Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет134/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   180
-тұғын қолданылу жиілігі жағынан әлдеқайда басым болған. 
Әсіресе прозалық текстерде, оның ішінде енді-енді туа бас- 
таған қоғамдық-публицистикалық, ғылыми стильдерге жа-
татын материалдардың тілінде -тын аффиксінен гөрі тұғын 
жарты сөзі жиірек пайдаланылған. Абайдың прозасы да осыны 
танытады.
Қазіргі қазақ тілінің грамматикалары норма ретінде -тын, 
-тін жұрнағын атайды. Қазіргі публицистикалық, ғылыми 
стильдерде тек осы тұлға қолданылады. Ал бұл аффикстің 
түп негізі тұрған сөзі қазірде де, Абай тұсында да қазақ әдеби 
тілінде қолданылмаған (Абай текстерінде, онда да атақты 
38-сөзінде Мүрсейіт бір жылғы дәптерінің екі жерінде бола 
тұрған деп жазса, өзге дәптерінде болатұғын деп беріпті). 
Сірә, бола тұрған тіркесі Абайда да, көшірушіде де аса 
тұрақты болмаған болу керек. Есімшенің толық сөз түріндегі 
көрсеткіші кітаби тілге тән болып келеді. Мысалы, тұрған 
вариантын «Дала уалаятының» бетінен, әсіресе ондағы ресми 
документтердің тілінен кездестіреміз.
Өзге тұлғалардың да (менен ~ мен, дағы ~ да) тайталаса
қатар қолданылып келгенін өткенде хатқа түскен мақал-мәтел- 
214
Краткая грамматика казах-киргизского языка. - Фонетика и этимология. Сост. 
П.М.Мелиоранский. - СПб., 1894. - С.62.


276
дерден де байқаймыз. Мысалы, Я. Лютш жариялаған вариант-
тарда толық түрімен берілген: «Алыс пенен жуықты жүрген 
білер»; «Асықпаған арба менен қоянға жетер»; «Атты қамшы 
менен айдама, жем менен айда»; «Балықтың тірлігі су ме-
нен». Сонымен қатар бір мақалдың ішінде толық та, ықшам да 
түрлері қатар келтірілгендері де бар: «Сүт пенен кірген мінез 
сүйек пен бірге кетер».
Қазақ мақалдарының 1957 жылғы баспасында: «Атты 
қамшымен айдама, жеммен айда», 1912 жылғы мақалдар жина- 
ғында: «Есік алды төбе болса Ерттеп қойған атпен бірдей».
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет