Р. Сыздык 1-том indd


Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары



Pdf көрінісі
бет31/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180
Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары
Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда, 
негізінен, үш қабаттан тұрады деп табамыз. Олар: қазақтың төл 
сөздері (яғни түркі тілдік), араб-парсы сөздері, орыс сөздері. 
Бірқатар зерттеушілер қазақ, қырғыз тілдерінің сөздік құрамын 
тілдік тегі жағынан талдағанда, төртінші қабатты – монғол 
сөздерін атайды
69
. Бертінгі дәуірлердегі жеке қаламгердің тілін 
әңгімелегенде, біздіңше, бұл қабатты арнайы бөліп шығармаса 
да болатын тәрізді. Өйткені бұл тілдердегі монғол элементтері, 
түркі-монғол туыстығы теориясын былай қойғанда және 
осы күнгі әрбір түркі тілінің өз алдына жеке бөлініп кеткен 
дәуірлерінде енген деп есептегеннің өзінде, олар – негізінен 
қазақ, қырғыз тілдеріне ерте дәуірлерде енгендер. Абай дәуірі 
тәрізді күні кешегі ХІХ ғасырдың ІI жартысында қазақ тілі 
құрамындағы, оның ішінде жеке ақын-жазушылар тіліндегі 
монғол сөздері – тілге әбден сіңісіп кеткендер. Көптеген араб, 
әсіресе, парсы сөздері тәрізді, монғол сөздерінің де тектік 
белгісі не фонетикалық, не семантикалық жағынан төл эле-
менттерден ажыратылмайтын дәрежеге жеткен. Сондықтан 
кейбір лексикологтарымыз монғол тілдерінен енді деп есеп-
теп жүрген аян, баян, байсал, қарыз, кедергі, келеке, тұлға, 
соны, сонырқау
70
 сөздері Абай текстерінде бар бола тұрса да, 
69
Юнусалиев Б. М. Киргизская лексикология. - Ч. I. - Фрунзе, 1959. - С.209-219.
70
«Көне қырғыз тілдері (қырғыз, алтай тілдері мен хакас, тува, шор тілдерінің 
негізі болған диалектілер) тобындағы сонун сөзі монғолдың «жаңалық, жаңа 
хабар, газета, жаңа, қызықты» мағыналарын беретін сонин сөзінен алынған, – дей 
келіп, Б.Юнусалиев, – осы түбірден жасалған сонурқа сөзі қырғыз, алтай, монгол,


73
біз оларды өз алдына қабат етіп шығармадық. Өзге өлкелер- 
ге қарағанда, Абай туып-өскен жер монғолдарға бір табан 
жақын тұрғанмен, бұл күнде немесе Абай тұсында монғол 
тілінен қазақ тіліне немесе оның шығыс говорларына 
жүйелі түрде ауыс-түйіс болып жатқан лексикалық қабатты 
аңғармаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет