Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет49/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180
Сорокин Ю.С. Развитие словарного состава русского литературного языка. 
30-90-е годы XIX в. -М.- Л., 1965.
90
Ыбырай Алтынсарин қаламынан шықты деп жүрген «Шариғат-ул-ислам». 
Мұсылманшылық тұтқасы (Қазан, 1884) тақырыбы ислам дінінің негіздерін баяндау 
болса да, не стиль жағынан, не лексикасы жағынан Абайдын 38-сөздерінен бөлек 
тұрады. Ең алдымен, ол қарапайым оқушыға бағышталған, сондықтан қазақтың өз 
тілімен баяндауды көздеген де, осы кітаптың өз ішінде айтқандай, «ғараб тілін әркімгс 
білмек һәм қиын, һәм көп қара халыққа мүмкін де емес» болғандықтан, араб-парсының 
бейтаныс сөздерін көп қолданбау тенденциясын ұстаған. Ал Абайдың 13, 38-сөздері 
«ғараб, фарсы» тілдерін кәміл білетіндерге бағышталған да онда «ғараб лұғаты» мол 
орын алған.


104
сол текст жазылған тілдің лексикалық жүйесіне енген болып 
саналмайды
91
, өйткені бұларды пайдаландырған – тілдік се-
бептер емес, ситуация, тематика тәрізді өзге факторлар. Бұл 
элементтер дәл осы түрлерінде өзге текстерде, өзге ситуацияда 
және өзге тақырыпты әдебиетте қолданылмайды. Бұл – Абай 
қаламының өзіне ғана тән тұстастарының ешбірінде мұндай 
айқын, жүйелі сипатта қолданылмаған тәсіл. Біздіңше, бұл – 
әрине, құптарлықтай амал емес, өйткені қай жанрда болса да, 
ортақ әдеби тіл нормаларын пайдалану – ұлттық дамыған жаз-
ба әдеби тілдің шарты. Ал Абай тұсындағы қазақ жазба әдеби 
тілі бүгінгідей кемеліне келіп қалған нақ өзі емес, басы, баста-
масы болғаны аян. Сондықтан да бұл – жазба әдеби тіліміздің
даму жолындағы сапалық айырмашылықтардың бірі деп 
есептейміз.
Ал Абай тілінде шығыстық кірме сөздердің екінші үлкен 
тобы – қазақ тіліне нағыз енген (заимствованные) сөздер. 
Олар – өлеңдерінде де, прозасында да, азаматтық тақырыпты 
әңгімелеу үстінде де, діни мазмұнды шығармаларында да 
қолданылғандар. Сөйтіп, бұларды Абай қазақтың жалпы әдеби 
тілінің лексикалық байлығы, нормасы ретінде ұсынған. «Чем 
шире возможности его употребления в речи, в различных ее 
жанрах, тем больше оснований считать его словом общелите-
ратурного языка»
92
.
Қазақ әдеби тіліне енген араб-парсы сөздері: а) жаңа зат-
ты (немесе құбылысты), көбінесе абстракт ұғымды атайды; 
б) тілдегі сөздің өзгеше семантикалық оттеногы бар дублетін 
құрайды.
Бұлардың басым көпшілігін Абай жалпыхалықтық тіл қол- 
данысынан алған, өзі ұсынған шығыс сөздері аса көп емес. Бұ- 
дан екі тұжырым шығарып айтуға болады: 1) Абай қазақ әдеби 
тілінің лексикалық нормасында бұрыннан енген, қалыптасқан 
араб-парсы сөздерінің мол қорының болуын құптаған;
2) шығыс тілдерін қазақ лексикасын байытатын бірден-бір, 
жалғыз және ең басты көзі деп есептемеген. Абайдың бұл тен-
91
Ғ.Мұсабаев бұларды варваризмдер қатарына қосады. КеңесбаевІ., Мұсабаев Ғ. 
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1962. - 158-б.
92
Крысин Л.П. К определению терминов «заимствование» и «заимствованное 
слово» // Сб. Развитие лексики современного русского языка. - М., 1965. - С.115.


105
денциясына тікелей әсер еткен – сол кездегі қазақша кітаби 
тіл нормасынан қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің іргесін 
аулақтату әрекеті, яғни «шағатай сөз құрылысы, араб-парсы, 
татар тілі, қысқасы, әр алуан тіл, сөз, сөйлемдермен қазақтың 
әдеби тілі шұбарланып, бұл салтқа айнала бастаған кезде
Абайдың әдебиет майданына шығып, қазақ тілін бұзушыларға 
қарсы ашқан күресі»
93
.
Сан жағынан араб-парсы элементтері Абайда да аз емес 
(проф. Қ.Жұмалиев 374 сөз дейді, сірә, бұл есепке едәуір 
сөздер кірмей қалған болар, Абайда шығыс сөздері бұдан 
көбірек). Бірақ кітаби тілде жазылған үлгілер мен Абайдың 
бұларды қолдану принциптерінде үлкен айырмашылық бар. 
Абай араб-парсы элементтерін Нұржан Наушабаевша «пар-
сы, ғараб ұлғатын ғалімдік дариясынан қанып ішкендіктен»
94
келтірмейді, яғни «шығармаларын айшықтап, оригинал 
(кітаби) сипат беру үшін қолданбайды»
95
. Абайдың принципі:
1) бұрыннан еніп, халықтың тіл тәжірибесінде қалыптасқан 
шығыс тілдері сөздерін жатсынбау, керісінше, байлық са-
нап, активтендіру, поэтикалық тіл айналымына қатыстыру, 
мағыналарын не тарылтып айқындау, не кеңітіп, полисемияға 
ие ету;
2) араб-парсы сөздері арқылы синонимдік қатар түзеу, 
семантикалық үстеме оттеноктар беру;
3) стильдік мақсат-мотивтерді өтеу.
Араб пен парсы сөздерінің пропорциясына келгенде, Абай-
да араб элементтері әлдеқайда басым. Оның себебін проф. 
Н.Сауранбаев араб сөздерінің иран, шағатай әдебиеттерінде
көп қолданылғандығынан деп дәлелдейді
96
. Біз мұның 
үстіне тағы бірер себебін көрсетеміз. Абайдағы шет тілдік 
(шығыс тілдерін айтамыз) элементтерді прозасында, оның 
ішінде, әсіресе 13, 38-сөз деп аталатындарында молынан 
қолданылғанын жоғарыда айттық. Ал бұларда ислам діні 
сөз болады. Ислам дінінің ресмиде, іс жүзіндегі де тілі – 
араб тілі. Абай терминдер мен жеке сөздерді, фразалар мен 
93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет