100
(I, 90) т.б. ұйқастар осындай араб-парсы
сөздерінің қазақша
тұлғаланған варианттарын танытады.
Сөйтіп, Абай қалың көпшілікке арнап, әр алуан азаматтық
тақырыпқа жазған өлеңдерінде шығыстан кірген сөздердің
қазақ
фонетикасына сәйкестелген, «қазақы» варианттарын
қолданған. Оларды да, көбінесе, бір вариантта алған. Ал екі ва-
риантта келгендері, негізінен, екі түрлі қызмет атқарады. Мы-
салы,
харекет – әрекет варианттарының екеуін екі лексикалық
единица ретінде алғанын бұрын да бірқатар мамандар байқаған
болатын, біз де көрсеттік.
Ғадігет пен
әділет те осы типтес:
екеуінің мағынасы өте жақын болғанмен, біреуін атрибуттық,
біреуін заттық ұғымды білдіретін екі сөз (демек, біреуі жаңа
сөз деп танылуы керек) етіп қолданады:
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын (1, 250).
Хакім – әкім, қайла – айла, ғашық –
асық дублеттері де топқа кіреді. Мысалы,
ғашық сөзі, көбінесе,
сүйіскен жастар арасындағы сезімді атауға қолданылса, оның
қазақшаланған
асық вариантын «көңлі жарқын, жақсы көрген
адам»
ұғымында пайдаланады, салыстыр: Сенетін досым да
жоқ,
асығым да: Біздің доспыз,
асықпыз дегеніміз (I, 56). Сенен
артық жан жоқ деп
ғашық болдым (I, 98). Бірақ
асық– ғашық
тұлғаларын әрдайым осылайша
дифференциациялап отыр-
май, бірінің орнына екіншісін қолдана беретін де кездері бар.
Мысалы, буын саны асып кететін жағдайда, алдындағы сөздің
аяғындағы дауысты дыбыспен қосып жіберу үшін
асық сөзін
алады: Сорл(ы)
асық сарғайса да, сағынса да (I, 110). Ал Абай
өлеңдерінде
замана – заман, қаса – қас, Құдай – Құда –
Хұда –
Құдая варианттарын жарыстыра әдейі қолданады. Бұл сөздер
ұйқас және өлең өлшемі қажеттерін өтеу үшін бірде бір буыны
артық, бірде кем келе береді.
Асықсаң да, шырағым,
Саған деген
Құданың
Жазылған қандай жарлығы
Есіткен жоқ
құлағың (I, 125).
Ұқсайды
қаса сұлу шомылғанға (1, 23).
Қас надан нені ұға
алсын (I, 119),
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан биле-
мек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек (I, 243) де-
ген төрт тармақта буын саны үшін үш рет
заман тұлғасы келсе,
101
бір рет
замана варианты алынған. Біз мысалды бір-бірден ғана
келтірдік, ал Абайда бұлар көп және белгілі бір жүйе болып
келеді. Бұл тәсіл – Абайға дейінгі қазақ поэзиясына да тән бо-
латын, бірақ оны жандандырып, актив пайдаланған қаламгер –
Абай. Жалғыз кірме сөздердің фонетикалық варианттары емес,
өзге де тұлғалық варианттарды (мысалы, -
тұғын – -тын, менен
–
мен, дағы –
да) параллель пайдалану – қазақ поэзиясының
күні бүгінге дейін келе жатқан тәсіл-нормаларының бірі.
Міне, Абайдың өлең шығармаларының тіліндегі араб-парсы
кірме сөздерінің фонетикалық тұлғалануы осындай. Прозалық
шығармаларына
келетін болсақ, мұнда шығыс сөздерінің
орфограммасы айқын ажыратылған екі топқа бөлінеді.
Қара-
пайым көпшілік оқушыларға арналған азаматтық тақырыпты
«Қара сөздерінде» халық тіліне енген арабизм-фарсизмдерді,
сірә, автор өлеңдердегідей қазақша берген де, олардың 38,
13-сөздерінде пайдаланылғандарын түп
төркінінше жазған
болу керек. Мүмкін, бұл емледе молда Мүрсейіттің қаламы-
ның ізі де бар болар. Өйткені ол «Қара сөздердің» тексін
алғашқы автографтан ешбір
әрпін бұзбастан дәлме-дәл
көшірмегені, яғни мазмұнына нұқсан келтірмесе де, кей жерде
жеке сөздерді, кейде тұтас тіркестерді тастап кетіп жазғанын
біз 1905, 1910 жылғы екі дәптерін салыстырып таптық. Тіпті
кей кезде ол бір дәптерінде
йәне, өзләрі, дост деп шағатайша-
парсыша жазып жіберсе, екінші дәптерінде
және, өздері, дос
деп, қазақша жазады. Сондықтан болу керек, 38-сөзде
сифат,
Достарыңызбен бөлісу: