Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет58/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   180
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966. - 301-б. 
108
Қараңыз: Принципы терминологии казахского литературного языка, при- 
меняемые Государственной терминологической комиссией // Жұбанов Қ. Аталған 
кітап. - 284-б.


121
Және бұл факт – жалғыз қазақ тілі емес, өзге тілдердің де даму 
тарихында болып өткен оқиға.
Қазақ тілінде орыс тіліндегі сын есімдік тұлғасын сақтап 
пайдаланған сөздер екі топқа бөлінеді: бірі – орысша тұтас 
штамптар құрамында, екіншісі – қазақ сөзіне анықтауыш болып 
жеке қолданылғандары. Абайда да осындай. Военный губерна-
тор, уездной начальник, Енисейская губерния, Минусинский 
уезд дегендердсгі сын есімдер штамптардың компоненттері 
ретінде келген. Бұларды, әрине, араб әрпімен жазғанда, әрі 
родтық, числолық белгілерін сақтауды көздемегендіктен, ор-
фограммасы дәл орысшасындай болып шықпағаны белгілі: 
Енисейски губірне, оязной начальник т.б. Абайда тек осылар 
ғана болса, мұны біз сын есімдерді беру тәсілінің бірі деп 
таппаған болар едік (мұндай штамптар қазіргі тілімізде де 
бар: «Красный Октябрь» колхозы дегендер немесе СССР, 
ТАСС, КПСС дегендер – орыс тілінің штамптары). Бірақ Абай, 
өз тұсындағы газеттер және өзге де авторлар тәрізді, орыс-
ша сын есімдерді қазақ сөздерімен тіркестіріп те қолданады: 
самородный сары алтын, уголовный іс, военный қызмет. 
Әрине, бұлар – сан жағынан көп емес, бірақ әйтеуір бар тәсіл. 
Абай бұл тәсілге өте сақтықпен қарайды да негізгі, бірден-
бір әдіс ретінде ұсынбайды. Әсіресе, орысшадан аударған 
шығармаларының тілінде бұл оңай тәсілге мүлде бармайды. 
Мысалы, Лермонтовтың «Не верь себе, мечтатель молодой» 
деген өлеңіндегі:
Поверь: для них смешон твой плач и твой укор,
С своим напевом заученным,
Как разрумяненный трагический актер,
Махающий мечом картонным (Лермонтов, Т. 37), –
деген шумақты:
Күлкі бол май, қой, жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті?
Олар көрген арманын 
Кімге шақты, кімге айтты? (II, 95), – 
деп жалпы ойды аударады. Көп сәтте оригиналды нақпа-нақ 
беріп отыратын Абай бұл жерде трагический актер, картон-
ный меч дегендерді мүлде тастап кетеді. Әрине, оның жалғыз 


122
себебі трагический, картонный деген сын есімдерді бергісі 
келмегендігінен емес, дегенмен бұл жолдарды дәлме-дәл ау-
дарып, трагический ойыншы, картонный қылыш деп берсе, 
біз бәрібір жазғыра алмаған болар едік. Өйткені самородный 
алтын, военный қызмет, здравомыслящий адам дегендерден 
бұлардың не артық-кемдігі бар? Бірақ Абай бұған бармаған. 
Жалпы, Абайдағы русизмдер аудармаларында мүлде аз 
да, керісінше, төл шығармаларында мол кездеседі. Сырт 
қарағанда, бұл факт парадокс болып көрінсе де, ол – автордың 
кірме сөздерді пайдалану мақсаттары мен принциптерінен 
туған заңды құбылыс.
Абай шығармаларында кездесетін орыс тілі элементтерінің 
соңғы тобы – штамп қыстырмалар. Арабша тұтас тіркестер 
мен сөйлемдерді қолданғаны сияқты. Абай прозасының 
тілінде орысша атауларды тіркес күйінде келтіреді. Олар: 
43-сөзіндегі подвижный элемент, сила притягательная 
однородного және впечатлительность сердца (ІІ, 217) де-
гендер. Мұндай абстрактік ұғым аттарын орысша штамп 
түрінде алып, әрі қарай сөздердің емес, ұғымның мәнісін 
қазақшалап түсіндіреді. Бұл да – қазақ әдеби тілінде бұрын-
соңды болмаған жаңа тәсіл. Философиялық ұғымдардың ата-
луын осы жерде (43-сөзде) орысша беруі – осы шығармасын 
жазу үстінде пайдаланған (оқыған) әдебиетінің орыс тілінде 
екендігін танытады. Және бұл жерде автор осы атауларды 
(терминдерді) қазақшалауға ұмтылмайды, өйткені көздеген 
мақсаты – ол ұғымдардың атын емес, затын білдіру. Әрине, 
бұларды өзінше дәл, дұрыс қазақшалап берген болса, нұр 
үстіне нұр болған болар еді, бірақ оған, біздіңше, екі нәрсе 
кедергі жасаған. Бірі – қазақшалаудың қиындығы, яғни 
философиялық, ғылыми терминдердің ол кезде жоқтығы және 
оларды жасау тәжірибесінің әлі де әлсіз, дамымаған күйде 
екендігі, екінші – авторда осы ұғымдарды бұзбай, бұрмаламай, 
шатастырмай дәл атау ниетінің болуы. Қазірде мұндай ниетпен 
өзге тілдік материалдарды пайдалансақ не қазақша атауын, не 
сол өзге тілдік дублетін – екеуінің біреуін жақша ішіне алып 
көрсетіп қояр едік. Абайда, әрине, бұл тәсіл жоқ. Бірер жерде 
ғана жақша ішіне алмаса да (мүмкін, алып та жазуға болатын 


123
шығар, өйткені Абай текстеріндегі барлық тыныс белгілерін 
қойған өзіміз ғой), орыс сөзінің қазақша дублетін атап береді. 
Мысалы: Оған дознание – тергеу шығарады (II, 160). Мүмкін 
бұлар-ұят, ғиззат-құрмет тәрізді бірін-бірі түсіндіретін қос 
сөз ретінде де келтірілгені болар, онда араларына сызықша 
емес, дефис қойып жазу керек болар еді. Бірақ бұл амалды 
Абай сирек қолданған.
Шет сөздерді енгізуде бұрыннан тілдің қолданып келген 
тәсілдерінің бірі мағыналас сөздерді қосарлауды (бейтаныс 
сөз+таныс сөз) Абай орыс сөздеріне келгенде пайдаланбайды. 
Бұл – жалғыз Абай емес, жалпыхалықтық тілге де тән. Мұның 
себептері мен заңдылықтарын ашу – қазақ лексикологтарының 
алдағы міндеттерінің бірі. Біз әзірге фактінің өзін ғана конста-
тациялаймыз. Дегенмен Абай стилінің бір ерекшелігі жаңадан 
өзі кіргізіп отырған орыс сөздерін реті келген жерде контекске 
қарай түсіндіріп отыруды көздейді. Мысалы, ол кездегі қазақ 
қауымы шіркеуді білсе де, монастырьдың не екенін білмейтін, 
сондықтан және оригиналдағы сөйлем бойынша: «Ол мона-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет