32
тіл» деген атауды бірнеше ұғымда қолдандық. А.Н.Самойлович
ұсынған термин бойынша «ислам дәуіріндегі ортаазиялық
ортақ әдеби түркі тілі»
32
, Еуропа ғалымдарынша, «шағатай
тілі» деген таза әдеби тілді әңгімелегенде де кейде «кітаби тіл»
терминін пайдаланамыз. Сонымен қатар осы тілдің бір стилі
ретінде ертеден Орта Азия түркі халықтарында қалыптасқан
эпистолярлық-ресми әдебиеттің тілін де «кітаби тіл» деп
атаймыз. Және таза шағатай тілінде емес, сол тіл мен татар,
қазақ тілдерінің элементтерін араластырып жазған, «қазақ
тілінде» деп ұсынылған әр алуан жанрдағы нұсқалардың, яғни
діни қисса-дастандар, ислам канондарының аудармасы т.б.
үлгілердің тілін де «кітаби тіл» деп жүрміз. Сөйтіп, үш бөлек
категорияны бір атаумен білдіріп жүрген жайымыз бар. Тағы
бір күңгірт жайт – осы үшеуінің қайсысы «қазақтың бұрынғы
(Абайға дейінгі) жазба әдеби тілін танытады?» деген мәселе.
Қазіргі отандық түркологияда орта ғасырлардан келе жатқан
ортаазиялық түркі әдеби тілін (шағатай тілін) көне өзбек әдеби
тілі деп тану теңденциясы басым. Ал Ғ.Мұсабаев мұны көне
қазақ жазба әдеби тілі деп те таныды: «Поднепосредственным
влиянием древнетюркского языка сложился так называемый
чагатайский (древнеузбекский) письменный язык на основе
арабской графики. Указанный чагатайский язык у тюркских
народностей Средней Азии позже был литературным языком.
Этот язык несколько отличается от казахского языка, но он
был в общем понятен для носителей многих тюркских языков,
в том числе и казахов. По этой причине этот книжный язык до
XX в. существовал в обращении и в Казахстане»
33
. Ал қалған
ғалымдардың көпшілігі қазақ даласында өмір сүрген бұрынғы
жазба әдеби тілге қазақша жырланған діни қисса-дастандар мен
кейбір діни тақырыпты аударма дүниелер тілін жатқызады
34
.
Қазақтың хан-сұлтандары мен кіші әкімшілік иелерінің
XVIII-XIX ғасырларда орыс администрациясына және бір-
32
Достарыңызбен бөлісу: