Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет29/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   180
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-Ата, 
1959. - С.182.


66
бір күні сынар шөлмек»«Ағайынның азары болса, да, безері 
болмайды».
Абайдың өзі өскен өлкеге ғана тән бірқатар диалектизмді 
қолданғанының бірнеше себептері бар. Балаң (бос, болбыр, на-
шар), кердең тәрізді сөздерді дәл образ жасау үшін пайдаланған 
(әрине, бұлардың диалектизм екенін біліп әдейі қолданбағаны 
аян). Ақшомшы, күләпара, күлдәрі тәрізді этнографиялық та-
рихи диалектизмдерді Абайдың пайдаланбасқа шарасы жоқ. 
Бұл заттардың атауы Абай өлкесінде тек осылайша аталады, 
бұлардың бірқатары басқа өлкелерде атымен жоқ. Бола қалған 
күнде де олардың атаулары ортақ бір нормаға әлі түспеген. 
Сондықтан Абай ғана емес, өткен ғасырлардағы қазақ 
қаламгерлері тілінде өз дәуіріне, өз өлкесіне тән киім-кешек, 
құрал-жабдық,қару-жарақ т.б. аттарын білдіретін жергілікті 
сөздер, яғни этнографиялық диалектизмдер болуға тиісті. Бұл 
құбылысты біз Абайға дейінгі және Абай тұсындағы (өзіндегі) 
қазақ әдеби тілінің ерекше сипатының бірі деп табамыз, яғни 
мұндай диалектизмдер әдеби тілдің сыртындағы емес, ішіндегі 
элементтерге жатады демекпіз.
Бастау (бұлақ), кетік (орын, рет), қағушы (аңшы) деген зат 
есімдер мен жолғасу (кездесу), қасыну (тату болу), күлмеңдеу 
(күлімдеу), күсу (безу) тәрізді етістік диалектизмдерді Абай 
өзіне таныс, өз жерінде қолданылатын сөздер болғандықтан 
пайдаланған. Бір ерекшелігі – Абай бұлардың барлығының 
дерлік осы күнгі әдеби вариантын да (бұлақ, рет, орын, аңшы, 
кездесу, тату, күлімдеу, безу) қолданған. Бұл топтың саны 
өзгелеріне қарағанда, едәуір болып шығады (өйткені әзір 
біз айқындай алмаған бір алуан сөздеріміз және бар). Міне, 
осылардың көпшілігі – қазіргі лексикалық нормамызда жоқ 
(немесе пассив) сөздер. Демек, «Абай тіліндегі солтүстік-
шығыс говорларына тән диалектизмдер қазір әдеби тілге сіңісіп 
кетті» деген тұжырымға сын көзімен қарауға тура келеді. 
Осыған орай, ірі жазушылар (ақындар) тілінде қолданылған 
сөздер мен тәсілдердің бәрі әдеби нормаға жата бермейді деген 
пікірімізді және айтамыз. Тіпті қазіргі жазба әдеби тіліміздің 
негізін қалаған Абайдың тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің 
бірқатары қазіргі лексикалық нормамызға түгел тән емес. 


67
Және олар әдеби нормаға «солтүстік-шығыс диалектісіне» 
жатпайтындықтан сыймай отырған жоқ, керісінше, сол Абай 
өскен өлкеге де («солтүстік-шығыс диалектісіне де») тән 
болғандықтан, яғни олардың әдеби дублеттері Абайдың өзінде 
де, тұсында да бар болғандықтан, жергілікті ерекшелік ретінде 
келіп, әдеби лексика қорына кіре алмай отыр.
Абай тілінде өз өлкесіне тән жергілікті сөздер бар бол- 
ғанымен, ол бір ғана территориялық диалектіде жазды деген 
пікірді біз де қуаттамаймыз. Өйткені Абай тілінің лексикалық, 
фонетикалық және грамматикалық нормаларының негізгі-
негізгілері тек қана солтүстік-шығыс емес, Қазақстанның 
барлық өлкесіне ортақ екендігін мойындамасқа шарамыз жоқ. 
Ал оңтүстік немесе батыс өлкелерде осы күнгі әдеби нормаға 
жатпайтын ерекшеліктер қанша болса, ондай ерекшеліктер 
(жеке сөздер де, фонетика-грамматикалық ауытқушылықтар 
да) солтүстік-шығыс өлкелерде сан жағынан кем кездеспейтін- 
дігін соңғы жылдардағы диалектологиялық экспедициялардың 
материалдары көрсетіп отыр. Сөйтіп, Абай дәуірінің өзінде-
ақ қазақ тілінің фонетика-грамматикалық және кейбір лекси- 
калық нормалары жалпыхалықтық, ортақтық сипатқа ие бол- 
ғанын, ал ішінара ауытқушылықтар өткен ғасырда да, тіпті 
жалпыхалықтық әдеби нормаларымыз тұрақталып, қалыптас- 
қан қазіргі кезеңде де бар екенін көреміз. Бұл ауытқушылықтар 
Абайдың өзінде де болуы оның тілінің көркемдігі мен әде- 
билігін әсте кеміте алмайды, өйткені олар, біріншіден, қай 
қаламгерде болмасын сан жағынан өте шағын, екіншіден, 
көпшілік диалектизмдер (кердең, жалаңқая, желқабыз т.б.) – 
сөздің экспрессивтік реңкін пайдалану үшін әдеби нормамыз- 
ға ену (тіпті еніп те кеткен) потенциясы күшті сөздер.
Қорыта келгенде, Абай – қазақтың сапалық жаңа типтегі 
жазба әдеби тілінің негізін салушы. Бұл тіл – қазіргі жазба 
әдеби тіліміздің бастамасы. Демек, дәлірек тұжырымдасақ, 
Абай тілі – қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің басы. 
Бірақ Абай осы тілдің негізін салудағы принцип-бағыттары мен 
тәжірибесінде жалғыз болған жоқ. Абайдың қатарында, уақыт 
жағынан сол алдында, территория жағынан Қазақстанның 
екінші қиырында, қызметі жағынан әдебиеттің өзге саласында 
тұрған екінші адам – Ыбырай Алтынсарин.


68
Қазақ қоғамының, оның мәдени-рухани дүниесінің әрі 
қарайғы мүддесіне қызмет ету қабілеті бар деп қазақтың жал- 
пыхалықтық өз тілін, оның көркем әдебиет жанрында ғана 
дамыған әдеби тілін тану және дамыту – Ыбырайдың да негізгі 
принципі. Осы принципті алғашқы баспасөзді ұйымдастыру- 
шы озат ойлы интеллигенттер мен орыс ғалымдары да ұстаған. 
Бірақ принцип бірдей болғанмен, бұл принцип бойынша 
қызмет ету, еңбек сіңіру, яғни осы принцип-бағытты іс жүзінс 
асыру бірдей дәрежеде болмағаны мәлім. Бұл жерде Абайдың 
шоқтығы биіктен көрінеді. Абай – жаңа жазба әдеби тілдің 
негізін қалаушы ғана емес, дамытушы, тұрақтандырушы және 
сол дамыту, нормаландыру ісінде үлгі көрсетіп бағыт сілтеуші. 
Сондықтан Абайға дейін, оның тұсында қазақтың халықтық 
әдеби тілінде, ескі жазба тілінде лексика, грамматика және 
көркемдеу салаларының сыры мен сипаты, бары мен байлығы, 
барысы мен бағыты қандай болды, оған Абай не қосты,
не алды, қалай өңдеді, қайтіп қырнады, қысқасы, Абай тілі 
қалайша әрі жазба, әрі әдеби, әрі өте көркемдік дәрежеде бо-
лып табылады деген мәселелерге бір емес, әлденеше моно-
графия арналуға тиіс екені даусыз. Біздің бұл зерттеуіміз сол
көп зерттелмек дүниелердің бір ғана бөлімі – Абай негізін
салған жаңа жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың II жар- 
тысындағы лексикалық құрамы мен грамматикалық сипатын 
танытуға арналады.


69
II ТАРАУ 
_______________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет