Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет32/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   180
Араб-парсы сөздері
Сөйтіп, Абай сөздігіндегі шығыс тілдері элементтері деген-
де, араб пен парсы тілдерін көздейміз де, көп ретте ол екеуін 
бөлек-бөлек қарамай, араб-парсы немесе шығыс тілдері деп 
атап отырамыз.
Абай тілінде орын алған араб-парсы сөздерін бірнеше 
тұрғыдан қарап талдауға болады, яғни оларды біз:
1. жалпыхалықтық тілге енген уақытына қарай,
2. қамтитын тақырыбына қарай,
3. қолданылатын әдебиет жанрына қарай,
4. қолданылу мақсатына қарай,
5. фонетикалық-грамматикалық тұлғалануына қарай,
6. жалпыхалықтық және жазба әдеби тілге енуіне (сіңі- 
суіне) қарай,
7. лексика-грамматикалық сипатына қарай (жеке соз, тіркес
немесе сөйлем) талдаймыз.
Бұл классификацияны шартты түрде өзіміз жасап отыр-
мыз. Көрсетілген топтардың кейбіреулері (1, 2, 3, 5, 6) жал-
пы тілге қатысты болса, енді біреулері (2, 4, 7) жеке жазушы 
тілін зерттеуден туып отыр. Абай лексикасындағы араб-парсы 
қатары түгелімен неологизмдер емес екені аян. Олардың едәуір
бөлігі қазақтың жалпыхалықтық тіліне сіңісіп, қалыптасып, 
ертеден қолданылып келе жатқандар. Н.К.Дмитриевтің түркі 
тілдерін арабыланған (арабизованные) және арабыланбаған 
бурят-монғол тілдерінде бар да, өзге түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде 
де жоқ», – дейді (Аталған еңбек. 214-215-б.). Сонурқа сөзінің қырғыз тіліндегі 
беретін мағынасы «интересоваться, удивляться, поражаться, увлекаться, считать 
что-либо необычным» (Сонда, 215-б.). Бұл осы мағынада қазіргі қазақ тілінде де 
бар екендігін «Түсіндірме сөздік» те, Абай тілі де көрсетеді. Абайдың: «Тойған 
есек шөпті оттап маңайдағы, Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы» (II, 127) 
дегеніндегі сонырқау етістігі «увлекаться» ұғымын береді. Сондай-ақ соны түбірін 
де Абай пайдаланған: Соныға малды жайып күзетіндер (I, 74).


74
(неарабизованные) деп екіге бөлгені бойынша
71
қарасақ, 
біздіңше, қазақ тілі алғашқы топқа әбден жатады. Өйткені ис-
лам діні етек жайған XIX ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын 
қазақ тілі сөздік құрамында қыруар шығыс сөздері болғаны 
аян. Әсіресе тұрмыс-шаруашылыққа қатысты парсы сөздері 
ену мерзімі жағынан барлығынан да бұрынғы, әріректегі топ 
тәрізді. Мұндай тілдік құбылыстан дәлел ретінде Б.Юнусалиев 
иранизмдердің ішінде түркі сөздеріне тән жұрнақтарды 
жалғаған түрлерінің кездесетіндігін келтіреді. Мысалы, осы 
пікірдің авторы келтірген қырғыз тіліндегі демік (дем + ік), 
қассын (қас сы + н), шексин (шек + си+н)
72
 сөздерінің ана-
логияларын қазақ тілінен де табуға болады: демігу (дем + ік), 
батыс говорларындағы жанығу (жан+ық), зораю (зор + ай) 
дәлелін біз әбден қоштаймыз. Екіншіден, проф. С.Д. Асфандия- 
ров өте бір қызық пікір айтқан-ды. Ол кісі: «Каспий теңізінің 
солтүстік-шығыс жағалауы мен Әмудария, Сырдарияның 
төменгі жақтарын мекендеген массагеттер, сірә, иран тілдес 
көшпелі тайпалар болған болулары керек, олармен іргелес
отырып, тығыз қарым-қатынаста болған Қазақстанның сол- 
түстігі мен шығысын жайлаған түркі-монғол тайпалары иран 
сөздерін сол тұстан бастап тіліне енгізген болар», – дейді. Өз 
сөзімен айтсақ: «В современном казахском языке наблюдается 
наиболее большего количества персидских слов, совершенно 
ассимилировавшихся и, по-видимому, проникших в язык в 
очень далекое время»
73
.
Қазақ тіліндегі парсы қабатының белгілі бір тобының, 
әсіресе тұрмыс-шаруашылыққа қатысты сөздердің қазақша 
(түркіше) дублеттерінің қазірде болмауы да бұлардың өте
ертеден сіңісіп, өзге параллельдерді тілден ығыстырғандық- 
тарының үшінші дәлелі тәрізді.
Сөйтіп, қайткенде де, Абай лексикасындағы парсы-иран- 
дық дұшпан, дос, кедей, дүние, баға, пайда, жан, сауда, сауда- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет