Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет43/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   180
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966. - 292-б.


93
қалың көпшілікке түсінікті сөздер. Ал «Жүрегінің қуаты – 
перзентлеріне» арналған атақты 38-сөзі мен қазақ оқушыла- 
рына «иман деген – Алла тәбарака уаталағаның... жарлығына 
мойын ұсынып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзінде 
қазақ тіліне енбеген, қарапайым оқушыға түсініксіз шығыс 
элементтері мол келтірілген. Қалғандарында бұл тәрізді бірді-
екілі ғана сөз, кейде фраза қолданылған. Сөйтіп, жоғарыда 
айтылған тематикалық принципті Абай айқындап, белгілі бір 
стильдік тәсілге айналдырады.
Ислам дініне қатысты ой-пікірін айтуға Абай сол діннің рес-
ми тілі –араб тіліне иек артады. Діни ұғымдардың араб тілінде 
қалыптасқан терминдері мен өзге сөздерін қазақшаламай, сол 
күйінде пайдаланады. Бұларға мына тәрізді сөздер жатады: 
саниғ (делающий, производящий
82
), салахият (пригодность, 
целесообразность), сәмиғ (слушающий), табиб (идущий вслед, 
последователь), тариқат 1) путь; 2) способ, тахмин («оценка, 
догадка), тақриб (приближение), ғұрұр (высокомерие, гор-
дость), хасил (результат, получивший), сидық (правдивость, 
правда), табдил (замена, перемена), тәфтиш (осмотр, обсле-
дование), тәслим (уступка, признание), ниһаят (конец, пре-
дел), мұлахаза (наблюдение), мағрифат (знание, познание), 
мағишат (жизнь), исбат (доказывание), ихрар (признание) т.б. 
тәрізді абстрактік ұғымдарды беретін сөздер. Бұлардың ішінде 
истинжа (обмывание), рукуә (коленопреклонение), таһарат 
(омовение), мәслих (помазание)т.б. тәрізді ислам діні ритуал-
дарын атайтын есімдер де бар. Сын, сапа ұғымдарын беретін 
араб сөздері де бар: жаһил (неуч, невежественный), мүбәдә 
(вечный), аррахман (милосердный), батил (ложный), мағмүр 
(возделанный), мункар (порицательный), муафик (приемле-
мый), латиф (милый, нежный) т.б.
Сонымен қатар Абай бұл шығармаларында және бірер жер-
де басқаларында арабша тіркестер мен сөйлемдерді қолданады. 
Мысалы, Алла табарака уа тағала (Аллах благословенный 
и всевышний), саллалаһу ғалайһи уәссәллам (благославляет 
82
Біз бұл жерлерде сөздің араб тіліндегі барлық мағынасын емес, Абай қол- 
данған мағынасын ғана көрсеттік. Және арабша-орысша сөздіктен алынғандық- 
тан, оқушы жұртшылыққа қазақшаға аудармасақ та, түсінікті болар деп, анық- 
тамасын орысша келтірдік.


94
его Бог и приветствует), иман тақлиди (традиционная вера), 
жәлиб мәнфағат (принесение пользы), уәфқы мұзаррат (со-
гласно вреду).
Кәсіби, жибли, шаһари, әзәли, әдәби, инсаният, мумканат, 
ләмәкән (мекенсіз) тәрізді парсыша, арабша тұлғаланған сын 
есімдерді де проза текстерінде кездестіреміз.
Түсініксіз (яғни тілге енбеген) араб түбірлеріне қазақша 
жұрнақтар жалғап, махкемлемек, шәріксіз, ғарипсыз, ниһая- 
тсыз, хірслану, ғұрұрлық, мағмұрлық, хүсідшілік, нәфрәтлі 
тәрізді, 5-10 туынды сөз жасау фактісі Абайдың прозасын-
да бар болғанмен, бұл – жүйелі актив құбылыс емес. Және 
бұлардың басымы 38-сөзде.
Абайдың прозалық шығармаларының тіліне есім, етістік- 
тер ғана емес, һәмма есімдігі мен һәм, уа, ләкин тәрізді шы-
лау сөздер де қолданылған және бұлар да 38, 13-сөздердің 
текстерінде көбірек кездеседі. Парсы тіліне тән һәм шылауы 
ыңғайлас жалғаулық ретінде қазақша және сөзіне синоним бо-
лып едәуір актив қолданылған: Ол – наданның наданы һәм өзі 
адам емес (II, 176). Бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола 
алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды (II, 164). Мал, мақтан, 
ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды 
һәм көрік болады (II, 195). Бұл сөздің қызмет аясы едәуір 
кеңіп, қайталама шылаудың да орнына жұмсалады: Адам ба-
ласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет