Жұмалиев Қ. Аталған еңбек. - 174-б.
94
Сонда. - 170-б.
95
Сауранбаев Н.Т. Аталған мақала. - 182-б.
96
Сонда. - 182-б.
106
сөйлемдерді араб тілінен келтіреді
97
. Әсіресе «бейтаныс
араб сөздері шоғырланып келтірілген өлеңдері де – тағы да
исламның Алласы туралы жазғандары. Демек, осы жайт араб
элементтерінің арасалмағын арттырып жіберген. Екінші,
біздің бір жорамалымыз және бар. Мұхтар Әуезов айтқандай,
кейбір зерттеушілерде Абай мұсылманша окығандықтан,
араб-парсы тілін түгел білген боп суреттеледі. Ал Мұхаңның
өзі: «Анығында, 5-6 жыл мұсылманша оқығанмен, ол кездегі
шабан оқытудың шалағай методикасын еске алғанда, Абай
арабтың классик поэзиясын түгел ұғарлық дәрежеге жетті деу
асыра сөйлеу болады», – дейді
98
. Абайды тамаша танушының
бұл пікіріне ден қоя отырып, біз дегенмен Абай араб тілін
едәуір меңгерген болар деген ойға келе береміз. Өйткені
арабша айтарлықтай білмейтін адамға 13, 38-сөздеріндегі
тұтас фразаларды, сөйлемдерді, жеке сөздерді арабша келтіру
оңайға түспес еді, өйткені оларды автор цитата ретінде
алмай, қазақша тексте жымдастыра, ой желісін бұзбай
қиюластыра қолданады. Тсгі, Абай табиғатынан полиглоттық
қасиеті болған жан деп ойлаймыз. Бұл ойға келтірстін жайт –
Абайдың орысшадан аударғандарының тілі, тіпті лексикасы.
Орыс тіліндегі шығарманың әрбір сөзінің жалпы лексикалық,
номинативтік, нейтралдық мағынасын ғана емес, поэтикалық,
образдық нәзік мағынасын, сырын ғажап аңғарып, оны
аудармасында тап басып, дәл беру қанша айтқанмен сол шет
тілді шала-пұла білген ақыннан шыға қоймас. Екі ай оқып
орысшаны кейін өз бетімен сонша меңгерген адам 5-6 жыл
оқыған араб тілін кейін тағы да өзінің табиғи қабілетімен
игеріп кете алмас па!
Абайдағы арабизм-фарсизмдердің жартысынан көбі про-
залық шығармаларында қолданылғандығын жоғарыда айттық,
оның ішінде әсіресе қазақ лексикасына енбеген бейтаныс
97
Абай шығармаларының соңғы баспаларында (мысалы, 1957 жылғыда) текст
ішіндегі түсініксіз болар-ау деген сөздерге бет соңыңдағы сілтемеде түсініктер
берілген. Бірақ ол сөздің қай тілден екені керсетілмейді. Біздіңше, Абайдың келесі
баспаларында бейтаныс сөздің гснетикалық тегін көрсетсе және тіпті төркін тіліндегі
орфографиясын қоса берсе дейміз. Әсіресе бұл ұсыныс-тілек Абай тәрізді классиктің
академиялық, ең болмаса ғылыми баспасы үшін өте қисынды ғой дейміз.
98
Әуезов М. Абай Құнанбайұлы // Әр жылдар ойлары. - Алматы, 1959. - 74-б.
107
элементтер дүниетану, дін, искусство, этика туралы жазған
«Сөздерінде» өте-мөте мол. Кейбір зерттеушілер Абайдың осы
тақырыптарга жазған шығармаларына шығыс әлеміне белгілі
«Өсиетнама» («Қабуснама») кітабы, шығыс ғұламаларының
еңбектері, әсіресе олардың ішінде иран ғалымы Ғуламаһи
Дауани (XV ғасыр) еңбектері тікелей әсер еткен, олармен
мазмұндас келіп, тікелей байланысып жатады дейді
99
. Дауа-
ни парсы тілінде жазған. Зерттеуші М.Мырзахметов Абай бұл
ғалымның еңбектерімен 1880, 1881 жылғы Калькуттада, 1881
жылы Мадраста, 1891 жылы Лондонда басылған кітаптарының
бірін оқып танысқан болу керек дейді
100
. Демек, Абай пар-
сы тіліндегі жазғандарды да оқи алғандығы ғой! Әлде ол
Дауаниді Навои тәрізді түркі (шағатай) тілінде жазған автор-
лар арқылы білді ме екен? Екі болжамның екеуінде де Абай
дін, философия, этика туралы жазғандарында оның Дауанимен
мазмұндастығын құптасақ, араб элементтерін мол қолдануға
мәжбүр болады. Өйткені шағатай тілі мен парсы әдеби тілінде
діни және ғылыми лексика негізінен араб тілінен алынғандығы
белгілі.
Сөйтіп, Абайдың барлық поэзиялық мұрасында шығыстың
орны орыс классик поэзиясының орнынан әлдеқайда аз болса
да, тұтас тілінде, оның лексикасында, керісінше, араб-парсы
тілдерінің пропорциясы орыс тілінен әлдеқайда жоғары. Оған
басты себеп – Абай тілінің негізгі қайнар көзі жалпыхалықтық
сөйлеу тілі мен өзіне дейінгі қазақ көркем әдеби тілінің
лексикалық құрамы (нормасы) болса, екінші фактор – кейбір
шығармаларының тақырыптық сипаты.
Міне, Абай тіліндегі араб және парсы элементтерінің (сөзі,
тіркесі, сөйлемі) сыр-сипаты, түр-тұлғасы біздіңше, осындай.
99
Сағди Ғ. Науаи һәм Абай // Қазақ ССР Ғалым академиясының Орталық
кітапханасы. Қолжазбалар фондысы; Мырзахметов М. Абайдың ақындық
кітапханасынан // Тіл және әдебиет мәселелері. Аспиранттар мен ізденушілер
мақалаларының жинағы. - Алматы, 1965.
100
Мырзахметов М. Аталған мақала. - 148-б.
108
Достарыңызбен бөлісу: |