Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет39/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180
күпір, асы (Аллаға асы,бейіске қашқын болып – II, 152), сурет 
сөздері, діни ұғымдарға қатыссыз перзент, дүлдүл, шәрбат, 
кесапат, тағзым сөздері кездеседі. Бұлардың бір ерекшелігі – 
өте сирек қолданылғандығы.
Діни тақырыпты жырлайтын кітаби қиссалар арқылы халық 
тіліне кіре бастаған перзент, перизат, дүлдүл тәрізді сөздерді 
Абай қиссалардағыдай тура мағынасында емес, көбінесе ауы-
спалы мағынада жұмсайды. Бұл – принципті айырмашылық. 
Мысалы, «бала» мағынасы ресми-эпистолярлық стильде де, 
кітаби тілде де, көбінесе, перзент сөзімен берілген. Мысалы, 
Нұралыханның 1785 жылы барон О.А. Игельстромға жазған 
хатында өзінің балалары туралы: «...Өзіміздің ғизатлу фар-
зантларымызны иібәріп» – «чтобы я послал своих дорогих 
детей...» деп жаздыртады
77
. Сондай-ақ қисса-жырлардың көбі 
«төрт түлігі сай болғанмен, бір перзентке зар» болған ата-
ананың бала сұрап әулиелерге жалбарынатындарынан бастала-
ды. Бұл бастамалар да – «Баяғы өткен заманда, Дін-мұсылман 
аманда» сияқты ислам дінінің салқынымен жазылған үгіт-
77
Материалы по истории Казахской ССР. - Т. IV. - М.-Л., 1940.


86
кіріспелер. Сондықтан бала, ұл емес, перзент.Оның үстіне 
перзент сөзінде поэтикалық стиль элементінің сипаты да жоқ 
емес. Ал Абай оны «бала, ұл» ұғымында қолданбайды, пер-
зент Абайда ауыспалы мағынада образ жасау үшін (Кавказдай 
құзда туған перзенттенмін – II, 115) немесе: Уа, жүрегімнің 
қуаты – перзентлерім (II, 194) тәрізді ауыспалы мәндегі 
қаратпа ретінде қолданылған. Сол сияқты Абайдың перизаты 
да – перінің қызы емес, кәдімгі Татьяна Ларина! Бұл сөзді Оне-
гин айтады: Ол – перизат, ойла, өзің біл, Не болады болса қор 
(II, 77). Абайдың айдаһарыда адамзат, жан-жануарды жұтып 
жатқан жыланмен қатар(поэмасында), ол –Терек өзенінің 
толқыны! Насихат сөзіде – Абай тілінде «дүр жауһар аузы-
нан сөз шығарып, пайғамбардың сахабаға айтатын насихаты» 
(мысалы, «Салсалдағыдай» киік етін жегім келіп отыр де-
ген, аппетитін білдіретін жай ғана сөзі) емес, осы күндегідей 
көпшілікке айтылатын «үгіт сөзі»: Жігерлен, сілкін, қайраттан, 
беркін деп насихат бергенде (I, 89). Осы ақылды кім үйренеді, 
насихатты кім тыңдайды (II, 165). Насихат сөзі жалғыз Абай-
да емес, өзгелерде де соңғы мағынада қалыптаса бастаған. Мы-
салы, Шортанбайда: Насихат шашып кетейін Азғана сөзді ар-
тыма (151); Бір насихат айтайын, Тыңда мұны, балалар (156), 
Майлықожада: Ақын-жыршы тоқталмаса, Насихат-үлгі сөз 
бермей (200). Дулатта: Насихатты тындамас (61) т.т.
XIX ғасырдағы қазақша діни әдебиетте кездесетін араб-
парсы сөздерінің біразын Абай осылайша ауыспалы жаңа 
мағынада қолданады да, қалған басым көпшілігін тіліне әдейі 
жуытпайды. Өзі айтқандай «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» жазған 
Абай діни қиссалардың тақырыбын да, стилін де, лексикасын да 
қабылдамағанын тілінен тануға болады. Қисса-дастандардағы 
қырық шілтен, ғайып ерен, Баба түкті шашты Әзіз, сахаба, 
жәбірәйіл, фарман тәрізді «жүрдек» сөздер Абайда жоқ, бар-
лары (мысалы, сахаба – бір рет) өте сирек немесе көбінесе ау-
ыспалы мағынада (мысалы, кәпір) қолданылған.
Оның есесіне Абай бір алуан шығыс сөздерін жиі пайда-
ланып, оларды қазақ тіліне енгізу әрекетін жасаған. Мысалы, 
хикмет сөзін Абай 22 рет қолданыпты, бұл сөздің араб тілінде 
үш түрлі мағынасы бар: 1) мудрость; 2) мудрое изречение, по-


87
словица; 3) знание медицины, врачевание
78
. Бұл сөзді Абай 
бірінші мағынасын сақтап, өте жиі қолданған. Абайда хик-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет