28
ны) осы күнгі магнитофон лентасына ұқсатсақ та болар ма еді
(кім біледі, келешекте әдеби мұралар кітап (жазу) арқылы емес,
ленталар арқылы да таралып, өмір сүруі мүмкін). Демек, жазу
– әдебиетті сақтап, таратудың сыртқы формасы. Ал ішкі мәні
– әдебилігі, көпке ортақтығы, нормалылығы – қалай тараса да
(кітап арқылы, ауызша немесе лента арқылы), табылатын бол-
са, ол тіл – әдеби тіл. Және Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің
жазба деген лауазымға «құрық сала алатын», біздіңше, тағы
бір себебі бар, ол – қолжазба түрінде (бізге олар жетпесе де)
таралу белгісі. Бұл фактінің қазақ қоғамында, әсіресе, соңғы
ғасырларда бар болғандығына ден қоюымыз қажет.
Қазақ ақындары шығармаларының өткенде (тіпті үстіміздегі
ғасырдың 20-жылдарына шейін) қолжазба түрде таралуы жай-
ында түбегейлі әңгіме болмай келеді. Оған басты себептердің
бірі – сол қолжазбалардың өздерінің көп сақталмауы. Бір
жағынан, қағаз жинауға машықтанбай, салақтық жасап жойып
жібергендіктерінен, екінші жағынан, қолжазбаларды сақтап,
жинап отыратын мәдениет орталықтарының (кітапхана, ар-
хив т.б.) болмағандығынан, қазір біздің қолымызда өткен
ғасырларда жазылған қолжазба дәптерлер көп емес. Деген-
мен олардың бар екенін Мәшһүр Жүсіп дәптерлері (бірақ
елге тарату мақсатымен емес, жинау мақсатымен жазылған),
Мүрсейіт, Жандыбаев, Оразке дәптерлері (бұлар бертінде,
үстіміздегі ғасырда жазылған), сондай-ақ Қазақ ССР Ғылым
академиясы Орталық кітапханасында жиналған бірқатар
дәптерлер дәлелдейді. Ал әдеби тіліміздің тарихын зерттеу
үшін мұндай дәптерлердің құны орасан зор болмақ. Сондықтан
қазақ ақындары мұраларының өткен ғасырда жазылған
қолжазбаларын (мейлі автограф болсын, мейлі өзгелер жазған
болсын) жинап, зерттеу объектісіне айналдыру мәселесі кезек-
те тұр деп санаймыз.
Сөйтіп, өткенде, әсіресе, XIX ғасырдың соңғы ширегінде
жеке ақындар үлгілерін қолжазба арқылы тарату дәстүрі
болғаны хақ. Ақан серінің «Азғантай мен жазайын ақыл
Достарыңызбен бөлісу: