Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет40/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180
мет контекске қарай түп тілдегідей «ақыл, даналық» дегенді 
білдіреді
79
. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, 
ғылым да – бәрі орыста зор (II, 179). ...Басынан біліп істеген 
хикметімен болса... (II, 181). ...Адамды Жаратушы артық хик-
мет иесі... (II, 181).
Бұл сөз өлеңдерінде де қолданылған: Іштегі кірді қашырса, 
Адамның хикмет кеудесі (I, 132). Біздіңше, мұнда да «керемет, 
ғажайып, сыр» дегеннен гөрі, «дана, ақылды» деген мағынаға 
жуық келетін тәрізді.
Сол сияқты ғибрат, ғанибет, сұхбат, пара («бөлік» мағы- 
насында), әдді, еждиһат, серменде, ғайбат, ғафил, әзелде, 
дағуа сөздерін Абай жатсынбай қолдануға ұсынған лексема-
лар қатарына қосамыз. Оған бір-екі себебіміз бар. Біріншіден, 
бұл сөздер Абайда шығыс сөздері толы прозасында ғана емес, 
поэзия тілінде де қолданылған және бірнеше реттен әртүрлі 
шығармасында қайталап келеді. Екіншіден, бұл сөздердің 
кейбіреулерінен туынды тұлғалар жасайды: сұхбаттасу, 
сұхбаттастық, ғайыпты, ғаділдік, ғибраттану.
Үшіншіден, кейбіреулері белгілі бір қазақ сөздерімен 
тіркесте қалыптасқан: сенімі жоқ серменде, бірдейлік дағуасы, 
гғафилдік көп өткізу т.т. Төртіншіден, бұлар Абайдан өзге 
авторларда да сирек болса да қолданыла бастаған. Ал бұл 
қасиеттер – шет сөздің тілге ену (немесе ене бастау) фактісін 
танытатын белгілер
80
. Бұл сөздердің кейбіреулерін таны-
стырып өтейік. Сұхбат 1) сообщество; 2) общение; дружба; 
3) приятели) сөзін Абай ссім түрінде келтіргенде «сырласу, 
әңгімелесу» мағынасында емес, біздіңше, оригиналдағы екінші 
мағынасында, «жолдастық» деген мәнде пайдаланған тәрізді: 
Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік Ер табылса, жарайды 
78
Осы жерде және әрі қарай араб-парсы сөздерінің орысша баламалары екі 
тілдік сөздіктерден алынды.
79
Абай шығармаларын бастырушылар (1957 жылғы басылуында) бұл сөзге бір 
жерде «өнер-білім» дсп, келесі жерде «керемет, ғажайып, сыр, ақыл» деп түсінік 
береді. Біздіңше, бұл сөйлемдердің бәрінде хикмет «даналық, ақыл, ақылдылық» 
деген ұғымдар береді.
80
Сорокин Ю. С. Развитие словарного состава русского литературного языка в
30-90-е годы XIX в. - М.- Л., 1965.


88
қылса сұхбат (I, 38). Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен 
іс (I, 39), ал етістік түрінде (сұхбаттасу) келтіргенде бірінші 
мағынасын («сообщество») алғанға ұқсайды, өйткені жәдігой 
шал бұл сөзді баланы бірлесіп бір іс істеуге шақырғанда айта-
ды: Сырлассақ, сұхбаттассақ аулақ артық (I, 273).
Ғибрат (поучение, назидание; урок, смысл) сөзін «үлгі, 
өнеге» мағынасында Абай өте жиі пайдаланган. Бұл сөзді 
ара-тұра Абайдың тұстастары да қолдана бастаған: Майлы 
ақынның өзіне, Ыбырат берер сөзіне (Майлықожа, 192).
Парсының «бөлік» мағынасындагы пара сөзін жалғыз Абай 
емес, өткен ғасырдағы сауатты ақындардың бірқатары актив 
пайдаланған: Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы (I, 66). Бір 
паражанды малды ғып, Бір паражанды малсыз ғып... (Дулат, 
68). Әсте фарсизмі де осындай. Абайда бұл сөз өте активтен-
ген, ол өзгелерде де жоқ емес. Арабша әуел (де) сөзімен парал-
лель, сол мағынада парсының әзел (де) сөзін Абай да, бірен-
саран өзгелер де жарастыра қолданады. Ғанибет, ғайбат 
сөздері де бірте-бірте ене бастаған белгісін Абаймен қатар өзге 
нұсқалардан кездесуі көрсетеді. Мысалы, Адамға ол да болса 
бір ғанибет («Қыз Жібек», 1963).
Арабша хәддү 1) предел, край, конец; 2) граница, рубеж;
3) лезвие, острие; 4) заповедь; постановление, статья мусуль-
манского права, устанавливающая наказание) сөзін әдді, үдда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет