Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет57/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   180
Здравомыслящий болу, занимайся прямотой, счеты дұрыс 
келу, виноват деген русизмдердің қолданылу мотиві үшінші 
түрлі. Мұнда қазақша баламасының жоқтығынан туған мұқ- 
таждықта емес, жоғарыдағыдай, дәл атау да емес, біздіңше
орыс тілін білетін орысша оқып жүрген қазақ жастарының 
өздеріне түсінікті тілде сөйлеу мақсаты көзделген.
Шығармасын иман деген не екені туралы жөнді білмейтін 
молда-ишандарға бағыштаса немесе «адам ұғлының мінездері» 
туралы шығыс философиясын, теологиясын білетін, түсінетін 
«жүрегінің қуаты, перзентлеріне» арнаса, соларға танық стиль-
де, араб-парсы сөздерін, сөйлемдерін келтіріп, кітапшалап 
жазғаны тәрізді, «интернатта орысша оқып жүрген талай қазақ 
баласына» да орысшалап қою, орыстың жеке зат атаулары 
түгіл, виноват, занимайся прямотой, здравомыслящий деп 
етістік, сын есімдерін қазақ сөйлеміне қиюластырып келтіру 
– Абайдың жазушылық мәнеріне тән тәсілдердің бірі деп та-
бамыз.
Пошел [дереу күнәкар] мен [көгалды қуып] гуляйттап
деген русизмдердің сатиралық бояу үшін қолданылғанын 
бізден бұрынғы зертттеушілер дұрыс көрсетіп өткен бола-
тын
106
. Тегі, бұл екі сөз және білетке деген өте тұрпайы ру-
сизм (Б... байы – ақша Ер жақсысын таңдамас – I, 145) – Абай 
тұсындағы қазақтың сөйлеу тілінде қолданылған элементтер 
болар. Өйткені аралас-құралас отырған екі халықтың бір-
бірінен күнделікті тұрмыста ауызекі түрде сөз ауысуда, ең ал-
дымен, қарапайым атаулар мен тұрпайы сөздер енетін фактісі 
байқалады. Әрине, мұндай тұрпайы сөздерді қолдануын мақтай 
алмасақ та, олардың Абай текстерінде келуі салақтықтан, 
жауапсыздықтан немесе сөз таба алмаған дәрменсіздіктен 
106
Сүлейменова Б. Аталған мақала. - 61-б. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті 
тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1960. - 179-б.


120
емес, белгілі бір мотивпен пайдаланғандығы байқалады. Проф. 
Құдайберген Жұбанов ең бірінші болып, бұдан 30 жыл бұрын 
дәл көрсеткендей, «суретті ойдағыдай күшейтіп жіберетін бол-
са, Абай [сөздің] ондай-мұндай ерсілігіне, әдепке шеттігіне де 
қарамайды»
107
. Сөйтіп, пошел, гуляйттау, білетке сөздері – 
образ үшін қолданылған стильдік русизмдер.
Абай текстеріндегі орысша сын есімдср (көбі толық, біреуі 
қысқа –виноват) туралы Б.Сүлейменова аталған мақаласында 
тұңғыш рет тоқталып, арнайы сөз етеді. Зерттеуші көптеген 
фактілер келтіріп, орысша тұлғаланған сын есімдердің 
қолданылуын «Абай тұсындағы қазақ жазба әдеби тілінің нор-
масы» деп табады. Әрине, қазіргі нормамызбен өлшегенде
орыс сын есімдері (яғни морфологиялық тұлғасы орысша) 
көзге шыққан сүйелдей болып көрініп, Абайдың әдемі қазақша 
тілін «шұбарлап» кететін «дақтардай» сезіледі. Бірақ мұндай 
«дақтар» – жазба әдеби тілдің даму барысында болуға тиісті, 
орынды, заңды «бейнормалар». Көптеген тәсіл-принциптер 
енді құрыла бастаған ұлттық жазба әдеби тіл көптеген салалар-
дан іздену процесін басынан кешіреді. Бұл іздену өз ресурста-
рын реттеп пайдалануда да, өзге тілдермен қарым-қатынасында 
да жүріп жатады. Орыс тілі элементтері молынан және прин-
ципиалды түрде ене бастаған қазақ жазба әдеби тілі XIX ғасыр- 
дың II жартысында бірден қазіргі норма-дәстүрге ие бола 
алмағаны түсінікті. Орыс тіліндегі сын есімдерді берудің 
қазіргі нормасы талай баспалдақтан өтіп келгенін көреміз: 
орысша тұлғасы да қолданылды (өткен ғасырда және XX 
ғасырдың 20-жылдарына дейін), нөлдік морфема (яғни түбірдің 
өзі) тәсілі де ұсынылды (30-жылдарда: абсолют шама, популяр 
кітап, буржуаз идеология), қазақ тілі жұрнақтарын жалғаудың 
неше түрлі варианттарын (социалды Қазақстан, буржуази-
яшыл идеология)
108
басынан өткізді. Бұл баспалдақтың көбі 
тіліміздің совет дәуіріндегі дамуына жатады. Сөйтіп, қашан да 
орыс тілі сын есімдерін қазақша дұрыс беру оңайға түспеген. 
107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет