский, Терентьев, Старчевскийлер-
де) материалдарда көмектес септік (инструментальный падеж) 
деген атымен жоқ, тегі, бұл авторлар менің менен, сенің менен 
сияқты формаларды шылау мен сөздің тіркесі деп санаған. Шы-
нында да, солай болу керек. Қазақ тілінде мен формантының 
аффикс категориясына жатқызылуы лингвистикада соңғы кез-
дерде пайда болған. Жеке сөз (шылау) ретіндегі менен (~мен)-
нің бұлайша грамматикалануы меңгеріліп тұрған есімдіктің 
бірте-бірте ықшамдала түсуіне (ң-ның түсіп қалуына) әсер 
еткені сөзсіз.
Сөйтіп, Абай тұсында және мүмкін, Абай тілінде де, өзге 
дублетті тұлғалар тәрізді жіктеу, сілтеу есімдіктерінің мен ~ 
менен формантымен тіркесі толық (менің мен, оның мен, соның 
мен) және ықшам (мені мен, оны мен, соны мен) варианттарын-
да жарыстырыла қолданылған да әрі қарайғы тенденциясы – 
ықшам түрінің қалыптасуы болған деп табамыз.
Жалпыхалықтық тілде сөздің грамматикалық құрылымы- 
ның ықшамдалу құбылысы өзге категорияларда да бар. Мыса-
лы, өткен шақ есімшенің жіктелген кезде соңғы н дыбысының 
түсіріліп айтылуы. Абай бір өлеңіндегі етістіктерді осы тәсілде 
құрады: «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,Түбін ойлап, 
уайым жеп айтқамын» (I, 173).
Өткен шақ есімшеге соң шылауы тіркескенде, н-ның түсіп 
қалуы тәрізді (ғасын),бұл жерде де тұлғаның ықшамдалуы 
жалпы тіл табиғатына, оның даму заңына қайшы келмейді. 
Сондықтан да Абай халықтық тілдегі бұл жанды процесті жат-
сынбай қабылдаған. Қазірде де ауызекі сөйлеу тілінде н дыбы-
сы түсіріліп айтыла береді. Бірақ біз әлі де көптеген тұлғаның 
ауызекі формадағы фонетикалық күйін есепке алмай, олардың 
түбірін сақтап жазуды (мысалы, бере алмады, айта алма-
ды, барса игі еді тәрізді тіркестерді) және солай айтуды нор-
ма деп ұсынып жүрміз (-ғасын-ның өзін кейбір грамматика 
оқулықтары әлі норматив тұлға ретінде көрсетпейді).


281


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет