Р. Сыздык 1-том indd


Кейбір етістіктердің сөздерді меңгеруіндегі



Pdf көрінісі
бет137/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   180
Кейбір етістіктердің сөздерді меңгеруіндегі 
ерекшеліктері
Етістіктердің белгілі бір септіктерді меңгеру дәстүрінің 
қалыптасуы – жетілген әдеби тілдің сипаты. Қазіргі әдеби 
нормамызда белгілі етістік сөздердің белгілі бір септіктегі 
есім сөздерді қалауы тұрақталып қалғанын білеміз. Мысалы,
сырласу етістігі көмектес септікті (кіммен, немен сырласу), 
қанағат ету етістігі табыс септігін т.т. меңгеретін болып 
қалыптасқан.
Ал өткендегі қазақ әдеби тілінде (бұл құбылыс, ішінара 
қазірде де жоқ емес
218
) кейбір етістіктердің меңгеру сипаты 
қазіргіден өзгеше болып келетін сәттері бар. Яғни меңгеру 
дәстүрі тұрақты емес. Мысалы, Бұқарда Өтіңменен жа-
рылма, Өкпеңменен қабынба болып, қазірде шығыс септікті 
меңгеретін екі етістіктің екеуі де көмектесті қалап тұр. Сол 
сияқты «Қамбар» жырында: «Қалайша бізбен суысты» (қазірде 
неден суысу, неден көңлі қалу),«Қыз Жібекте»: Мен жайым-
ды сөйлесем, Ақылыңды танасың (қазірде: Ақылынан тану)
деген меңгерулерді табамыз. Мұндай ерекшеліктер XIX ға- 
сырдың өз бойындағы қазақ әдебиеті авторларының қай-
қайсынан да табылады: «Мінер ат, киер киімнен Мұхтаж 
болған жігіттің» (Базар, 244). Қазірде мұхтаж болу етістігі 
көбінесе барыс септігін қалайды: неге мұхтаж болу? 
«Себебімен өлеңнің Сіздерменен кез келдім» (Майлы, 203) – 
осы күнде сіздерге кез келдім болар еді. Біржанда: «Бір сұлу қыз 
Найманда бар дегенмен (дегенге болса керек еді), Бек мұхтаж 
көруге болдым саған». Мұнда мұхтаж болу осы күнгіше ба-
рыс септікті (көруге) меңгеріп тұрғанмен, алдыңғы жолдағы 
себепті білдіретін сөз (бар дегенмен) ол мәнге қатыссыз 
көмектес септікте тұр.
Септіктердің ауысып келуі Алтынсарин тіліне де тән. Мы-
салы, қанағат ету – қазірде табыс септікті меңгеретін салт 
218
Әңгіме етістік пен объектінің қатысына қарай түрліше септікті қажет ететін 
жағдайлар туралы емес. Мысалы, жазу етістігі немен, нені, неге (кімге) жазу деген 
тәрізді қатынастарды білдіріп, бірде көмектес, бірде табыс, бірде барыс т.б. септіктегі 
сөзді меңгеретіні түсінікті.


282
етістік. Ал Ыбырай мұны көмектес септікпен тіркестіреді: 
азбен қанағат етіп (бұл жерде Ыбырайға орыс тілінің кон-
струкциясы әсер еткен болуы да мүмкін: удовлетвориться
чем малым, өйткені бұл етістіктің меңгеру дәстүрі күні 
бүгінге дейін тұрақталған емес; орыс тілінің әсерімен кейде 
көмектес септіктегі сөзбен қолданатындар бар).
Абай тілінде көптеген етістіктің септіктерді меңгеру сипа-
ты қазіргі нормамызға сай түседі. Сонымен қатар осы күнгі 
норма бойынша қажет септіктің орнына өзгесі қолданылған 
алшақтық және бар. Мысалы, жоғарғы сырласу етістігі Абайда 
бірер жерде барыс септігін меңгереді: «Күңгірт көңлім сырла-
сар Сұрғылт тартқан бейуаққа» (I, 237); «Жылқышылар кеп 
тұрса, Таң ертеңмен салпылдап» (I, 50) – таңертеңнен
219
келу. 
Сірә, бұл жерде таңмен келу тәрізді модель әсер еткен. Шын 
көңілден тату болу, шын көңілден сүю дегендер де Абайда 
көңілмен болып келеді. Сірә, екеуі де – осы күнге дейін жа-
рыса келе жатқан нормалар. Қазірде сөзінде тұру тіркесі жа-
тыс септікте қалыптасқан, Абайда сөзімен тұру («Бір сөзімен 
тұрса екен жанса-күйсе» – I, 38). Кекті болу етістігі кімге деген 
сұрақты қойғызады, ал Абайда кіммен дегенге жауап береді. 
Адаммен содан бері болды кекті (ІІ,118). Салысу деген етістік 
бір сөйлемнің ішінде біресе көмектес, біресе барыс септігін 
меңгереді. Жаманмен салысып жақсы бола ма? Жақсыға са-
лысып жақсы болады тағы (II, 178). Сондай-ақ: «Ұятың, арың, 
оянсын». Бұл сөзімді ойлансын (I, 90) деген жолдарды қазір 
бұл сөзіме ойлансын деп құрар едік.
Септіктердің ауысып қолданылуы Абайда кейде (әрине, 
өте сирек) өлең талабынан да туған тәрізді. Мысалы, бастан- 
аяқ мағынасы жағынан да, грамматикалық оформлениесі 
жағынан да синтаксистік параллельдермен жазылған «Сегіз 
аяқ»сияқты шығармада Жүректі тербеп деудің орнына 
Жүректен тербеп болып берілуі алдыңғы алыстан сермеп де-
ген жолға қатысты.
Дегенмен септіктердің меңгерілуіндегі мұндай тиянақсыз- 
дық Абайда болсын, өзгелерде болсын көзге түсерліктей, 
219
Мүрсейіт дәптерінде – таңертеңнен.


283
сөйлем мағынасын бұзарлықтай (қазіргі нормамен қарағанда) 
немесе өз алдына система етіп шығарарлықтай дәрежеде 
емес екенін білдіреміз. Грамматикалық тәсіл-тұлғалардың 
әдеби біртұтас нормаға тусу процесі ұзақ қолданылу дәстүрін 
қажет ететін құбылыс екендігін ескерсек, әлі күнге дейін 
қазақ тіліндегі бүкіл етістіктердің меңгеру жүйесі тұрақталып 
болмағанын және мойындаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет