Р. Сыздык 1-том indd


-ар жұрнақты есімшенің болымсыз түрі (-ма+с)



Pdf көрінісі
бет135/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   180
-ар жұрнақты есімшенің болымсыз түрі (-ма+с) I жақ жеке- 
ше түрде жіктелгенде, отырмаспын, тұрмаспын деген 
толық тұлғалардың орнына отырман, тұрман тәрізді ықшам 
варианттарының қолданылуы – қазіргі көптеген түркі тіл- 
дерінде жоқ норма. Қазіргі қазақ тілі үшін де өнімсіз тұлға. 
Бұл тәсіл ауыз әдебиеті нұсқаларында (оның ішінде эпостық 
полотноларда) молырақ кездеседі. Сонымен қатар өткендегі 
кейбір қаламгерлер бұл грамматикалық тұлғаны едәуір ак-
тив қолданғаны байқалады. Мысалы, Махамбет ақында: «Боз 
ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан» (109). 
Оның «Беркініп садақ асынған» деген шығармасы бастан-аяқ 
осы тұлғамен берілген. Бұл тұлғаның -ар жұрнақты есімшенің 
болымсыз түрі екендігін екеуінің қатар қолданылғандығы 
дәлелдейді. Мысалы, «Мен ақ сұңқар құстың сойы едім» де-
ген өленінде: «Өтініп алып от жақпан, Дұшпанға қылыш 
ұрармын» (112) немесе: «Мен кеткенмен тек кетген, Сізден 
артық табармын» (112) деген тармақтарда бірыңғай мәндегі 
сөйлемдердің етістіктері болымды түрінде -ар жұрнақты, бо-
лымсызында -ма н жұрнақты тұлғалармен берілген.
Кейбір зерттеушілер бұл көне ықшам тұлғаны стильдік
мотивпен қолданылатын тәсіл ретінде қарайды. Бұл тұлға 
сөйлемге экспрессивтік мән беріп, қайсарлықпен үзілді-
кесілді айтылған ойды білдіреді дейді
215
. Сірә, бұл тұжырым 
215
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилис- 
тикасы. - Алматы, 1960. - 175-6.


277
жоғарыдағы Махамбет өлеңдері мен фольклорлық нұсқаларда 
кездесетін кейбір жолдарға қарап айтылған болу керек. 
Бұлардағы серт, ашу, қайсарлылық мән жалғыз сөз етіп 
отырған тұлғаға байланысты емес, бір жағынан, шығарманың 
жалпы сарынына, мазмұнына қатысты болса, екіншіден -ар 
жұрнақты есімшенің өзінде де осы реңк жоқ емес. Ал бірақ -ар 
жұрнақты болымды немесе -ма+н жұрнақты ықшам болымсыз 
тұлғаларда әрдайым серт беру, айбын көрсету тәрізді модальдік 
мән бола бермейді. Мысалы, Абайдың: «Қылығыңда жоқ ағат, 
Қарап тойман жүз қабат» (I, 104) деген жолдарында қандай 
серт, ашу мәні бар? Немесе: «Сонда жауап бере алман мен би-
шара» (і, 223) дегенінде тіпті дәрменсіздік реңкі бар сөйлемді 
көреміз.
Абай бұл тұлғаны да едәуір актив пайдаланған. Әсіресе 
емес көмекшісінің емен түрін өлеңдерінде еркін қолданады: 
«Разы емен осындай ат мінбесем» (I, 48). Бұл тұлғалардың, 
жоғарыда айтқандай, автордың өзіне өзі берген серті, талабы, 
шарты тәрізді реңк беретін сәттері де, мұндай реңк бермейтін 
сәттері де бар. Мысалы: «Ескі бише отырман бос мақалдап, 
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап» (I, 67) дегенді 
ақынның өзіне қойған шарты, серті деп ұғынуға болатын бол-
са, «Қылығына жете алман, Қаншалық тілмен айтқанмен»
(I, 191) деген тәрізді сөйлемдерінде ешқандай модальдік реңк 
жоқ. Соңғыша сөз етіп отырған тұлға – жете алмаспын деген 
тәсілдің грамматикалық дублеті ғана.
Ықшам тұлғаның дублеттілік қызметте жұмсалғанын: 
«Бай емен, батыр емен, хан емеспін» (I, 265) деген жолда-
ры айқын дәлелдейді. Мұнда бірыңғай конструкциялардың 
алдыңғы екеуі ықшам болса, соңғысы толық. Бірақ ықшам 
тұлғаны қолданудың өзі мотивсіз емес. Біздіңше, бұл – өлең 
шарттарына, оның ішінде буын өлшеміне орай қолданылған 
тәсіл. Бұрын талданған -тұғын ~ -тын, менен ~ мен, -дайын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет